Бұл курсты оқып-үйренуде студенттер келесі білім, икем және машықтарды
игеру керек: тарихи принцип негізінде өткен тарихты талдай білу, тарихи және
саяси картамен жақсы жұмыс істей білу, баяндамаларды жазумен және ауызша
материалды дұрыс баяндаумен, өзінің тұжырымдарын дәлелді негіздеуге,
практикалық сабақтарға дайындалу барысында ғылыми әдебиетке өзіндік және
сыни көзқарасқа байланысты машықтарды меңгеру.
Курстың постреквизиттері: ҚР сыртқы саясаты, халықаралық қатынастар
тарихы, саясаттану, әлеуметтану, мәдениеттану.
Типтік бағдарлама бөлімдерінің материалдары студенттерге Қазақстан
Республикасы сыртқы саясатының тарихын, республиканың әлемдік
қауымдастықтағы рөлі мен орнын терең және тұтас ұғынуға, берілген жағдайды
талдау кезінде пән бойынша игерген білімді қолдануға, сабақтас пәндерді оқып-
үйренуге, ұлттық басымдылықтарға, уақыт талаптары мен шындықтарына
сәйкес үйлесімді тарихи сана мен дүниетанымдық принциптердің қалыптасуына
мүмкіндік береді.
Курстың теориялық-әдістемелік негізін ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың
еңбектері, Қ.К.Тоқаевтың, С.И.Абдулпаттаевтың қазақстандық дипломатияның
тарихы бойынша еңбектері құрайды.
Достарыңызбен бөлісу: