Ауыл шаруашылығы. Батыс Европада жоғарғы даму қарқынымен, жоғарғы өнімділігімен және сапалығымен ерекшкленіп, әлемдік ауыл шаруашылығында көрнекті орын алады; мұнда бидайдың 12-15%, еттің 20% жуығы, сүттің 30% өндіріледі. Ауылшаруашылықтық өнімнің өсуі – халықтың өсімінен жоғары болып, соның нәтижесінде аймақтың адамдары өздерін негізгі азық – түлік қорымен қамтамасыз ете алды. 80 жылдардан бастап, бидайдың, майдың, қанттың,т.б. азық-түліктің көп мөлшерде экспортталуы байқалды. Ал, 90 жылдарда тек қана тропикалық, ауыл шаруашылық дақылдарының импортталуы байқалды.Ауыл шаруашылығының дамуына , одақтағы бюджет шығынының жартысын жұтатын аграрлық ЕС саясаты әсерін тигізеді. ЕС органы ауыл шаруашылық нарығын қатал бақылап, азық – түлік бағаларын қадағалап, жергілікті өнімді арзан импорттық товарлардан қорғап, артылған товардың экспортталуын қадағалайды.
Аймақтың құрамдасуы әсерінен ауылшаруашылықты елдердің мамандандырылуы арта түсті. Италияны “бау- бақша”, ал Данияны ”мал фермасы” деп атаған. Аймақта ғана емес, бүкіл әлем бойынша Нидерланды ауыл шаруашылығы өнімінің жоғары қарқынды дамуымен ерекшеленеді. Ол жоғары сапалы товарларды экспорттайды(жұмыртқа, көкөніс,негізгі азық – түліктер, гүлдер)
Ауылшаруашылықтық дақылдардың жалпы бағасы жөнінен Франция мен Германия өзара тең дәрежеде, бірақ, экспорттаушылар ретінде Франция мен Нидерланды алғашқы орында.Егер Солтүстік және Орта Европада негізінен ірі товарлар (құс асырау, шошқа өсіру, мал өсіру) сақталса, Европаның оңтүстігінде ауылшаруашылық әлі де феодалдық дәуірдегідей дамуда.
Көлік кешені. Ішкі су ткөлігі негізінен көп “жылдам емес” жүктерді тасымалдау үшін пайдаланылады.Су жолының ұзындығы 30 мың.км.(жартысы- өзендердің каналдары мен шлюздік учаскелері).Олардың бастысы – Рейн, ол аймақтың барлық басқа ірі каналдарымен қосылған. Оның 1 жылдағы жүк айналымы – 250-300 млн. т. Рейн өзенін су көлігі жолы ретінде кеңінен қолдану нәтижесінде Нидерландыда ішкі жүк тасымалдаудың ½ бөлігінен астамы өзен транспорты арқылы іске асады. Болашақта су тасымалының дамуы үшін Рейн – Майн – Дунай және Рейн – Рона жаңа халықаралық су жолдарының игерілуі өте маңызды.
Батыс Европа елдерінің теңіз сауда флотының көлемі- 94 миллион бр-рег.тонна, яғни дүниежүзілік теңіз флотының шамамен ¼ көлемі. Норвегия мен Греция флотының көлемі бойынша дүниежүзілік Либерияға, Панамаға және Жапонияға кезек береді. Теңіз тасымалдары көптеген порттарға қызмет етеді, олардың 10-нан астамы 20мың .т. жоғары жүк көтеретін кемелерді қабылдай алады. Жүк айналымы бойынша бірінші порттар (млн.т.): Роттердам-290 Антверпен -102, Марсель – 88 , Гамбург-66, Гавр-55, Лондон-51.
Келетін жүктің маңызды бөлігі мұнай өнімдері, шикізат(мұнай, көмір т.б.), көптеген дайын өндірістік товарлар ( машиналар және құрал – жабдықтар, химикаттар).Роттердам – аймақтағы ірі өнеркәсіптік кешен. Мұнда көптеген халықаралық корпорациялар, соның қатарында "Ройал – датч-сиелл",және " Юнилевер", т.б. орналасқан.