№6 (163), наурыз 2014 жыл



Pdf көрінісі
бет2/4
Дата06.03.2017
өлшемі8,15 Mb.
#8293
1   2   3   4

ЕУРАЗИЯ УНИВЕРСИТЕТІ

№ 6 (163), 

наурыз, 2014 жыл

ТАРИХ ТАҒЫЛЫМЫ

«Әлихан Бөкейхан: Марксизмнен – ұлттық «Алаш» 

идеясына дейінгі эволюциялық жол»

Биыл Алаштың арыстарына 

120 жыл толады

Мемлекет және қоғам қайраткері Тұрар Рысқұлов 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалысқа, 1917 

жылғы  төңкеріске  қатысушы  тұлға.  Ол  1907-1910  жылдары  Меркідегі  орыс-қазақ  бастауыш 

мектебінде, ал 1910-1914 жылдары Пішпектегі (қазіргі Бішкек) ауыл шаруашылық училищесінде 

оқиды,  бітіргеннен  кейін  бау-бақшашы  мамандығын  алады.  1914-1916  жылдары  Т.Рысқұлов 

Меркіде және Ташкент түбіндегі далада жұмыс істейді.

1916  жылдың  жазында  ол  Әулиеата  оязында  отаршылдыққа  қарсы  қарулы  көтерілісті 

ұйымдастырады,  сонысы  үшін  қамауға  алынады.  1916  жылы  күзде  Т.Рысқұлов  Ташкенттегі 

мұғалімдер институтына оқуға түседі.

1917  жылғы  революция  кезінде  патшаның  тақтан  құлағаны  жөнінде  хабар  алған  сәттен 

бастап, Т. Рысқұлов Ташкенттегі оқуын тастап, елге оралады. 1917 жылдың басында Әулиеатада 

Тұрар «Қазақ жастарының революциялық одағын» ұйымдастырды, 1918 жылы ол Әулиеата оязы 

Совдепі төрағасының орынбасары қызметін атқарды.

1918  жылғы  қазанда  Кеңестердің  VI  съезінде  Т.Рысқұлов  Түрк-ОАК  құрамына  кіреді, 

онан  кейін  ол  Түркістан  Республикасының  денсаулық  сақтау  халкомы  болып  тағайындалады. 

Кейінірек  Түркістан  Республикасы  ОАК  төрағасының  орынбасары  қызметіне  тағайындалады. 

1919 жылы Тұрар Рысқұлов Түркістан ОАК жанындағы аштықпен күресу жөніндегі ТК Орталық 

комиссиясының  төрағасы,  Ферғанадағы  басмашылармен  күресу  жөніндегі  комиссия  төрағасы 

болды. Ол Түркістанды мекен еткен түркітілдес халықтың бірегей басшысы болады. 1920 жылы 

Түркістан Компартиясы ОК-нің мүшесі және Түркістан АКСР ОАК Төрағасы болып сайланады.

Оның қаламынан ондаған кітап, кітапша, 100-ден аса мақалалар шықты.

ТҰРАР РЫСҚҰЛОВ 

Жиын 

басталмас 



бұрын 

делегация  құрамы  Астананың 

«Жастар»    шағын  ауданы 

аумағында  орналасқан  «Қара-

өткел»  мұсылмандар  зиратында 

болып, 


таяуда 

елордалық 

жастардың  «Жас  азамат»  ұйымы 

тапқан Хан Кененің ел тәуелсіздігі 

үшін жанын қиған 250 сарбазының 

рухына тағзым етті. Бейіт басында 

белгілі 

алаштанушы 

ғалым, 

университет  проректоры  Дихан 



Қамзабекұлы  сөз  сөйлеп,  сан 

жылдар бойы сырын ішіне бүккен 

тарихи  тастағы  жазулардың  мән-

маңызын ашып берді. Қабір басына 

тұрғызылған  тастағы  мәтін  сол 

көне түркілердің тас бітіктеріндегі 

эпитафиялық мәтіндерге өте ұқсас 

екенін  білдік.  Онда:  «Ережеп 

айының....  оразасы»,  «1838-ші 

жыл,  Сармырза»,  «Қайыролла... 

қолының»,  «Саржанұлы»,  «50 

жасауыл  Ақмола»,  «Ханның  ұлы 

төрелер 200 сардар», «Көшті Алла-

тағалла  әрбір  шаҺит»  Қыршын 

жасын...» деген мәтін бар.

Құлыптастағы  бұл  жазулар 

хан  Кенесары  сарбаздарының 

қазақ елінің мәңгілік болып қалуы 

үшін  жандарын  қиғанын  паш 

етіп  тұр.  Аңғарған  адамға  оның 

аржағында  үлкен  философиялық 

ой,  тарихи  тұжырым  жатыр.  Бұл 

жерде  қыршын  сарбаздардың 

қасық қанын қиюы ел болашағын 

тереңнен ойлағанын пайымдатады: 

Мәңгілік  Ел  болуды  көксегендері 

жатыр.

  «Мәңгілік  Ел»  болу  идеясы 



Алаш қайраткерлерінің де ойында 

болғанын бүгінгі конференциядан 

аңғара  түстік.  Бұл  асыл  мұрат 

Елбасы 


Н.Назарбаевтың 

бастауымен  Қазақстан  егемендік 

алғаннан  бері  соңғы  22  жыл 

уақыт 


ішінде 

біртін-біртін 

орындалып  келе  жатқандығының 

куәсіміз.  Кезінде  Ұлы  Түрік 

қағанаты  Елбасыларының:  «түнде 

ұйықтамай, 

күндіз 

отырмай, 



қара  терін  төгіп,  қызыл  қанын 

ағызып»  «Мәңгі  елдің»  іргесін 

қалап  кетсе,  дәл  осыны  жаңа 

дәуірде  «Мәңгілік  Ел»  идеясы  іс 

жүзінде  тарихи  сабақтастықта 

бірін-бірі жалғастырып отырғанын 

атап  кетсек  артық  емес.  Оған 

Елбасының  өзі  «Мәңгілік  Ел» 

боламыз  деп,  «Қазақстан  жолы-

2050:  бір  мақсат,  бір  мүдде,  бір 

болашақ» атты Қазақстан халқына 

арнаған  Жолдауында  белгілеп 

беруі куә.

Бұдан  кейін  конференцияға 

қатысушылар  Алаш  қайраткері 

Смағұл  Сәдуақасовтың  рухына 

қойылған  ескерткіштің  басына 

барды.  Бас  иіп,  тағзым  жасады, 

құран  бағыштады.  Сондай-ақ 

конференция  аясында  Әлихан 

Бөкейхан  туралы  көрсетілген  20 

минуттық деректі фильмнен Алаш 

қайраткері  Әлихан  Бөкейханның 

бүкіл өмір жолын аңғарасыз. 

Сөйтіп, 

көптен 


күткен 

республикалық 

конференция 

да  басталып  кетті.  Басқосуды 

Л.Н.Гумилев  атындағы  Еуразия 

ұлттық  университеті  ректорының 

әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі 

орынбасары, белгілі Алаштанушы 

ғалым  Дихан  Қамзабекұлы  ашып, 

конференция  жұмысына  сәттілік 

тіледі. 

Алғашқы 


құттықтау 

сөзді  Парламент  Мәжілісінің 

депутаты,  жазушы,  Мемлекеттік 

сыйлықтың  иегері  Алдан  Смайыл 

алып,  Алаш  қайраткері  Әлихан 

Бөкейхан  туралы  жан-жақты 

әңгімелеп  берді,  тіпті  қолында 

Әлихан 


Бөкейхан 

туралы 


құнды  деректердің  бар  екенін, 

қажет  болса  оны  Алаштанушы 

ғалымдарға  өткізетінін  жеткізді. 

Одан кейін Парламент Мәжілісінің 

депутаты  Азат  Перуашев  «Ақ 

жол»  демократиялық  партиясы 

Алаш 

қайраткерлерінің 



ісін 

жалғастырушы  екенін  атап  өтті. 

Сөз  реті  келгенде  академик  Сейіт 

Қасқабасов  Алаш  қайраткерлерін 

алғаш  рет  ақтап  алуда  арнайы 

құрылған  комиссия  құрамында 



Еуразия  ұлттық  университетінде  Әлихан  Бөкейханның  туғанына  147  жыл 

толуына  арналған  «Әлихан  Бөкейхан:  Марксизмнен  ұлттық  «Алаш»  идеясына  дейінгі 

эволюциялық жол» атты республикалық ғылыми конференция өтті. Еуразия ұлттық 

университетінің  «Алаш»  институты  ұйымдастырған  шараға  белгілі  мемлекет  және 

қоғам  қайраткерлері,  профессор-ғалымдар,  сонымен  қатар  Алаш  қайраткерлерінің 

ұрпақтары Ризабек Кемеңгеров, Жамбыл Камелов, Достық Камелов, Өтелбек Шынанов, 

Светлана Тыныбекова, тағы басқа да азаматтар қатысты.

болғанын,  оған  сол  кездері 

идеология  саласын  басқарған 

мемлекет  және  қоғам  қайраткері 

Өзбекәлі  Жәнібековтің  үлкен 

қамқорлық  жасағанын  тілге  тиек 

ете келіп, конференция жұмысына 

мол табыстар тіледі.

Толық 

мағлұмат 



алған 

конференцияға 

қатысушылар 

одан  кейін  тарихшы-ғалымдар 

С.Жүсіптің  «Әлихан  Бөкейхан 

өмірінің  басты  кезеңдері  мен 

сәттері», 

Д.Қамзабекұлының 

«Ұлт 

зиялыларының 



білім 

саласын 


дамытудағы 

рөлі», 


Б.Аяғанның 

«Әлихан 


Бөкейхан  саяси  көзқарасының 

эволюциясы», 

Н.Дулатбековтің 

«Алаш 


ардақтыларының 

Санкт-Петербордағы 

іздері», 

М.Әбсеметовтің    «Әлихан  Бөкей-

хан    және  академик      Владимир 

Вернадский», 

Т.Шанбайдың 

«Алаштың 

пассионарлық 

қуаты»,  С.Байдалының  «Алаш 

рухы  және  мемлекеттік  тіл», 

З.Қабылдиновтың 

«Ұлттық 

тарихты  оқудағы  Ә.Бөкейханның 

ролі», 

Е.Сайлаубайдың 



«Әлихан 

Бөкейхан 

және 

Алашорданың 



мемлекеттік 

құрылымы» 

тақырыбындағы 

баяндамаларын тыңдады. Сондай-

ақ  конференцияға  қатысушылар 

Алаш қайраткерлерінің көрегендік 

ісі  туралы  әңгімелеп,  жарыссөзге 

шығып 


сөйлеуші 

ғалымдар 

тағылымы мол көп нәрсе айтты. 

Конференция 

барысында 

Әлихан 


Бөкейхан 

шығармаларының 

томдық 


жинағының 

тұсаукесер 

рәсімі  ұйымдастырылды.  Бұл 

кітапта  Әлихан  Бөкейханнның 

өмірі, 

шығармашылығы 



мен 

қайраткерлігі  туралы  айтылған. 

Жұртшылық 

біле 


бермейтін 

мұрағат  материалдары  негізінде 

жарық  көрген  шығарма  қазақ 

ұлтының тарихын зерттеушілерге, 

қалың 

оқырман 


қауымға 

арналыпты.

Сонымен,  көптен  күткен 

«Әлихан  Бөкейхан:  Марксизмнен 

–  ұлттық  «Алаш»  идеясына 

дейінгі 


эволюциялық 

жол» 


атты  республикалық  ғылыми 

конференция  өз  мәресіне  жетті. 

Жиында  Елбасының «Халық: тарих  

толқынында» 

бағдарламасын 

дамыту  жөніндегі  тапсырмасын 

жүзеге  асыру  мақсатында  және 

конференцияда  айтылған  ұсыныс 

тілектер 

ескеріле 

отырып, 

арнайы  қарар  қабылданды.  Онда 

Астанадағы  Мирзоян  көшесін 

Әлихан  Бөкейхан  деп  өзгерту 

және Елордадан Алаш алаңын ашу 

секілді жағымды жаңалықтар бар.

«Әңгіме-дүкен»  әдеби-герме-

невтикалық 

клубының 

кезекті 


отырысында  ф.ғ.д.,  профессор,  ҚР 

ҰҒА  академигі  Сейіт  Асқарұлы 

Қасқабасовпен кездесу өтті. «Жақсы 

адам  қартайса  қазына»  дегендей, 

Сейіт  Асқарұлы  жаңа  шыққан  жас 

өрім – студенттер қауымына саналы 

ғұмырында  көрген,  түйгендерін 

ортаға  салды.  Кездесу  жас  буын 

мен көпті көрген қария арасындағы 

сыр  сұхбат  күйінде  өтті.  Жастар 

тарапынан жолданған сұрақтар легі 

толастамады. 

Әңгіме  тек  қана  әдебиет 

төңірегінде  ғана  емес,  еркін 

тақырыпта да өрбіді. Желкілдеп өсіп 

келе жатқан ертеңгі ел тұтқасы осы 

студенттер қауымы деген академик  

жетпістің  төріне  шыққан  жасына  қарамай,  кеш  бойы  бел  бүкпей, 

қаз тұрып студенттердің сауалына жауап беріп, пікірлерін тыңдады, 

ойына  ой  қосты.  Осылайша  ғалым  ағамыз  бұл  өмірдегі  ең  үлкен 

мамандық  ғылыми  дәрежеде  емес,  адамгершілігіңнің  дәрежесінде 

екенін, үлкеннің елі алдындағы қашанғы міндеті «кішіге ізет» көрсету 

екенін  аңдата  білді.  Бір  сөзінде  ғалым  ағамыз:  «Балаларым,  өмірде 

екі  нәрседен  қателеспеңдер:  бірі  –  мамандық  таңдаудан,  екіншісі  – 

жар таңдаудан. Екінің бірінен дұрыс таңдау жасамасаңдар, өмірлерің 

өксікпен  өтеді»  деп,  жастарға  аталық  өсиетін  айтты.  Академик 

ағамыздың  жастарға  деген  риясыз  көңілі,  келелі  кеңесі  жастардың 

ойын ұштап, бойына қуат дарытты деген сенімдеміз

Клубтың отырысында «Шабыт» қазақ ұлттық өнер университетінің 

студенті,  домбырашы    Ақжусан  М.  Хамзиннің  «Белгісіз  солдат», 

Сүгірдің  «Қосбасар»  күйлерін  орындап,  рухымызды  асқақтатып, 

көңілімізде  күй  шалқытты.  Кеш  соңын  клубтың  тұрақты  қонақтары 

- қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының магистранты, айтыскер ақын 

Ардакерей Кәпұлы мен жас ақын қызымыз Ләззат Мақаш жүрекжарды 

жырларымен көптің көңілін көтеріп тастады.

Баспасөз қызметі

Тәлімі мен тағылымы мол кездесу


5

ЕУРАЗИЯ УНИВЕРСИТЕТІ

№ 6 (163), 

наурыз, 2014 жыл

ЕЛ БОЛАШАҒЫ

Биыл Алаштың арыстарына 

120 жыл толады

Ілияс  Жансүгіров  –  ақын,  қоғам  қайраткері.  Ол  алғашында  өз  әкесінен,  ауыл 

молдаларынан  сауат  ашқан.  1919  жылы  Ташкенттегі  екі  жылдық  мұғалімдік  курсқа 

түседі. Оны бітірген соң өз ауылында мұғалім болып, кейін «Тілші» газетінде қызмет 

атқарады.  1922  жылы  Верныйдағы  (Алматыдағы)  Қазақ  ағарту  институтының 

меңгерушілігіне тағайындалады.

1925  жылы  Мәскеудегі  Журналистика  институтына  оқуға  түсіп,  оны  1928  жылы 

бітіріп  шыққан  соң,  «Еңбекші  қазақ»  (қазіргі  «Егемен  Қазақстан»)  газетіне  қызметке 

жіберіледі. Жансүгіров шығармашылық жұмыспен қатар Қазақстан Жазушылар одағын 

ұйымдастыру  ісіне  де  белсене  қатысқан.  Жазушылар  одағының  алғашқы  төрағасы 

болып сайланған. 1934-1937 жылдары Қазақ саяси баспасының редакторы, сонымен бір 

мезгілде; 1933-1936 жылдары Қазақ АКСР-і ОАК-нің мүшесі болды.

Жансүгіровтің  баспа  бетін  көрген  алғашқы  туындылары  «Сарыарқаға»,  «Тілек» 

деген өлеңдері. Алғашқы жинағы 1928 жылы 34 жасында жарық көрген.

Оның шығармалары сан салалы, көп қырлы. Жансүгіров халықтың бай фольклорын 

жинасуға,  оның  озық  үлгілерін  халық  игілігіне  айналдыруға,  басылып  кітап  болып 

шығуына  үлкен  үлес  қосқан.  І.Жансүгіров  әдебиет  сынына  да  араласып,  әдеби 

көркем сын жанрының дамуына атсалысты. Ол А.С.Пушкиннің, М.Ю.Лермонтовтың, 

Н.А.Некрасовтың,  М.Горькийдің,  Г.Гейне  мен  В.Гюгоның,  Тоқайдың  шығармаларын 

қазақ тіліне аударып, қазақ әдебиетінің әлем әдебиетімен байланысын кеңейтті.

ІЛИЯС 

ЖАНСҮГІРОВ 



Еуразия ұлттық университетінде «Модульдік білім беру бағдарламасын құзыреттілік 

тұрғысынан қарау жолдары» тақырыбында  ғылыми-практикалық конференция өтті. 

Конференция  жұмысына  120  адам  қатысты,  оның  ішінде  университеттің  ректор 

аппараты,  әкімшілік-ұйымдастыру  аппараты,  факультет  декандары,  кафедра 

меңгерушілері,  профессор-оқытушылар  құрамы,  Тұран-Астана  университетінің  о 

қытушылары  және  мектеп  мұғалімдері  қатысып,  өз  ойларын  ортаға  салып,  тәжірибе 

алмасты.

Конференция  жұмысы  өзектілігімен,  қазіргі  кездегі  талаптарға  сәйкестілігімен 

тартымды    өтті.  Әсіресе,  филология  ғылымдарының  докторы,  профессор  М.Б. 

Нұртазинаның баяндамасы заман талабына сай слайд арқылы анық, түсінікті баяндалып, 

қатысушылардың  қызығушылығын  тудырды.  Баяндаманы  университеттің  әрбір 

факультетінде жастарға арнайы семинар ретінде жүргізуге ұсыныс жасалды.



Модульдік білім беру бағдарламасы

Ақпараттық  технологиялар  фа культетінде  деканның  сту­

денттермен  жұ мыс  жөніндегі  орынбасары  Рахим жанова  Мира 

Бейсенбайқызының  ұйымдастыруымен  «Қазақтың  қазақ 

болғанын  қалаймын»  атты  Қалқаман  Саринмен  кездесу  кеші 

өтті. 

  Кешті  2  курс  студенті  Басықара  Бексұлтан  жүргізді.  Кездесу 

барысында студенттер ақынның өмірі мен шығармашылығына қанық 

болды.  Кеш  сұхбат  түрінде  өрбіп,  ақын  өмірлік  көзқарастарымен 

бөлісті. «Жастар бос уақыттарын ғаламтор ішінде өткізетіні барлығына 

мәлім.  Ғаламтор  ішінен  жақсы  тәлім-тәрбие  алу  үшін  ғаламторды 

әдебилендіру керек», –  деп Қалқаман Сарин ой бөлісті. 

Кездесу  кешінің  қонақтары  көлік  және  энергетика  факультеті 

деканының  орынбасары  Балабиева  Гүлнар  Серікқызы,  экономика 

факультеті  деканының  орынбасары  Акимов  Жақсылық  Махмұтұлы 

болды. Студенттердің көкейінде жүрген салмақты сауалдарын сұрап, 

мардымды жауап алды. 

Кеш Қ.Сариннің әндерімен жалғасын тапты. «Өмір өлшемі» өлеңі 

видео  ретінде  көрсетіліп,  оның  шығу  тарихы,  мәні  жөнінде  жауап 

алынды. 

 «Қазақтың қазақ 

болғанын қалаймын»

Университетімізде 

өт-

кен 


дөңгелек 

үстелдің 

тақырыбы  осылай  аталды. 

Сондай-ақ 

осы 

шара 


аясында  «Мемлекеттік  тіл 

–  рухани  жедел  жаңарудың 

негізі»  атты  Мәдениет  және 

рухани  даму  институтының 

ғалымдары 

дайындаған 

кітаптардың 

тұсаукесер 

рәсімі болды. Дөңгелек үстел 

басындағы  әңгімені  ЕҰУ 

әлеуметтік-мәдени 

даму 


жөніндегі  проректоры,  ҚР 

ҰҒА  корреспондент-мүшесі, 

филология  ғылымдарының 

докторы,  профессор  Дихан 

Қамзабекұлы 

жүргізіп 

отырды.  Шараға  Жабайхан 

Әбділдин, 

Ғарифолла 

Есім,  Мұхтарбай  Өтелбаев, 



Тілдің мәңгілік тұғыры

Сейіт  Қасқабасав  сынды 

академиктермен 

қатар 


Қаржаубай 

Сартқожаұлы, 

Амантай  Шәріп,  Сұлтанхан 

Аққұлы  сынды  ғалымдар 

қатысып,  өз  ой-пікірлерін 

ортаға салды.

Л.Н.Гумилев  атындағы 

ЕҰУ  жанындағы  Мәдениет 

және рухани даму институты 

өзінің  ашылған  күнінен 

бастап  жан-жақты  ғылыми 

ізденістерді  қолға  алып 

келеді. Нәтижесі жаман емес, 

бірнеше  жылдың  ішінде 

қазіргі қоғамның сұранысына 

сай көптеген еңбектер жарық 

көріп,  оқырман  қауымның 

қолына тиіп үлгерді. 

ҚР  Президенті  Н.Ә.На-

зарбаевтың  жыл  сайынғы 

Қазақстан 

халқына 


Жолдауында  тіл  тағдыры 

назардан  тыс  қалған  емес. 

Биыл  да  ол  «Мәңгілік  ел» 

идеясының  аясында  көрініс 

тапты. 

Мәңгілік 



елдің 

мәңгілік  тілі  болуы  тиіс. 

Оқу  орнымызда  да  «Тіл 

қайтсе  тұғырлы  болады?» 

немесе 

«Тарихи 


негізін 

сақтай  отырып,  туған  тілдің 

мәңгілік  өмірін  қамтамасыз 

етудің  жолдары  бар  ма?» 

дейтін  сұрақтың  жауабы 

толғандыратын 

ғалымдар 

аз 


емес. 

Сондықтан 

ұйымдастырылып  отырған 

«Тілдің  мәңгілік  тұғыры» 

атты 

дөңгелек 



үстелдің 

негізгі 


мақсаты 

Елбасы 


Жолдауын 

насихаттау, 

әрі  Жолдау  аясында  тілді 

мәңгілік  етудің  жолдары 

туралы 

ғалымдардың 



пікірлерін 

ортаға 


салып,  түйінді  ойларды 

жұртшылыққа 

жариялау 

болатын. 

Бұл 

тұрғыдан 



келгенде, 

іс-шараны 

ұйымдастырушылардың алға 

қойған мақсаты орындалды.



6

ЕУРАЗИЯ УНИВЕРСИТЕТІ

№ 6 (163), 

наурыз, 2014 жыл

БІЗДІҢ ҚОЛ ЖЕТКЕН ЖЕТІСТІКТЕРІМІЗ

* * *


 

Үстіміздегі жылы Еуразия ұлттық университеті білім беруді бағалау 

бағытындағы Quacquarelli Symonds (QS) халықаралық компаниясының 

соңғы QS Top 50 Under 50 рейтингісінің нәтижесінде 32 орын алды. Бұл 

құрылғанына 50 жыл толмаған оқу орындары арасында өткізілген болатын. 

Мұндай атақ Орта Азияда жоқ, Орта Азия былай тұрсын, ТМД-да жоқ. 

Бұл құрылғанына 18 жыл ғана болған оқу орны үшін үлкен жетістік, мерейлі 

мәртебе. 

Осы рейтингке қатысқан елдердің ішінде Гонконг, Сингапур, Оңтүстік 

Корея, Малайзия, АҚШ, Испания, Нидерланды, Финляндия, Австралия, 

Швеция, Бельгия, Тайван, Ұлыбритания, Канада, Жапония, Бразилия, 

Германия, Норвегия, Дания, Аргентина, Италия, Израиль, Португалия, 

Франция және Сауд Арабиясы сынды елдердің алдыңғы қатарлы білім 

ордалары болды. 

* * *

Ерекше айта кету керек, ЕҰУ отандық 116 ЖОО арасынан Қазақстан 



бойынша Webometrics рейтингісіне сәйкес бірінші орынға және бүкіл әлем 

бойынша 22 000 ЖОО мен білім беру ұйымдары арасынан 2 213- орынға 

тұрақтады. Республикамыз бойынша екінші орында  Әл-Фараби атындағы 

Қазақ ұлттық университеті (әлемдік рейтинг бойынша 3 760 орын), 

Қазақстан бойынша үшінші орында - С.Торайғыров атындағы Павлодар 

мемлекеттік университеті (әлемдік рейтингіде 4 017 орын).

* * *

Соңғы жылдары ғылыми-зерттеу жұмыстарының көлемі айтарлықтай өсті.  



2011 жылы университеттің бұл саласына 276 млн. теңге бөлінді.  Ғылымды 

қаржыландыру 2012 жылы – 1,1 млрд. теңгеге, ал 2013 жылы – 1,6 млрд. 

теңгеге дейін өсті. Еуразия ұлттық университетінде негізгі  5 бағыт бойынша 

жүзеге асырылып жатқан 200 ғылыми жоба қаржыландырылды. Олар 

энергетика, өнім мен шикізатты тереңдетіп қайта өңдеу, ақпараттық және 

телекоммуникациялық технология, өмір, әлемнің ғылыми интеллектуалды 

әлеуеті. Оған ЕҰУ-дің 660 ғалымы тартылған.

* * *


Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде «Start-

up» (стартап) жобасын іске қосу басталды. Жас ғалымдарға 

конкурс жарияланды. Олардың жаңалықтарынан 15 жобаны таңдап, 

қаржыландыруды университет өз мойнына алып отыр. Бұл мақсатқа 1 

миллион АҚШ доллары  көлемінде қаржы жұмсау көзделуде. 

* * *


Еуразия ұлттық университеті автономияға алғашқылардың бірі болып 

көшеді. Өйткені, университеттің білім беру кеңістігінде алатын орны бар 

және интеллектуалдық, құқықтық, материалдық-техникалық базасы талапқа 

сай келеді: оқу орны Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын сапа» 

сыйлығының иегері.

* * *


Өткен жылы университеттің оқытушы-профессорлары құрамынан 5 

адам Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Тәуелсіздік 

күніне орай Үкімет наградаларымен марапатталса, академик Әлия 

Бейсенова Мемлекеттік сыйлыққа ие болды. Сондай-ақ, Еуразия ұлттық 

университетінің 10 оқытушысы республикалық «ЖОО үздік оқытушысы – 

2013» байқауының жеңімпазы атанды.

Еуразия ұлттық университеті 

екі жыл қатарынан 

Қазақстандық тәуелсіз 

агенттігінің білім беру 

саласында сапалық көрсеткіші 

бойынша ұлттық рейтингте 

бірінші орында тұр. «QS 

World University Ranking – Top 

Universities» атты халықаралық 

рейтинг агенттігінің 

қорытындысына сәйкес 

әлемнің 400 алдыңғы қатарлы 

ЖОО ішінде 303 орынды 

иеленді. Бұл әлемнің 17000 

ЖОО арасындағы бәсекеде 

қол жеткізетін орны, яғни бұл 

Қазақстан мен Орта Азияны 

былай қойғанда, ТМД елдері 

ЖОО-лары арасында озық 

жетістік болып саналады.

* * *

 ЕҰУ үшін өткен жыл табысты 



болды: тарих факультеті, 

ЮНЕСКО этникааралық 

және дінаралық толеранттық 

кафедрасы, Қазақстан халқы 

Ассамблеясы кафедрасы 

ашылды.


7

ЕУРАЗИЯ УНИВЕРСИТЕТІ

№ 6 (163), 

наурыз, 2014 жыл

Наурыз мерекесі қалай тойланады?

Наурыз  мерекесінің  пайда 

болуы жайлы әркім әртүрлі дерек 

айтады.  Біреулер  Сүлейменнің 

жүзігі  табылған  күн  десе,  Иран 

аңыздарында  адамзаттың  отты 

пайдалана  білген  сәтін  Наурыз 

деп атаған деседі. Адамзат емес, 

бір ғана түркі тайпаларында бұл 

күн  жайлы  аңыз  да,  ертегі  де 

көп.

Түркі  халықтарында  жаңа 



жыл 

көктем 


мерекесімен 

бірге  басталады.  Яғни,  "22 

Наурыз  –  көктемнің  алғашқы 

күні"  деп  хатқа  түсірілген. 

Түркі  халықтарының  өткен 

ғасырлардағы 

тарихшы 

ғалымдарының 

еңбектерінде 

Наурыз 


мерекесінің 

қалай 


тойланғаны  жөнінде  деректер 

бар. 


Махмұт 

Қашқаридің 

«Диуани  Лұғат  ат  Түрік»  атты 

әйгілі  еңбегінде  және  Әбу 

Райхан  Бейрунидің  «Өткендегі 

бабалардан  қалған  мұралар» 

деген  кітабында  Наурыз  тойы 

жөнінде айтылған. Орта Азияны 

аралаған ерте дәуірдің саяхатшы 

ғалымдарының  еңбектерінде  де 

түркі  халықтарының  Наурызды 

қалай 


тойлағаны 

жайында 


мәліметтерді 

кездестіруге 

болады.  Мәселен,  922  жылы 

Орта  Азияда  болып  қайтқан 

белгілі  араб  саяхатшысы  ибн 

Фадлан көрген-білгендерін хатқа 

түсірген.  Ол  саяхатнамасында 

Орта 


Азия 

халықтарының 

Наурыз  мейрамын  тойлағанын 

келтіреді.

«Жалпы,  көне  дәуірде  бұл 

күндері  әр  жерге  үлкен  от 

Түрк тектес халықтардың 

он екі жануарлы ежелгі 

күнтізбесі бойынша 2014 жыл 

– жылқы жылы. Ол 2002 жылы 

ғана  келген еді, содан бері де 

бір мүшел (12 жыл) өмір өте 

шығыпты. 

Бұрындары көшпелі 

Оғыз Түрктері жыл басын 

21 Наурыздан санайтын. 

Қазірде сырларға толы 

Анадолы даласының алыс 

түкпір ауылдарында көнекөз 

қариялардың таным-түсінігі 

осындай.

Қысы аязды, жазы аптап 

шығыс  Анадолының  күнгей 

шет-қиырларында тұратын 

қариялардың мәліметтеріне 

қарағанда, «Джемре» деп аталатын және он екі күн мен тағы жарты күнге созылатын уақыт 

аралығында аспаннан үш рет от түседі!  Халқымыз «Джемре түссе қыс пен көктем бір-бірінен 

айырылады», «Джемре жаздың хабаршысы болады» деген.  Қақаған суық қарлы ақпан айының 

ат құлағы көрінбейтін екінші онкүндігінде алғашқы Джемре ауаға түседі – ауа жыли бастайды. 

Ақпанның жиырма жетінші жұлдызында екінші Джемре суға түседі – су жылиды. Жыл аяғында, 

яғни Наурыз айының бесінші күні соңғы Джемре жерге түседі – жер жылиды. Жер асты мен 

үстінен шыбын-шіркей, құрт-құмырсқа қимылдай бастайды! 

Ғасырдан-ғасырға келе жаткан әдет-ғұрып, салт-сана, әдеп-дәстүр бойынша ата-аналарымыз 

Наурыз айының алдыңғы аптасынан бастап үй ішіндегі жиһаз, мүліктің шаңын қағып, жуып 

тазартады. Құрамында мысы бар тамақ пісіретін ыдыс-аяқ пен табақ-қасықтарды толығымен 

қалайышыға жіберіп тазалатады. 

20-21 Наурыз түні ең таза қалайы ыдыс-аяқ және ыдыс атаулы табақтарды кәусәр бұлақ суына 

толтырады. Тілек айтумен бірге, үйдің ауласында таң қылаң берер уақытқа дейін оларды жауын-

шашынсыз ашық аспанды ай мен жұлдыз сәулесінің нұры түссін деген ниетпен орналастырады. 

Егер тілектер қабыл болса, ауладағы судың алтын болашағына сенімді болады екен!

«Жыл бойы ақ мол, дән тасқын-тасқын, жауын-шашын көп болсын» деп, осы киелі суда 

ырысқа (бидай, тары, арпа, сұлы, жасымық, нұт т.б.) мол етті тамақ пісіреді. Таза қалайы ыдыс 

атаулы табақтарға аққа (сүт, йогурт, айран, сүтлү, сүтлаш т.б.) толтыру. «Су жастың, ас үлкеннің» 

деген дәстүр бойынша алыс жақын көрші-қолаңға, келген-кеткен жолаушыларға сый-құрметпен 

жіберу ғұрпы сақталған. 

Наурыз  түні ауыл бойжеткендері үйдің бас бөлмесіне үш жағулы шам қойып, өздеріне 

«Бақыт құсын қондыру» тілегін айтқан.   

Күнгей шығыс Анадолы аңыздары мен әңгімелерін егжей-тегжей баяндаған көзі қарақты 

қариялардың айтуынша, есте жоқ ескі замандарда бұл күні Жер жүзінде су қозғалыссыз тоқтайды 

екен. Наурыздың жиырма бірінде таң қылаң берер уақытта «Ұлы Көк Тәңірінің» өте қысқа 

секундта «Күн» секілді нұрлы жүзі су бетінде көрінеді деседі.  Су «Жүзіңді көрдім» дегендей 

тына қалады. Осы күннен кейін жақсылықты білушілік, қасиет және құрмет көрсету ретінде су 

жауып жаңбыр, қар болады, дәрия болып теңізге аққан және өмірлік маңызы бар мұхит болып 

толады. 


Кіші Азия даласының құдай ұмытқан таулық оңтүстік шығыс ауылдарында ата-шешелеріміз 

әңгіме еткен аңыз бойынша, «Наурыз Сұлтан ай десе аузы, күн десе көзі бар ай мандайлы, қыпша 

бел, қос бұрым, сары қолаң шашты, ою-өрнекші бір қыз» болып, жеті қабат көктің үстінде жатқан. 

Анадолы шарының шығыс бөлігінен түнгі сағат жетіден бастап, күн сәулесі таңғы сағат жетіде 

себезгілеп атқан уақытқа дейін батысқа қарай аспан жолымен  кеткен» дейді. 

Сондықтан да Анадолы Түрктері, Наурыз түні көктен самал жел ессе аспаннан нұрдың 

төгілгені, ырыстың құйылғаны деп ырымдайды. Ол ең таза жел саналады. Сол дәлелді себептен, 

бақытты Анадолы даласында Наурыз түні есік пен терезелер ашық болады.

Түрк тектес ежелгі жауынгер тайпалардың арғы ата  тегі және байырғы отандары мен көшпелі 

ру тайпалық мәселелер туралы ауызекі құнды деректер қалдырған, оқу жазу былай тұрсын өз 

қолын өзі әрең қоятын қариялардың баян етуінше, «Ұлы бабаларымыздың атының тұяғы жеткен 

жартасты Ергенеқон таулық өніріне кіріп, сонда төрт жүз елу жылдай өсіп-өніп, ақырында 

сыймай, шықпақ болғанда темір тауларды өртеп құлатып шықты» дейді.

Қасиетті Анадолы жерін құшағына бөлеген Наурыз мерекесі Түрк тілді мемлекеттерде әр 

шаңырақтың ырыс құт, қуанышына айналуда. Келген жаңа жылымыз Түрк тілді халықтарға береке 

орнатып, бірлігімізді одан әрі нығайтқай!




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет