Дүниежүзіндегі химиялық талшық шығару бойынша жетекші 10 елдің үлесі,%
90
76
71
Синтетикалық шайырлар мен пластмассалар өндіру. Синтетикалық шайырлар – бұл шағын молекулалық массасы бар полимерлер, химиялық талшықтар алу үшін негіз.
Мұнай-химия өнеркәсібінің дамуы әлемнің көптеген аймақтары мен елдерінде әлемдік өндірісінің көпшілігі Батыс Еуропа мен Солтүстік Америкада. Пластмасса өндіру бойынша АҚШ, Жапония, Германия, Оңтүстік Корея, Тайвань, Қытай, Франция, Нидерланд, Ұлыбритания, Бельгия алда.
Синтетикалық каучук және резеңке өнімдері халық шаруашылығының барлық салаларында қолданыста. Қазіргі уақытта табиғи каучукты өндіруші негізгі елдер Таиланд, Индонезия, Малайзия.
Синтетикалық каучук – бұл резеңкеге жылдам қайта өңделуі мүмкін созылмалы синтетикалық полимер.
Дүниежүзілік шаруашылықта синтетикалық каучук өндіру бойынша АҚШ, Жапония, Қытай, Германия, Ресей, Франция, Оңтүстік Корея, Тайвань, Бразилия, Ұлыбритания көшбасшылар қатарында
Химия өнеркәсiбi – шаруашылықтың техникалық прогресiн анықтайтын маңызды салалардың бiрi. Ол шаруашылық салаларын әртүрлi шикiзаттармен, дайын химиялық өнiмдермен қамтамасыз етедi.