5В020300 «Тарих» мамандығы бойынша


Ежелгі Шығыс тарихы. Ежелгі Египет тарихы



Pdf көрінісі
бет67/552
Дата06.01.2022
өлшемі2,18 Mb.
#16284
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   552
Байланысты:
бакалавриат История

Ежелгі Шығыс тарихы. Ежелгі Египет тарихы 
Табиғаты  мен  халқы.  Ежелгі  Египеттің  деректері  мен  тарихнамасы. 
Египеттің  табиғат  жағдайлары  мен  географиялық  орналасуы.  Ніл  аңғары  – 
егіншіліктің  ең  ежелгі  ошақтарының  бірі.  Ніл  аңғарана  адамдардың  қоныстану 
үдерісі.  Ежелгі  Египет  тарихын  дәуірлерге  бөлу.  ХVШ  ғасыр  –  ХIХ  ғасырдың 
басында  Египет  тарихының  зерттеле  бастуы.  Ежелгі  Египет  иероглифтерінің 
оқылуы.  Х1Х–ХХ  ғғ.  шетелдік  египтологияның  негізгі  жетістіктері.  Орыс 
египтология 
мектебінің 
қалыптасуы. 
Кеңестік 
және 
посткеңестік 
египтологияның дамуы.  
Орталықтандырылған  жалпыегипеттік  мемлекеттің  құрылуы  және  оның 
Ежелгі патшалық дәуіріндегі гүлденуі. Ерте патшалық кезеңі. Ежелгі патшалық 
кезеңі.  Б.з.д.  ІІІ  мыңжылдықта  орталықтандырылған  Египет  мемлекетінің 
құрылуы.  Мүліктік жіктелістің өсуі. Құлдық қатынастардың дамуы. Үстем тап 
және  оның  қоғамдағы  орны.  Әлеуметтік  қайшылықтар.  Перғауын  және  оның 
деспоттық  билігі.  Мемлекеттік  аппарат,  оның  негізгі  ведомстволары.  Патшаны 
және  патша  билігін  құдайға  айналдырған  діни  идеология.  Абыздар.  Ежелгі 
патшалық кезеңнің аяғындағы саяси бытыраңқылықтың күшеюі және Египеттің 
номдарға  ыдырап  кетуі.  Орта    патшалық  дәуіріндегі  Египет.  Бірінші  өтпелі 
кезең. Орта патшалық дәуіріндегі Египет экономикасы мен қуатының өсуі. Жаңа 
патшалық  дәуіріндегі  Ұлы  Египет  державасы.  Египеттіктердің  гиксостармен 
күресі және олардың елден қуылуы. 
XVIII 
әулет 
перғауындарының 
жаулаушылықтары  және  қуатты  Египет  империясының  құрылуы.  Мемлекеттік 
басқару  ұйымы.  Әскер  және  соғыс  ісі.  IV  Аменхотептің  (Эхнатон)  діни-саяси 
реформасы.  ІІ  Рамсес.  Египет–Хетт  соғыстары.  ХХ  әулет  тұсындағы  Египет. 
Шетелдіктердің  басқыншылықтары.  Абыздардың  күшеюі  және  Фива 
ақсүйектерінің  билігі.  Жаңа  патшалық  соңындағы  Египеттің  құлдырауы  және 
әлсіреуі.  Б.з.д.  І  мыңж.  Египет.  Елдегі  шетелдіктер  билігі  және  саистік  қайта 
өркендеу. Египетті ливиялықтардың басып алуы. Эфиоптар мен ассириялықтар 


 
 
қол  астындағы  Египет.  Саистың  көтерілуі  және  елдің  ХХVI  саистік  әулет 
тұсында қайта бірігуі.    
Б.з.д.  VІІ–VІ  ғғ.  Египеттің  экономикалық,  әлеуметтік,  саяси  және  мәдени 
дамуының  негізгі  процестері.  Ежелгі  Египет  мәдениеті.  Египет  діні. 
Мифологиясы. Маңызды діни рәсімдері. Эхнатонның монотеистік дінді енгізуге 
тырысуы.  Діни  рәсімдерді  ұйымдастыру.  Храмдар  және  абыздар.  Ежелгі 
египеттіктердің  жазуы.  Ежелгіегипет  әдебиеті.  Египет  бейнелеу  және  сәулет 
өнерінің  негізгі  жетістіктері.  Египеттің  бұлжымайтын  заңдары  (канон)  және 
жаңашылдықтары.  Амарн  өнері  және  оның  маңызы.  Египеттіктерде  ғылыми-
тәжірибелік білімдердің пайда болуы.    


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   552




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет