Пәнді зерттеудегі мақсат: түсінік терминологиялық аппараттың негізін
меңгеру, физикалық географияны зерттеудің әдістері мен әдістемелері; негізгі
физикалық-география мен геоэкологиялық үрдістерді тану; табиғи ресурстық
потенциалға бағалау және анализ жасауға дағдылану; географиялық қабықтың
аумақтық дифференцияциасымен танысу.
Курсты зерттеу кезінде студентте географиялық қабық туралу түсінік
планетарлық табиғат кешені ретінде қалыптасады, олар географиялық қабықтың
жалпы қалыптасу заңдылықтары мен кеңістік пен уақыттағы дамуымен
танысады. Дәл берілген курс шегінде ең алғашқы географиялық қабықтың
аумақтық дифференцияциа туралы түсінік беріледі. Оны оқу барысында
табиғатқа деген көзқарас қалыптасады,
Ең үлкен назар Жер планетасына беріледі, ол Жер жүзінің бір бөлігі
ретінде қарастырылады, және ол нақты заңдылықтарға бағынады. Жер жүзі
басқа космостық нысандармен өзара әрекетте болғандықтан, географиялық
қабық пен оған тән заңдылықтарындағы космостық әсерлердің сипатынсыз және
масштабынсыз үрдістерді білу мүмкін емес.
«Жалпы Жертану» пәнінің зерттеу нысаны мен жүйенің әдістері –
географиялық қабықтың, геосфераның кеңістіктің пішіндерінің байланысы,
олардың жағдайы туралы мониторинг, оның дамуының аудандық және
жаһандық болжамы.
Берілген пәннің зерттеу әдістеріне: ұлттық және жаңа әдістер
(картографиялық, статистикалық, геофизикалық және т.б.), сонымен қоса
геоинформатикалық жетістіктердің жаңалықтары, арақашықтықтан зондылау,
космостық жертану және басқалар.
Достарыңызбен бөлісу: