Коммерциялық емес акционерлік қоғамы Қазақ Ұлттық Аграрлық Зерттеу университеті «Су, жер және орман ресурстары» факультеті «Жер ресурстары және кадастр» кафедрасы
РЕФЕРАТ
Тақырыбы: Шаруашылық аралық жерге орналастырудың мәні, мазмұны және шешу мәселелері Орындаған:Әкім Нұрсая Ерболатқызы Оқу тобы: КД-21-12К Тексерген: Жантуева Шинаркуль Абековна Алматы 2022
Жоспары Кіріспе
Негізгі бөлім Шаруашылық аралық жерге орналастырудың принциптері мен факторлары.
Шаруашылық аралық жерге орналастырудың мазмұны мен міндеттері.
Қорытынды
Кіріспе Шаруашылық аралық жерге орналастыру түсінігі Жерге орналастырудың бір түрі – шаруашылық аралық жерге орналастыру Шаруашылық аралық жерге орналастыру - жер учаскелері мен қолданыстағы жерлерді, арнаулы жер қорларын қалыптастыру, ретке келтіру және өзгерту, әкімшілік-аумақтық және өзге де арнаулы құрылымдардың жерлерін, сондай-ақ жер учаскелерін пайдаланудың шекаралары мен режимдерін белгілеу жөніндегі іс-шаралар кешені. Шаруашылық аралық жерге орналастыру кезінде жүргізілетін жерге орналастыру жұмыстары: 1. Әртүрлі жер иелері мен жер пайдаланушыларға тиесілі жер меншігін қалыптастыру. 2. Жерді қайта бөлу. 3. Жерге меншік құқығын жақсарту. 4. Жерге меншік құқығының шекарасын белгілеу, қалпына келтіру және бекіту. 5. Жерге меншік құқығы мен жерді пайдалану тәртібін, режимін және шарттарын анықтау. Шаруашылық аралық жерге орналастыру жер учаскелерін беру және алып қою талап етілетін және жер айналымы жүзеге асырылатын барлық жағдайларда қажет. Шаруашылық аралық жерге орналастыру келесі ұғымдармен байланысты.