5В060900 «География» мамандығы бойынша


Флювиальдық үдерістер және пішіндер. Су ағындары әрекеттің



Pdf көрінісі
бет48/177
Дата05.10.2022
өлшемі1,65 Mb.
#41559
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   177
Байланысты:
5В060900-География

Флювиальдық үдерістер және пішіндер. Су ағындары әрекеттің 
жалпы заңдалықтары 
Флювиальды үдерістер мен пішіндерінің әмбебатылығы. Эрозиялық 
тілімдену жиілігінің климатты-ландшафттық зоналылықтан және тектоникалық 
қозғалыстардан тәуелділігі. Гумидті климаттық облыстары флювиальдық
пішіндерінің таралу аудандары ретінде. Флювиальдық пішіндердің генетикалық 
қатары. Әр түрлі масштабтағы флювиальдық пішіндердің жалпы ерекшеліктері. 
Жер бедерінің сулы-эрозиялық және сулы-аккумулятивті пішіндері. Жыралық 


эрозия үдерістері. Қазақстанның аридтік жағдайындағы жыралы эрозияның 
дамуы. Су ағындары әрекеттің жалпы заңдалықтары. Тұрақты ағын сулардың 
бедер құру әрекеті, эрозия және өзендердің кеңістіктегі дамуы. Эрозия базисі 
деген ұғым. Уақытша су ағыстараның әрекеті және оның бедер пішіндері. 
Пролювийлік шөгінділері.
Өзендердің әрекеті. Өзен аңғары 
Өзендердің әрекеті. «өзен арнасы», «өзен аңғары» түсініктер және олардың 
морфологиялық бөліктері. Өзен аңғарының ұзына бойы қимасының пішіндері. 
Сарқырамалар, шарлауықтар олардың шығу тегі және шаруашылықта 
пайдалану.
Өзеннің иректелуі (меандралары), олардың аңғарлардың өзгеруіне ықпалы. 
Жайылымның пайда болуы және оның мезо- және микробедерінің элементтері. 
Аллювиальдық шөгінділер және олардың фациялары. Жазықтық және таулы 
өзендерінің жайылымдары. Жоғары және төмен жайылымдар.
 
Өзен және аңғар желілері. Өзен алабы. Өзендердің құяр жері 
Өзен террасалары, олардың құрылысы, шығу тегі және типтері. Плиоцен-
төрттік кезеңіндегі палеогеографиялық жағдайды және жер бедерінің даму 
тарихын анықтау мақсатында өзеннің ұзына бойы созылған террасаларын 
зерттеу. Жалған террасалары. Өзен террасаларын зертеудің мәні.
Өзен аңғарларының жіктелуі. Өзен аңғарларының морфологиялық түрлері 
(типтері). Тектоникалық құрылымдарымен аңғарларының ара қатынасы. Өзен 
аңғарларының ассиметриясы. Жазықтық және таулы өзендердің аңғарлардың 
салыстырмалы сипаттамасы.
Өзен және аңғар желілері. Өзен желісінің түрлері (типтері). Өзен және 
аңғар желіліерінің тығыздығы және оны анықтайтын факторлары. Эрозиялық 
және эрозиялы-денудациялық жер бедерінің типтері.
Өзеннің құяр жері. Эстуарий. Дельталар. Аллювиальдық және дельталық 
жазықтар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   177




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет