«Алматы облысының білім басқармасының Талғар ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Әл- фараби атындағы №31 жалпы білім беретін орта мектебі»
«Алматы облысының білім басқармасының Талғар ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Әл- Фараби атындағы №31 жалпы білім беретін орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі бойынша
7 «А» сынып оқушыларының ата-аналарымен өткен ата-аналар жиналысының
Хаттамасы «17» қараша 2022 жыл Тұздыбастау ауылы
Қатысқаны: 10 Қатыспағаны: 8
Күн тәртібінде:
Бала тәрбиесіндегі ата ананың рөлі және мектеппен байланысы
Тыңдалды: 1-мәселе бойынша: Бала тәрбиесіндегі алғашқы ұстаз — ата-ана.Жанұяда жақсы қасиеттер балаға сөзбен, үлкендердің үлгісімен сіңеді, дамиды.
Балаға теріс әсер етеді: жанұядағы жанжал, үлкендердің аузына келген сөздерді айтуы, баланың көзінше басқа біреуді сөгуі, біреудің сыртынан өсек айтуы, балалардың көзінше арақ ішу, үсті-үстіне темекі тарту т.б
Бұзақылықтың басы бос жүруден басталады. Кейде сабақты жиі қалдыруға және әр түрлі сылтауларды үлкендердің өзі үйретіп отырады. Бұл жағдайда балаға өтірік айтуды үйретіп отырғанын аңғармай да қалуы мүмкін.
Сондықтан баланың бойына барлық жақсы қасиеттерді дарыту, тіпті жанында жүрген достарына дейін мән беру, табиғат сыйлаған дарыны болса дамыту, сүйікті ісімен айналысуға мүмкіндік беру, дұрыс білім алуына жағдай жасау
Ата-анаға берілетін кеңес:
1. Балаға мектеп, мұғалім туралы көбірек мағлұмат беріп, дайындық жұмысын алдын ала жүргізіңіз.
2. Балаңызды өзіне-өзі қызмет етуге дайындаңыз.
3. Жанұяда бала тәрбиесіне бірдей талап қоя біліңіздер.
4. Балаға уәде бергеннен кейін орындауға тырысыңыз, орындауға мүмкіндік болмаған жағдайда дұрыс түсінік беріңіз.
5. Баланың өз бетімен әрекет жасауына мүмкіндік беріңіз (бермеген жағдайда бала өмір бойы бір істі өздігінен істей алмайтын, жалтақ, өзіне сенбейтін болып өседі).
6. Балаңызға сүйіспеншілікпен қараңыз. Бала түсіністікте және сүйіспеншілікте өссе, ол бұл әлемнен махаббат табуды үйренеді.
2-мәселе бойынша: Ғаламтордағы қауіп-қатермен күресте ата-ананың рөлі маңызды. Олар баланың қауіпсіздігіне ең бірінші кезекте жауапты адамдар болуы тиіс дейді мамандар. Сондықтан, ата-аналарға балаларына интернеттегі қауіп туралы айтып, мінезіндегі кез-келген өзгерісті бақылау ұсынылды.
Егер қамқоршылар өз ұл-қыздарының күмәнді желілерге кіріп, қаскөйлердің құрбаны болғанын анықтаса, оларға ұрыспай, барынша қолдау көрсеткені жөн. Балаға оны түсінетінін жеткізе отырып, оны жұбату қажет. Кейін проблемамен бірге күресіп, баланы психологқа да көрсетіп алған дұрыс дейді зерттеушілер.
3-мәселе бойынша:Мектептің Жарғысы мен ішкі тәртібімен таныстыру. ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Орта білім беру ұйымдары үшін міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарды бекіту» туралы бұйрықпен таныстыру. Балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру мақсатында түрлі үйірмелер мен спорттық секцияларға тарту. Мектептің ішкі тәртіп ережесі.
Құқықбұзушылықтың алдын-алу. «Жол ережесі» (оның ішінде жаяу жүргіншілер жолы, жолда жүру қауіпсіздігі, темір жол бойында жүру ережелері және темір жол қауіпсіздігі). «Жол көліктен жарақаттануды алдын-алу және олардың зардабын анағұрлым төмендету» жөнінде ескертулер жасау. Діни экстремистік терроризмнің алдын алу. Бейәлеуметтік мінез-құлықты оқушылармен алдын алу жұмыстарын ата-аналар арқылы ұйымдастыру. Қауіпсіздік ережесін сақтау айтылды. Мектепке келе жатқанда арнайы өзінің жолымен жүру, асфальт жолдан өтетін кезде жан-жағына қарау, жүргіншілер жолымен жүру керек екені айтылды. Жол үстінде ойнамау керек екені, жер тайғақ кезде жолдан абайлап өту керек екені ескертілді. Бекітілген үлгідегі мектеп формасын кию және мектептегі тазалықты сақтау сияқты барлық ережелермен таныстырылды.
4-мәселе бойынша:Сыныптың білім деңгейі туралы айтылды. Қосымша тапсырмалар алып үнемі дайындықта жүру керек балалар. Бір және екі пәннен 3 ке шыққан оқушыларға келесі тоқсанда сабаққа қатысып, белсенділік танытып, жақсы баға алу тапсырылды.
5-мәселе бойынша:2022-2023 оқу жылына ата-аналар комитетін сайланды. Нұрғалиева Назгул – ата-ана комитеті, көмекшісі Аканбаева Кенжегуль.
Шешім:
Бала тәрбиесіндегі ата ананың рөлі және мектеппен байланысы түсіндірілді;
Балаларды интернеттегі зиянды ақпараттан қорғау шаралары таныстырылды;
Мектеп ережесі және өмірқауіпсіздігі ережелері таныстырылды;