соғыс жаңа дәуірді аяқтады және Еуропаның саяси картасындағы түбірлі
өзгерістерді туғызды.
Аталған пәнді оқытудың алдында өтілетін пәндер: Ежелгі дүние тарихы;
Ежелгі Шығыс тарихы; Орта ғасырлар тарихы; Азия және Африка елдерінің орта
ғасырлар тарихы; Қазақстанның ежелгі және ортағасырлар тарихы. Бұл пәндер
тарихтың өткен кезеңдері бойынша нақты материал береді, мұның өзі жаңа
заманның тарихи құбылыстары мен оқиғаларына салыстырмалы талдау жасауға
негіз болады.
Қатар оқытылатын пәндер және олардың осы пәнмен өзара байланысы:
Философия; Әлеуметтану; Азия және Африка елдерінің жаңа тарихы;
Қазақстанның жаңа тарихы. Студенттердің «Философия» мен «Әлеуметтану»
пәндері бойынша алған білімдері Ағартушылық идеяларын, ХIХ ғ. қоғамдық-
саяси ой-түйіндерін оқудың теориялық негізі болады. Көрсетілген тарихи пәндер
бойынша студенттердің алған білімдері олардың «Еуропа және Америка
елдерінің жаңа тарихы» пәнінен алған білімін әжептәуір толықтырады, сол
арқылы әлем халықтары тарихының өзара байланыстылығы мен өзара
ықпалдастығы айқын дәлелденеді.
Достарыңызбен бөлісу: