Мектебі:
|
«Қазығұрт жалпы орта білім беретін мектебі» КММ-сі
|
Күні: 02.03.2018ж.
|
Пәні: математика
|
Сыныбы: 5
|
Тақырыбы: Ондық бөлшектерді дөңгелектеу. (2-сабақ)
|
Мұғалімнің есімі: Курбанова Г.Ш.
|
|
Қатысушылар саны:
|
Қатыспағандар саны:
|
Оқу мақсаты:
|
5.1.1.15 санның жуық мәні ұғымын білу;
5.1.2.32 ондық бөлшектерді берілген разрядқа дейін дөңгелектеу;
|
Сабақтың
мақсаты:
|
Білу
|
Санның жуық мәні ұғымын біледі;
|
Түсіну
|
Ондық бөлшектердің жуық мәнін табу ережесін тұжырымдай алады;ондық бөлшектің артығымен және кемімен жуық мәнін табуды ажырата алады;
|
Қолдану
|
Ондық бөлшектердің жуық мәнін табу ережелерін пайдаланып, есептеулерді дұрыс жүргізе алады;
|
Талдау
|
Ондық бөлшектерді дөңгелектеудің маңыздылығын түсініп, есептеулеріне талдау жасай алады.
|
Жинақтау
|
Есептер құрастырады және есептеулеріне зерттеу, талдау жасай алады.
|
Бағалау
|
Құрастырған есептеріне бағалау дескрипторларын жасай біледі
|
|
Тілдік мақсат/
негізгі ұғымдар мен терминдер
|
Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер: бүтін бөлік, бөлшек бөлік; ондық бөлшек; үтірмен ажыратылатын таңбалар саны; үтірден кейінгі таңбалар саны; ондық, жүздік, мыңдық және т.с.с. үлестер; жоғары (үлкен) разряд; төменгі (кіші) разряд; разрядтық бірліктер; ондық таңбалар, сандарды дөңгелектеу. Жай бөлшекті ондық бөлшек түрінде жазу үшін ... керек; ондық бөлшекті қандай да бір разрядқа дейін дөңгелектеу үшін ... керек.
|
Құндылықтармен
байланыс.
|
Оқушылардың:
Топтық жұмыс арқылы оқушылар бір – бірін сыйлауға, өзгенің пікірін тыңдауға, ұйымшылдыққа бейімделеді. Көшбасшылық, жауапкершілік сезімдері дамиды, белсенділігі артады, сыни тұрғысынан ойлау қабілеті қалыптасады. Уақытты ұтымды пайдалануға тәрбиеленеді. «Туған жер» бағдарламасының міндеттерін орындау.
|
Алдыңғы білім
(меңгерген дағдылар)
|
Ондық бөлшектерге арифметикалық амалдар қолдану дағдыларының болуы.
|
|