алдыңғы қатарлы елдерiнiң постиндустриалдық даму сатысына өтуiмен қатар
халықаралық қатынастар жүйесiнде сапалы өзгерiстер басталды: әлемнiң екi
полюстi жүйесiнен көпполюстi жүйеге өту үрдiсi iске асты. ХХ
ғ. халықаралық қатынастардың дамуының толқынды сипатымен де
анықталады. Бұл кезеңде, бір жағынан, әлем екі рет дүниежүзілік соғыстар
өртіне шарпылды, әлем бір-біріне қарама қарсы әскери-саяси одақтардың
күрес аренасына айналды, адамдарды жаппай қыру қарулары пайда болды,
екінші жағынан, бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтау мақсатына қызмет ететін
халықаралық ұйымдар (Ұлттар Лигасы, Біріккен Ұлттар Ұйымы, Еуропадағы
қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы, т.б.) құрылып, адамзат әлемінің
біртұтастығы күшейе түсті.
Достарыңызбен бөлісу: