ОКТ 1206 ОРТАҒАСЫРЛЫҚ ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ
Көлемі - 3 кредит
Авторлары:
Кәрібаев Б.Б. – тарих ғылымдарының докторы,
Қазақстан тарихы
кафедрасының меңгерушісі, профессор
Майданали З. - тарих ғылымдарының кандидаты, Қазақстан тарихы
кафедрасының доценті
Пікір жазғандар:
Әбжанов Х.М. - тарих ғылымдарының докторы, профессор, Ш.Ш.
Уәлиханов атындағы тарих және этнология институтының директоры
Омарбеков Т.О. - тарих ғылымдарының докторы,
әл-Фараби атындағы
Қазақ ұлттық университеті Қазақстан тарихы кафедрасының профессоры
ТҮСІНДІРМЕ ХАТ
Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы пәні тарих мамандығының
студенттеріне арналған. Бұл курс екі бөлімнен тұрады. Бірінші бөлім – ерте орта
ғасыр кезеңін (VI ғасырдың ортасынан – XII ғасырды) қамтиды. Ол ежелгі
Қазақстан тарихы пәні шеңберінде оқылады. Бұл Қазақстан территориясында
моңғол шапқыншылығына дейін бірін бірі ауыстырған Түрік, Батыс түрік,
Түргеш, Қарлұқ қағанаттары, Оғыздар, Қарахандар, Қимақтар және Қыпшақтар
мемлекеттері өмір сүрген кезең болды. Евразия құрлығының бөлінбес бөлігі
ретінде Қазақстаннның басқа түркі тілдес халықтармен ортақ тарихы және
жалпы мәдениеті осы кезеңде өтті.
Екінші бөлім - қазіргі Қазақстан және оған көрші аймақтарда XIII ғасыр
басынан XVIII ғасырдың алғашқы ширегіне дейінгі орын алған тарихи
үдерістерді қамтиды. Оның бағдарламасы кіріспеден және әр қайсысы
проблемалық – хронологиялық принцип бойынша бөлінген үш бөлімнен тұрады.
Бұл бағдарлама орта ғасырлардағы Қазақстан тарихының соңғы орта ғасырлар
атты екінші бөлімін құрайды.
Бұл кезеңде Қазақстанның моңғол мемлекеттік жүйесіне (XIII ғ.басы) кіруі,
моңғолдан кейінгі XIV-XV ғасырлардағы Қазақстан территориясындағы жаңа
саяси құрылымдардың қалыптасуы, XV ғасырлардың ортасында Қазақ
хандығының құрылуымен аяқталды. Қазақ хандығы XV ғасырдың ортасында –
XVIII ғасыр басындағы Орталық Азияда елеулі рөл атқарған орталықтан
мемлекет, біртұтас саяси организм. Курс Кіші жүз қазақтарының Ресей
империясы құрамына кірген кезеңімен аяқталады. Осы уақыттан бастап қазақ
халқы басқаша геосаяси жағдайға кезікті. Ресейдің жаулап алуына
байланыстыҚазақстан Ресей империясының құрамына енгізіледі.
Курстың негізгі идеясы қазақ мемлекеттігінің тарихы өте бай екендігін,
қазақ этногенезінің қалыптасуы мен қазақ халқының материалдық және рухани
мәдениетін дамытуға ықпал жасаған ұзаққа созылған тарихи дамудың жемісі
екендігі туралы ой болып табылады.
Курсты
оқып-үйрену
барысында
студенттер
төмендегідей
Достарыңызбен бөлісу: