Б.з.д. V ғ. аяғы–ІІІ ғ. бірінші жартысындағы Рим және Италия Ерте республика дәуіріндегі рим азаматтық қауымы. Плебейлердің
патрицийлермен күресі. Күрестің себептері мен негізгі кезеңдері. Рим қоғамы
«
ХІІ кесте заңдары» бойынша. Жеке меншіктің, өсімқорлықтың,
құлиеленушіліктің дамуы. Патрицийлер мен плебейлер күресінің шиеленісуі.
Оның аяқталуы. Рим қоғамының әлеуметтік құрылысының өзгеруі. Ерте
республиканың мемлекеттік құрылысы. Комициялар. Әдеттегі және төтенше
жағдайдағы магистратуралар. Сенат. Рим әскері және оның ұйымдасуы.
Римнің ішкі және сыртқы тарихының өзара байланысы. Римнің айналасына
Орталық Италияның италиктік тайпаларының топтасуы. Кельт (галл)
шапқыншылықтары. Римнің және рим басқыншылығының күшеюі. Римнің
самнит федерациясымен соғыстары және оны талқандауы. Римнің Оңтүстік
Италиядағы грек қалаларымен қарым-қатынастары. Пиррмен соғыс. Римнің
Италияны жаулап алуының аяқталуы. Б.з.д. ІV-ІІІ ғғ. Римнің саяси құрылымы.
Римнің Италияны жаулап алуының аяқталуы.
Римнің Италияны ұйымдастыруы. Б.з.д. ІІІ ғ. Рим-Италия одағының негізгі
ерекшеліктері. Рим отарлары, олардың құрылымы. Муниципийлер, дауыс беру
құқығы жоқ қауымдар, одақтастар. Олардың Риммен қарым-қатынасының
сипаты. Ager publicus және оның пайдаланылуы. Рим мен Италияда
құлиеленушілік қатынастар мен жеке меншіктің дамуы және бұл үдерістегі рим
жаулаушылықтарының рөлі