6 – тақырып Қазақ тілінің лексикографиясы



Дата16.10.2023
өлшемі15,89 Kb.
#115753
Байланысты:
лек 6


6 – тақырып Қазақ тілінің лексикографиясы.
Қарастырылатын мәселелер:
1. Сөздік жасау принциптері.
2. Лингвистикалық сөздіктердің түрлері.
Лексикография (гр. сөз - жазу) сөздіктерді құрастыру, сөздік жұмысының практикасы деген ұғымды білдіреді. Лексикография семасиологияға сүйене отырып, сөздіктерді құрастырудың теориясын жасайды.
Сөздікте сөздің мағыналары талданады, қандай стильге тән екені белгіленеді, грамматикалық мінездеме беру қажет болады.
Тіл – тілде сөздіктер көп. олардың әрқайсысы түрлі мәдени қажеттілікті өтеу үшін жасалады.
Лингвистикалық сөздіктер
І. Сөздердің шығу тегі мен олардың семантикасының дамуы туралы сөздіктер. а) этимологиялық сөздік ә) тарихи сөздік.
ІІ. Қазіргі тілдегі сөздердің мағыналарын түсіндіріп, олардың қолданылуы жайлы сөздіктер. а) түсіндірме сөздік, ә) аударма сөздік; б) терминологиялық сөздік, в) диалектологиялық сөздік, г) фразеологиялық сөздік, д) синонимдер сөздігі, е) омонимдер сөздігі, ж) антонимдер сөздігі, т.б.
ІІІ. Сөздердің дыбыстық құрылысы мен жазылау туралы сөздіктер:
а) орфоэпиялық; ә) орфографиялық сөздіктер.
Лингвистикалық емес сөздіктер:
1. Энциклопедиялық сөздік.
2. Иллюстративті сөздік.
Түсіндірме сөздік. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі І т. 1959, ІІ т. 1961 ж. шыққан. (жетістігі мен кемшіліктері туралы).
Соңғы 10 томдық түсіндірме сөздік туралы.
Аударма сөздік. Бұл сөздіктің 2 түрі бар: шет тілінен ана тіліне, ана тілінен шет тіліне аудару. Ең көп кездесетіні – екі тілді аударма сөздік. «Қазақша – орысша сөздік» (1954) (Н.Сауранбаев).
Терминологиялық сөздік – (1948 ж.) С.Арзымбетов. Орысша-қазақша ауылшаруашылық сөздігі, 1955. Т.Мұсақұлов. Орысша-қазақша биология терминдерінің сөздігі (1960) т.б.
Қазіргі 31 томдық терминдер сөздігі.
Диалектологиялық сөздік. Ж.Досқараев сөздігі 1955 ж. С.Аманжолов сөздігі 1960. ҚТДС, 1969 ж.
Фразеологиялық сөздік. І.Кеңесбаев ҚТФС, 1977. Х.Қожахметова 1978.
Синонимдер сөздігі алғаш 1962 ж. Ә.Болғанбаев. Ә. Болғанбаев, С.Бизақов.
Орфоэпиялық сөздіктер Қ.Нисталиева, 1977, 15.000 сөз қамтылған. М.Дүйсебаева, 1981 ж.
Этимологиялық сөздік. 1966 ж. 333 сөздің түп-төркіні, алғашқы мағынасы түсіндірілген. Өте мұқиятты жұмысты қажет ететін, құрастырушы қиын сөздік.
(Басқа сөздіктер туралы және авторлық сөздік, қанатты сөздер сөздігі жалпы лингвистикалық сөздік пен энциклопедиялық сөздіктің айырмашылығы, түзілу реті жайлы баяндау).
2. Түркі түлдерінің ең алғашқы сөздігі Махмұд Қашқаридің 1068 ж. жасаған «Диуани лұғат түрки» тілдері сөздігі. Бұл – үш томдық сөздік. Түркі тектес халықтардың ортақ қазынасы. Түркі тілдерінің 31 бұтағының 10.000 жуық сөз, сөз тіркестері арабшаға, 300 жуық өлең-жы, мақал-мәтелдер берілген. М.Қашқаридің сөздігі 1915, 1917, 1939-43 ж. түрік тіліне, 60-63 ж. өзбек, ұйғыр (1980) тіліне аударылған. «Китаб тарджуман фарсы уа турки уа моғоли» деп аталатын сөздік ХІVғ. Ибн-аль Мухана. Қыпшақ тілдері материалдары берілген.
1312 ж. Каир «Түркі тілдерінің түсіндірме кітабы» шықты. Абу Хайнан. 300 жуық қыпшақ сөзі берілген. 1787 ж. акад. Паллас «Барлық тілдер мен наречиелердің салыстырма сөздігі» деп аталатын сөздік 4 том болып шықты.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет