5В020300 «Тарих» мамандығы бойынша



Pdf көрінісі
бет65/552
Дата06.01.2022
өлшемі2,18 Mb.
#16284
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   552
Пәнді оқыту міндеттері және оның мамандар дайындаудағы рөлі: 
 
Пәнді оқыту міндеттері жоғары кәсіби дайындық деңгейі бар, тек фактілік 
тарихты  ғана  біліп  қоймай,  сонымен  бірге  өткеннің  құбылыстарын  түсінуде 
ғылыми әдіс-тәсілдерді игерген маманға қойылатын талаптармен анықталады. 
Пәннің  оқу  нысаны  Ежелгі  Шығыс  тарихы,  Ежелгі  Грекия  тарихы  және 
Ежелгі Рим тарихы болып табылады. 
Пәнді оқыту әдіс-тәсілдері: дәрістер, семинар сабақтары, деректерді оқу 
мен түсіндіру, баяндамалар.  
Аталмыш  пәннің  басқа  ғылымдар  арасындағы  орны  мен  рөлі.  Басқа 
тарихи пәндерден ерекше, «Ежелгі дүние тарихы» алғашқы өркениеттердің б.з.д. 
IV  мыңж.  аяғында  қалыптасу  себептерін,  олардың  даму  ерекшеліктерін, 
экономикалық  қатынастарын,  әлеуметтік  және  сословиелік  құрылымдардың, 
мемлекеттік  ұйымның,  идеологиялық  және  діни  өмірдің  жаңа  формаларын  476 
жылы Батыс Рим империясының құлауына дейінгі кезеңге дейін қарастырумен 
бірге,  қоғамның  даму  үдерісін  жалпы  алып  та  қарастырады,  қоғамдық  өмір 
құбылыстарының бүкіл жиынтығын, оның барлық салаларын (экономика, саясат, 
мәдениет,  тұрмыс  және  т.б.)  және  олардың  өзара  байланыстары  мен  өзара 
шарттылығын талдайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   552




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет