5В060900 «География» мамандығы бойынша


MMFG 3301 МАТЕРИКТАР МЕН МҰХИТТАРДЫҢ ФИЗИКАЛЫҚ



Pdf көрінісі
бет71/177
Дата05.10.2022
өлшемі1,65 Mb.
#41559
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   177
 


MMFG 3301 МАТЕРИКТАР МЕН МҰХИТТАРДЫҢ ФИЗИКАЛЫҚ 
ГЕОГРАФИЯСЫ 
Көлемі - 2 кредит 
Түгелбаев С.С. – география ғылымдарының кандидаты, география және 
табиғатты пайдалану факультеті география, жерге орналастыру және кадастр 
кафедрасының доценті 
Мақаш К.К. - география және табиғатты пайдалану факультеті география, 
жерге орналастыру және кадастр кафедрасының аға оқытушысы 
Пікір бергендер: 
Абдиманапов Б.- география ғылымдарының докторы, Абай атындағы 
Қазақ Ұлттық педагогикалық универститетінің профессоры
Бексейтова Р.Т. - география ғылымдарының докторы, әл-Фараби атындағы 
Қазақ Ұлттық университетінің картография және геоинформатика 
кафедрасының профессоры 
ТҮСІНІКТЕМЕ ХАТ 
“Материктер мен мұхиттардың физикалық географиясы” – жердің табиғи 
шарттарының ерекшеліктері мен заңдылықтарын зерттейтін негізгі курстардың 
бірі болып табылып, табиғат пен оның дифференциация факторларын тұтас 
қарастырады. Материктердің физикалық географиясында түрлі эмпирикалық 
байланыстарды анықтау мен теориялық қорытынды алуда қолданылатын негізгі 
тәсілдер – салыстырмалы географиялық (карта анализдерін қосқанда), жүйелік 
және тарихи, сонымен қоса математикалық тәсілдер. Табиғатқа жалпы шолу 
солтүстік және оңтүстік материктер үшін, сондай-ақ ТМД және Балтық елдері 
территориялары үшін беріледі.
Әр материк – географиялық даралық сипаттарымен анық көрсетілген 
Жердің ең тұрақты бөліктерінің бірі. Бұл пән нақты территориялардың табиғи 
ерекшеліктері мен олардың аумағында жүретін үрдістер мен құбылыстар туралы 
түсінікті қамтиды. Сондықтан да мәліметтерді берудің келесідей құрылымы 
мазмұндалған: материкті жалпы шолу, ал оның негізінде – аудандастыру мен 
аудандар сипаттамасы.
Студенттер білуге тиіс: географияның пайда болу тарихы мен дамуы, 
негізгі түсініктері мен ғылымның дәрежесін, географиялық ғылымдардың 
барлық жүйесін және ондағы физикалық география мен ландшафттануды. 
Табиғат ресурстарын ғылыми есептеу әдістері халық шаруашылық мәселелері 
есептерін шешуде жаһандық және территориальді аспектіде қолданылады. 
Студенттер 
жасай 
алуға 
тиіс: 
материктердің 
географиялық 
номенклатурасында қатесіз бейімделу, кескін және арнайы карталармен жұмыс 
жасау, физика-географиялық аудандастыру схемаларын жасау, физика-
географиялық факторлардың материктің табиғи ортасының қалыптасуына 


әсеріне анализ жасау, жалпы және аудандық физика-географиялық 
сипаттамаларды әдеби және картографиялық дереккөздер бойынша құру, түрлі 
материктер, елдер, аудандарға салыстырмалы анализ жасау.
Берілген пәнді оқытудың алды болып табылатын пәндер тізімі: Жалпы 
жертану, 
Ландшафттану 
және 
физика-географиялық 
аудандастыру; 
Метеорология және климатология; Жалпы гидрология; Топырақтану негізіндегі 
топырақ географиясы; Геоморфология; Геология және т.б. 
Аралас пәндердің тізімі және олардың осы пәнмен өзара қарым-қатынасы: 
ТМД елдерінің физикалық-географиясы, ҚР-ның физикалық-географиясы
Антропогендік ландшафттануға кіріспе, Курстық және дипломдық жұмыстар. 
“Материктер мен мұхиттардың физикалық география” курсы географ 
мамандарды дайындау жүйесіндегі маңызды бөлімдердің бірі болып табылады, 
сондықтан оған адам мен табиғи ортаның өзара қарым-қатынасының әртүрлі 
аспектілерінде үлкен назар аударылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   177




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет