Курсты зерделеу барысынды оқытушы алдына келесі міндеттерді қояды: 1.
Қазақстанның мемлекеттік тәуелсіздігі мен ұлттық қауіпсіздігін
нығайтуға бағытталған стратегиялық міндеттерді шешуге мүмкіндік беретін
тарихи білімнің теориялық және әдістемелік негізін қалыптастыру;
2.
Әлемдік қауымдастықтағы қазіргі Қазақстанның бірегей және
маңызды орнын айқындайтын ғылыми принциптерді ашып көрсету;
3.
Республиканың жедел жаңару және экономикалық және идеялық-
мәдени өркендеудің басты бағытына бет алған қазақстандық даму үлгісінің
мазмұнын шынайы ғылыми-тарихи біліммен толықтыру;
4.
Қолданылатын тарихнама мен деректерді талдау, олардың
классификациясы және түрлері, осы пәннің қазіргі заманғы Қазақстан
тарихындағы орны мен рөлін айқындау.
Осы міндеттерді жүзеге асыру үшін проблемалық дәрістер оқылуы,
дискуссиялық және кеңесші семинарлар өткізілуі, сындарлы ұсыныстар
тыңдалуы қажет.