Дәріс 2
Технологиялық процесстердің математикалық
сипаттау негіздері
Текстиль өндірісіндегі ғылыми зерттеу жұмыстарының түрлері.
ҒЗЖ теориялық бөлімінде аналитикалық зерттеу негізінде алынған процесстің немесе нысанның белгілі физикалық заңдылықтарға негізделе отырып, оның заңдылықтары орынатылып, зерттеу процесстерінің оптимальды жағдайлары бағдарланады.
Экспериментальды жұмыста жоғарыдағы көздеулердің барлығы экспериментальды жолмен орындалады.
Текстиль өндірісіндегі ҒЗЖ келесі түрлерге бөлінеді:
Технологиялық процесстердің заңдылығын ашатын, процесстердің эффектілігін жоғарлату, өнімнің сапасын арттыру, машиналардың конструкциясын жетілдіру және өндірісті автоматизациялау мақсатында механизмдер мен машиналардың оптимальды жұмыс режимін анықтайтын теоретико экспериментальдық;
Жаңа жасалған текстиль машиналарын тексеруге бағытталған экспериментальдық жұмыстар, яғни олардың механизмдері мен құрылғыларының сенімділігін, ұзақ мерзімділігін, қызмет ыңғайлылығын, өнімділігін, шығаратын өнімінің сапасын тексеруге бағдарланған жұмыс;
Ізденіс зерттеу жұмыстары.
Достарыңызбен бөлісу: |