Дәріс 4
Активті және пассивті эксперимент негіздері
Кез келген эксперименттің мақсаты зерттеу нысаны жайлы ақпараттар алу. Эксперимент кезіндегі негізгі көздеу нәтиженің ақиқаттығын сақтай отырып, уақытты және сынақ сандарын мүмкіндігінше минимизациялау. Сондықтан зерттеу жұмысының негізі экспериментті дұрыс жоспарлау. Ол үшін зерттеу мақсатын алын ала нақты жобалап, зерттеу нысанын дұрыс таңдап, сол нысан жайлы белгілі ақпараттарды зерделеп, анализ жасау қажет. Ғылыми зерттеу жұмыстарда бір кездей соқ көрсеткіштің Х (фактор) келесі У (оптимизация критериясы) әсер ету формасын және деңгейін білу қажет. Екі көрсеткіштердің арасындағы осындай статистикалық тәуелділікті корреляциондық және регресиондық анализдың көмегімен анықтайды. Оның негізін ағылшын математигі Френсис Гальтон қалаған.
Регрессионды анализ дегеніміз құылыстар (процесстер) арасындағы көптеген факторларға тәуелді байланыстардың заңдылығын зерттеу. Статистикалық байланыс тәуелсіз Х және құбылмалы У арасын байланыстыратын математикалық модель немесе регрессионды сипаттама түрінде келтіріледі.
Регресионды тәуелділіктердің мысалы:
Сөйтіп, зерттеудің негізгі мақсаты процесстің оптимизация параметрі У пен фактор Х арасындағы байланысты сипаттайтын математикалық модельді тұрғызу.
У = f(Х1, Х2, …. Хj)
Бұл функцияның алгебралық келтірілуін эмпирикалық формула немесе регрессионды математикалық модель деп атайды.
Қолданылатын әдебиеттер
Достарыңызбен бөлісу: |