монархиясының әлсіреуі. Македония мен Грекияның талқандалуы және олардың
рим провинцияларына айналуы. Селевкилер монархиясының ыдырауы және
б.з.д. ІІ ғ. 30-шы жж. эллинистік мемлекеттер жүйесінің дағдарысы. Шығыс
Жерорта теңізіндегі Рим экспансиясының себептері. Римнің Шығыс Жерорта
теңізі елдеріндегі әлеуметтік саясаты. Үшінші Пуни соғысы
– Карфагеннің
талқандалуы. Пиреней түбегіндегі басқыншылық соғыстар. Рим державасы
Жерорта теңізіндегі ірі құл иеленушілік қоғамның орталығы ретінде.
Римнің б.з.д. ІІ-І ғғ. экономикасы, сословиелік және әлеуметтік құрылымы.
Рим жаулаушылықтарының Италиядағы әлеуметтік-экономикалық даму
үдерістеріне ықпалы.
Классикалық құлдықтың экономиканың дамуына ықпалы. Тауар өндірісінің
дамуы. Құлиеленушілік виллалардың таралуы және олардың құрылымы.
Құлиеленушілік шаруашылық Катон мен Варронның мәліметтері бойынша. Құл
еңбегін ұйымдастыру. Аграрлық қатынастардың ерекшеліктері. Шаруа
шаруашылықтарының кедейшілікке ұшырауы. Латифундиялардың пайда болуы.
Италияда ауыл шаруашылығының, қолөнердің, тауар өндірісінің, сауда мен
өсімқорлықтың көтерілуі. Италия қаласы – сауда мен қолөнердің орталығы.
Б.з.д. ІІ
–І ғғ. Рим құлиеленушілік қоғамының әлеуметтік құрылымы және
сословиелер. Құлдар, ұсақ өндірушілер, құл иелері. Сенатор-ақсүйектер, салт
аттылар, муниципиалдық шонжарлар, провинциялық құлиеленушілер. Люмпен-
пролетарийлер. Рим азаматтары, италиктер мен провинциалдар. Италиктер мен
провинциалдардың азаматтық құқықтар үшін күресі. Үстем топтар ішіндегі
қайшылықтар. Б.з.д. ІІ
–І ғғ Рим қоғамындағы қайшылықтардың шиеленісуі.
Достарыңызбен бөлісу: