5В020300 «Тарих» мамандығы бойынша



Pdf көрінісі
бет214/552
Дата06.01.2022
өлшемі2,18 Mb.
#16284
1   ...   210   211   212   213   214   215   216   217   ...   552
Байланысты:
бакалавриат История

 
Америка Құрама Штаттары 
Елдің  соғыстан  кейінгі  алғашқы  жылдардағы  экономикалық  және  саяси 
дамуы.  Г. Труменнің  «әділетті  бағыты».      Тафт-Хартли  заңы.  Демократиялық 
және  республикандық  әкімшіліктердің  40-50-жылдардағы  ішкі  саясатына 
«қырғи-қабақ соғыстың»  әсері.  Консервативтік консенсус. Маккартизм. Афро-
американдарды кемсіту мәселесі.   
Американ  қоғамы  ҒТР  жағдайында.  Дж. Кеннедидің  «жаңа  шептер» 
саясаты. Әлеуметтік-экономикалық салада мемлекеттің рөлінің күшеюі.  Кариб 
дағдарысы.  Дж. Кеннедидің  өлтірілуі.  Қоғамдық  қозғалыстар.    «Жаңа 
солшылдар».  Хиппи.  Л. Джонсон  әкімшілігінің  әлеуметтік  саясаты.  Азаматтық 
құқықтар  туралы  заң.  Вьетнамда  соғыс  бастау.  Әсіреоңшыл  ұйымдардың 
жандануы. М.Л. Кингтің өлтірілуі.   
АҚШ  60-жылдардың  аяғы  –  70-жылдарда.    Р. Никсон  және  Дж. Форд 
республикандық  әкімшіліктерінің  ішкі  және  сыртқы  саясаты.    Халықаралық 
шиеліністі бәсеңдету саясаты. Партиялық-саяси күрестің шиеленісуі.. Уотергейт 
оқиғасы.  Демократтардың  сайлаудағы  жеңісі.  Дж. Картер.  Халықаралық 
шиеліністі бәсеңдету саясатынан бас тарту.    


 
 
АҚШ-тың  80-жылдардағы  дамуы.  Р. Рейган  және  «рейганомика». 
Неоконсерватизм.  Мемлекеттік  реттеу  жүйесінің  жаңа  нұсқасы.  Экономикалық 
өрлеу.   Дж. Буштың «байсалды бағыты».  
АҚШ-тың  ХХ  ғ.  аяғы  –  ХХІ  ғ.  басындағы  дамуы.  Екіпартиялы  саяси 
жүйенің    дамуындағы  жаңа  нышандар.  Б. Клинтон  әкімшілігінің  ішкі  саясаты. 
Кіші-Джордж Буштың  республикандық  әкімшілігі.  2008  ж.  сайлау  және 
демократтардың билікке келуі. Б. Обама. 
 
Ұлыбритания 
Екінші  дүиежүзілік  соғыстың  зардаптары.  1945  ж.  парламенттік  сайлау 
және  лейбористердің  жеңісі.  К. Эттли  үкіметінің  әлеуметтік-экономикалық 
саясаты.  Өнеркәсіпті  национализациялау.    Әлеуметтік  реформалар.  1951  ж. 
сайлау және консерваторлардың жеңісі. Консервативтік үкіметтердің ішкі және 
сыртқы  саясаты.  Өнеркәсіпті  жекешелендіру  және  әлеуметтік  шығындарды 
азайту. Англияның  Европалық Экономикалық Одаққа қосылу мәселесі.  
Ұлыбританияның  ҒТР  жағдайындағы  дамуы.  Г. Вильсон  үкіметінің  ішкі 
және  сыртқы  саясаты.  Әлеуметтік  және  экономикалық  реформалар.  Қара 
металлургия  кәсіпорындарын  национализациялау.  Солтүстік  Ирландиядағы 
жағдайдың  шиеленісуі.    Лейбористердің  60-жылдардың  екінші  жартысындағы 
сыртқы саясаты.  
Ұлыбританияның 70-жылдардағы экономикалық және саяси дамуы.  Э.Хит 
үкіметінің  әлеуметтік-экономикалық  саясаты.  ЕЭО  құрамына  кіру. 
Экономикалық  дағдарыс.  Лейбористердің  «әлеуметтік  әріптестік»  саясаты. 
Британдық ұлттар ынтымақтастығының дамуы мәселесі.  
Ұлыбритания 80-90-жылдарда. 1979 ж. сайлауда консерваторлардың жеңуі. 
М. Тэтчер  үкіметінің  әлеуметтік-экономикалық  саясаты.  Жекешелендіру. 
Мемлекеттік  шығындарды  қысқарту.  Орта  және  ұсақ  кәсіпкерлікті  қолдау. 
Тэтчеризм    неоконсерватизмнің  британдық  нұсқасы.  Сыртқы  саясат. 
Аргентинамен  соғыс.  Кеншілер  ереуілдері.  Ольстер  мәселесі.  М.Тэтчердің 
қызметтен кету себептері. Дж. Мейджор үкіметінің саясаты.   
Елдің  ХХ  ғ. аяғы –  ХХІ  ғ.  басындағы дамуы.  Т.Блэр  үкіметінің  ішкі  және 
сыртқы  саясаты.  Жаңа  лейборизм.  Конституциялық  реформа.  Жаңа  әлеуметтік 
қозғалыстар.  Ұлыбританияның  батысеуропалық  интеграциядағы  рөлі. 
Дж. Г. Браун  үкіметі.  2010  ж.  парламенттік  сайлау.  «Тербелмелі  парламент» 
ахуалының пайда болуы.  Д. Камеронның коалициялық үкіметі.    


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   210   211   212   213   214   215   216   217   ...   552




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет