5В060900 – «География», 3-курс Оқу нышаны: күндізгі, 2015-2016 оқу жылы. Дүниежүзінің экономикалық, әлеуметтік және саяси географиясы 5В060900 «География»



бет1/117
Дата26.12.2023
өлшемі6,5 Mb.
#143908
түріЛекция
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   117
Байланысты:
Лекция Уалиев (копия) (копия)


Мамандық: 5В060900 – «География», 3-курс
Оқу нышаны: күндізгі, 2015-2016 оқу жылы.


Дүниежүзінің экономикалық, әлеуметтік және саяси географиясы
(5В060900 - «География» мамандығына арналған лекция курсы).
1 Дәріс. Дүниежүзінің экономикалық және саяси географиясының зерттейтін нысандары, курстың құрылымы мен мазмұны
1.1 Дүниежүзінің экономикалық және әлеуметтік географиясының зерттейтін нысандары.
1.2 Географиялық еңбек бөлінісі курстың оқытатын басты нысаны
1.3 Өркениеттің қалыптасуы және дүниежүзінің экономикалық географиясының Қалыптасуы



    1. Дүниежүзінің экономикалық және әлеуметтік географиясының зерттейтін нысандары, курстың құрылымы мен мазмұны

Экономикалық және әлеуметтік география қоғамның тарихи дамуының әр түрлі кезеңінде географиялық ортаны пайдалану үрдісінде өндіргіш күштерді орналастыру және олардың үйлесімді қарым-қатынасын зерттейтін ғылым. Курс-өндірісті дүниежүзінің кез-келген аумағында орналастыру даму жағдайы мен ерекшеліктерін;-халықтың жер бетінде қоныстану мен олардың табиғат байлықтарын пайдалануын;-қоршаған ортамен адам қоғамының қарым-қатынасының нәтижесінде туындаған түйінді мәселелерді;-дүниежүзілік шаруашылықтың салалық құрылымы мен аумақтың ұйымдастырылуын; -халықаралық экономикалық қатынастың негізгі нышандарын; жаһандану мен аймақтанудың түйінде мәселелерін;жеке елдер мен аймақтардың шаруашылығының салалық құрамы мен халықаралық еңбек бөлінісіндегі орынын оқытады.
Дүниежүзінің экономикалық және әлеуметтік географияның зерттейтін нысандары: дүниежүзі елдерінің саяси құрылысы, экономикасы мен шаруашылығы; дүниежүзілік шаруашылық, дүниежүзі елдерінің халқы мен еңбек қорлары, аумақтық-қоғамдық жүйелер болып табылады.
Дүниежүзінің экономикалық және әлеуметтік географияның құрамына енетін география ғылым салалары. Қазіргі кезеңде шекарасын мемлекттік құрылысын, әкімшілік-аумақтың құрылымы, басқару нышандары сияқты саяси географияның құрамдас бөліктерін енгізбей және елдерді оқып үйренуге болмайды.
Қазіргі кезеңде экономикалық география өндіргіш күштермен өндірістерінің барысында табиғат байлықтарын оқып үйренумен шектелмейді.Ол қай өмірінің кеңістіктің ұйымдастырылуының барлық элементтерімен астарларын толық қамтиды. Халықтар географиясы халықтың өндірісте еңбек ететін өндіргіш күштерді ғана емес, тілдің, діннің ұлттар мен ұлыстардың таралуы, өмір салты сияқты адамның туғаннан бастап өлгенге дейінгі барлық географиялық астарын қамтиды. Қаржы, тұтыну, қызмет көрсету жарқын қоспай дүниежүзілік шаруашылық географиясын түсіну мүмкін емес.
Дүние жүзінің экономикалық және әлеуметтік географиясы – біртұтас қоғамдық географиялық ғылым. Ол адамзат қоғамының аумақтық ұйымдастыруын зерттеп, қоғам мен табиғат арасындағы өзара әрекеттерді біртұтас жүйе ретінде қарастырады.
Ол бір-бірімен өзара байланысқан тұрғындар географиясы, әлеуметтік география, экономикалық география, саяси кгеографиядан тұрады (1-сурет).
Қоғамдық-географиялық ғылымдар сапалық құрамы мен өлшемі жағынан әр түрлі қоғамдық-аумақтық жүйелердің қалыптасу, даму, қызымет атқару үрдістерін зерттейді.
Қоғамдық-аумақтық жүйелер экономикалық және әлеуметтік географияның тармақтары өнеркәсіп, ауыл шаруашылық, көлік, ішкі сауда және халықтар географиясы зерттейтін нысандары болып табылатын материалдық игіліктерді өндіру мен қызымет көрсетуге қатысты аумақтық-өндірістік жүйелер, агроааумақтық жүйелер, индустриялық-аумақтық жүйелер, көліктік-аумақтық жүйелер бар.
Күрделі саяси-ааумақтық және мемлекеттік-аумақтық жүйелерді саяси география зерттейді. География, экономика, экология, әлеуметтану ғылымдарымен тығыз байланыста болып, қазіргі заманғы өзекті мәселелерді шешуде маңызы зор.



1-сурет. Дүние жүзінің экономикалық және әлеуметтік географиясына енетін география ғылымдар жүйесінің салалары


Халықтың әл-ауқатын, тұрмыс жағдайын әлеуметтік география қарастырады.


Халықтардың қозғалысын, ұлттық, жастық-жыныстық, сапалық құрамын, қоныстану ерекшеліктерін халықтар географиясы (демогеография) зерттейді.
Аумақтық рекреациялық жүйелерді рекреациялық география зерттейді.
Қоғам өмірі тікелей қатысы бар болғандықтан экономикалық және әлеуметтік география тарих, экономика, этнология, әлеуметтану, саясаттану сияқты қоғамдық ғылымдармен тығыз байланысты.Нақты ғылымдардың ішінде математика, статистика, геодезия:Жаратылыстану ғылымдарының ішінде физикалық география, топырақтану биология байланысты.
Физикалық география ғылымының деректері табиғат жағдайлары мен байлықтарын шаруашылық тұрғыдан дұрыс бағалауға табиғат қорғау мәселелерін шешуге мүмкіндік береді.
Статистикалық деректер экономикалық және әлеуметтік үрдістерге дұрыс талдау жасауға негіз болады.Экономика терминін алғаш рет орыс ғылымы М.В.Ламоносов қолданды.
Дүниежүзінің экономикалық және әлеуметтік географиясы бір-бірімен тығыз байланысқан бірінен-бірі туындайтын «Дүниежүзінің саяси картасы» «Дүниежүзілік шартуашылықтың ресурстық әлеуеті» «Дүниежүзінің халқы мен еңбек қорлары» «Дүниежүзілік шаруашылық географиясы», «Халықаралық экономикалық қатынастар географиясы», Дүниежүзінің аймақтары мен елдеріне экономикалық-географтиялық шолу бөлімдерінен тұрады


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   117




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет