5В073300–«Тоқыма материалдарының технологиясы және жобалануы»



бет1/55
Дата07.01.2022
өлшемі323 Kb.
#16924
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   55
Байланысты:
Дәрістер кешені


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

АЛМАТЫ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Жеңіл өнеркәсіп және дизайн факультеті

Тоқыма өндірісінің технологиясы кафедрасы

ТК TOPZAK 3211 – «Тоқыма өндірістерінің процестерін зерттеу әдістері мен құралдары» пәні бойынша
5В073300–«Тоқыма материалдарының технологиясы және жобалануы»

мамандығы студенттері үшін



ДӘРІСТЕР КЕШЕНІ


Алматы, 2020 ж.

Дәріс 1

Кіріспе дәріс. ҒЗЖ этаптары және түрлері
Кез келген ғылыми зерттеу жұмыстары объектінің, құбылыстың, процесстің теориялық және экспериментальдық ізденулерінен тұрады. Эксперимент ғылыми зерттеудің негізгі құрамдық бөлімі. Эксперимент деген сөз латыннан тәжірибе, өлшем деген мағынада аударылады.

Экпериментальдық зерттеулер бірнеше секундтан апталап, айлап, жылдап жалғасуы мүмкін. Құрал жабдықтардың, қондырғылардың, стенділік құрылғылардың жұмысындағы кемшіліктер, қолданылатын шикізат қасиетінің өзгеруі эксперимент нәтижелеріне кері әсерін тигізеді, уақытының созылуына, экономикалық шығынының артуына әкеледі.



Сондықтан:

  • Зерттеуді бастардан бұрын шикізаттың немесе материалдың сапасын тексеру қажет;

  • Құрал жабдықтың жағдайын бағалау қажет;

  • Таныс емес құрал жабдықпен жұмыс жасардан бұрын, олардың инструкциясымен мұқият танысу керек;

  • Зерттеу нәтижелері жоғары дәлдікте шығу үшін экспериментатордың толық зейін қоюы және тиянақтылығы, жоспарды дұрыс құруы, зерттеуді аса ұқыптылықпен жүргізе алуы үлкен рөл атқарады;

  • Зерттеуде жаңа тәсіл немесе жаңа құрылғы қолданылған жағдайда, олар алдың ала тексеруден өтіп, мәндерінің дәлдігі бұрынғы методика бойынша тексеріледі;

  • Жұмысты бастар бұрын барлық өзгеріс диапазонында бірнеше тәжірибе жасаған дұрыс;

  • Жұмыс аяқталған соң, кері бағытта зерттеуді қайта жүргізген дұрыс. Осылайша құрылғының тұрақтылығын, зерттеу нәтижелерінің ақиқаттығын анықтауға болады;

  • Бірқатар зерттеулерден кейін нәтижелерін таңдалған заңдылықтарға сай қортынылдылап отыру қажет.

Эксперимент кезінде өлшемдердің саны маңызды аспект болып табылады. Кез келген эксперимент бірнеше рет қайталануы қажет. Ондай қайталаулар:

  • құрылғылардан көрсеткіштерді жазып алу кезіндегі қателіктерді анықтайды;

  • өлшем қателіктерін бағалауға мүмкіндік береді.

Экспериментердің нәтижесі әртүрлі тәсілде көрсетіледі. Ең көрнектісі таблицалар, схемалар, графиктер және суреттер болып саналады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   55




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет