5В020300 «Тарих» мамандығы бойынша



Pdf көрінісі
бет248/552
Дата06.01.2022
өлшемі2,18 Mb.
#16284
1   ...   244   245   246   247   248   249   250   251   ...   552
Байланысты:
бакалавриат История

 
ПӘННІҢ МАЗМҰНЫ 
 
Кіріспе 
Курстың мақсаты – Еуропа және Америка елдеріндегі күрделі әлеуметтік-
саяси процесс барысында батыс өркениетінің қазіргі бейнесі қалыптасқан кезең 
болған  жаңа  заман  тарихындағы  әлеуметтік۔экономикалық  және  саяси 
үдерістерді  оқытып-түсіндіру.   
Курстың негізгі міндеттері: жаңа тарихтың мазмұнын және сатыларын 
анықтау;  Батыс  елдерінде  индустриалдық  қоғамның  қалыптасуының  ортақ 
белгілері  мен  ерекшеліктерін  анықтау;  зайырлы,  рационалдық  сананың 
қалыптасу  жағдайлары  мен  алғышартарын  көрсету;  Батыстың  дамыған 
елдерінде  құқықтық  мемлекет  пен  азаматтық  қоғамның  қалыптасу  үдерісін 
қарастыру; жаңа заманның негізгі идеялық ағымдарының қалыптасу тарихын 
қарастыру; көпұлтты империялардың қалыптасу, даму және күйреу тарихын, 
жаңа  ұлттық  мемлекеттердің  құрылу  тарихын  түсіндіру;  жаңа  және  қазіргі 
замандағы 
халықаралық 
қатынастардың 
дамуының 
сипаты 
мен 
ерекшеліктерін ашу. 
«Еуропа  және  Америка  елдерінің  жаңа  тарихы»  пәнінің  тарихи  білім 
жүйесінде  маңызды  орын  алады,  өйткені  бұл  пәннің  мазмұны  либералдық 
демократия  мен  нарықтық  экономиканың  қалыптасу  мәселесімен  анықталады. 
Жаңа  тарих  –  адамзат  тарихында  күрделі  өзгерістер  үдерісі  барысында  қазіргі 
заманғы  азаматтық  қоғам  мен  құқықтық  мемлекет  негіздері  пайда  болған 
маңызды кезең.  
«Еуропа  және  Америка  елдерінің  жаңа  тарихы»  пәнінің  объектісі  оқыту 
объектісі  –  Батыс  елдерінде  жаңа  заманда  болып  өткен  саяси,  әлеуметтік-
экономикалық,  рухани  үдерістер.  Пәннің  әдістер  жүйесін  анализ,  синтез, 
абстрактілеу,  салыстыру,  индукция,  дедукция  сияқты  жалпы  ғылыми  әдістер, 
сондай-ақ арнаулы тарихи әдістер құрайды. 
Курсты  оқу  барысында  студенттер  Батыс  елдерінің  дәстүрлі  қоғамнан 
индустриалдық  даму  сатысына  өтуінің  динамикасын  анықтаған  негізгі 
факторлар,  Еуропа  және  Американың  жеке  елдерінің  жаңа  замандағы 
дамуының өзіндік ерекшеліктері, батыс ғылымы мен мәдениетінің дамуының 
жалпы сипаты  туралы  білім жинақтауға тиісті.  
Курсты  оқу  барысында  студенттер  мынадай  дағдылар  мен  біліктерді 
меңгеруі  қажет:  тарихи  оқиғаларды  тарихи  кезеңдерге  сәйкестендіре  білу; 
деректерді  кешенді  түрде  талдау  нәтижесінде  тарихи  фактілерді  түсіндіру, 
салыстыру  және  қорытындылау;  жаңа  заманның  саяси  және  қоғамдық 
қозғалыстарының  мәнін  түсіну  және  сипаттай  білу;  Батыстың  ірі  елдерінің 
ингдустриалдық  қоғамның  қалыптасуы  және  дамуы  кезіндегі  экономикалық 
дамуының  ортақ  сипатын  анықтау  және  жеке  елдердің  дамуының 


 
 
ерекшеліктерін  ашу;  жаңа  замандағы  көрінекті  тарихи  тұлғалардың  іс-
әрекетін объективті түрде бағалай білу.   
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   244   245   246   247   248   249   250   251   ...   552




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет