6-апта өзіндік жұмыс тапсырмалары: «Қазіргі заманғы педагогикалық технология»


В. Беспалько «педагогикалық технология дегеніміз



бет4/4
Дата02.11.2022
өлшемі24,93 Kb.
#46978
1   2   3   4
Байланысты:
6 апта озиндик тапсырмалар

В. Беспалько «педагогикалық технология дегеніміз – тəжірибеде жүзеге асырылатын белгілі бір педагогикалық жүйенің жобасы, ал педагогикалық жағдайларға сай қолданылатын əдіс-тəсілдер – оның құрамды бөлігі ғана, оқыту үдерісін жүзеге асырудың мазмұндық техникада педагогикалық ұйымдастыру мен жүзеге асырудың жобасы (алгоритмі)», – деп түсіндіреді. Б. Т. Лихачев «педагогикалық технология – бұл оқытудың формасын, əдісін, тəсілін, тəрбиенің құралын жинақтауды анықтайтын психологиялық-педагогикалық құрылғылардың жинағы», – деген анықтама берсе, Г. К. Селевко «педагогикалық технология» түсінігін 3 аспект бойынша қарастырады: - ғылыми: педагогикалық технология – жобаланған педагогикалық үдерісті жəне оқытудың əдісі мен мазмұнын, мақсатын оқытатын, педагогикалық ғылымның бөлімі; - бейнелеулі іс-жүргізу: оқытудың жоспарланған нəтижесіне жету үшін əдістер мен құралдарды, мазмұны мен мақсатының жиынтығын бейнелейтін үдеріс; - нақтылы іс-жүргізу: технологиялық үдерістерді жүзеге асыру, педагогикалық, əдістемелік жəне тұлғалық құралдарды жинақтау. Сонымен қатар, Б. Т. Лихачев: «педагогикалық технология түпкілікті өзгермейтін механикалық құрылым емес, қайта бала мен мұғалімнің үнемі түрленіп отыратын өзара қарым-қатынасының өзегі, мазмұнды ұйымдастырушы құрылым дейді. Педагогикалық технологияның мəні – шығармашылық қабілеттің дамуы үшін қажетті жағдай туғызу». В. В. Воронов «педагогикалық технология – бұл тиімді оқыту жүйесін құрумен айналысатын жаңа бағыт», – деп есептейді. В. М. Шепель: «Технология – бұл өнер, шеберлік, ептілік, іскерлік, əдістердің жиынтығы, жағдайдың өзгеруі» – десе, М. Чошанов: «Технология – бұл дидактикалық жүйенің құрамды бөлігі» – деп анықтама береді. Педагогикалық технологияларға берілген басқа да анықтамалар бар, ол: оқыту үдерісін ұйымдастыру мен жүргізуді жобалау барысындағы бірлескен педагогикалық іс-əрекеттің моделі (Монахов В. М.), барлық сабақ беру үдерісін жасаудың, қолданудың жəне анықтаудың жүйелі əдісі, білімді меңгерудегі техникалық жəне олардың өзара əрекеттерін ескеру, мазмұнын қорытындылау (ЮНЕСКО). В. Н. Бордовская жəне А. А. Реанның көрсетуінше, педагогикалық технологиялар бұл білім беру үдерісіндегі ұстаздар мен оқушылардың жүйелілік іс-əрекеттеріне, мақсат-мазмұн əдістерді ұйымдастырудың белгілі бір нақтылы принциптері мен өзара байланыстылығына сай нақтылы идея негізінде жасалынады. Г. М. Құсайыновтың есебінше, педагогикалық технология əдеттегі түсініктерден басқа. Ол мұғалімнің жоспарланған оқыту мен тəрбиелеудегі мақсаттары мен нəтижелерге жетумен сабақ беру үдерісі емес, ол кəсіби ұстаздың басшылығымен оқушылардың өзінің жəне өзара оқыту үдерісі, ол білім берудің мазмұны мен оқу жоспарларының бағдарламаларында ескерілген іс-əрекеттердің сол түрлерін меңгеру жұмыстарының əрбір сатыларындағы болатын өзгерістер мен қайта құру болады. В. А. Сластенин бойынша педагогикалық технология деген: ол қатал ғылыми жоспарлау жəне дəлірек айтқанда, педагогикалық əрекеттің жетістігін қамтамасыз ететіндігін елестету. Педагогикалық технология теориялық педагогика мен практика аралығында орын алып отыр. (В. Богомолов, Т. Ильин, А. Космодемьянская, М. Кларин, Ф. Янушевич сияқты ғалымдар осылай түсіндіреді.) Педагогикалық технология деп мақсаттар қою, оқу жоспары мен оқу бағдарламасын үнемі жақсартып отырудың, педагогикалық жүйелерді бүтіндей бағалаудың жəне ол жүйелердің тиімділігі жөніндегі ақпарат туындауына байланысты жаңа мақсаттар қоюдың тұтас үдерісін айтамыз. Сонымен, педагогикалық технология – оқыту үдерісін түгелдей қолдану жəне бағалау, сол сияқты, білімді адамдар мен техника ресурстарын ескеру арқылы білімді игеру, білім берудің тиімді түріне жету үшін оларды жоспарлаудың жүйелі əдісі ретінде түсіндіріледі. Жоғарыда аталған авторлардың пікірі бір-бірінен онша алшақтамағанымен, олар педагогикалық технологияның əртүрлі белгілеріне назар аударуды ұсынады. Қазіргі кезде оқытуда дəстүрлі жəне дəстүрлі емес жаңа, дамыта оқыту əдістері пайдаланылуда. Дəстүрлі əдістің негізін сыныптың сабақ жүйесі ретінде Я. А. Коменский салса, педагогикалық жаңа əдістер 50-60-шы жылдарда пайда болып, осы заманға Л. С. Выготский, М. Н. Скаткин, Д. Б. Эльконин, В. В. Давыдов, Л. В. Занков тағы басқаларының идеяларыжалғасты. М. Н. Скаткин: «Бастауыш сыныпта оқушыларға өз беттерімен танымдық міндеттерді шештіруді, сабақ мазмұнында берілетін материалдарды проблемалық мəселе ретінде ұсынуды құптайды. Сабақта берілетін білім мазмұнын жан-жақты ашу үшін оқушыларға тек соңғы нəтиже ғана айтылып қоймай, оның қалай жүзеге асатын жолдары түсіндірілуі тиіс» – дейді. Ғалым дидактик В. В. Давыдов М. Н. Скаткиннің бастауыш сыныпта жаңа əдістердің енгізілуін мақұлдап, оқушылардың теориялық түсініктерін қалыптастыру мүмкіндігін, бала психикасын дамыта оқытудың тиімді шешімін табуды алға қояды. Осы тұжырымдарды мұғалімдердің озат тəжірибесімен ұштастыра отырып, қазіргі бастауыш сыныптарда білім мазмұны мен əдістерін жетілдіру мəселелері шешімін күтуде. В. В. Давыдовтың пікірі бойынша, бастауыш сынып оқушыларына танымдық міндеттерді шештірудің жолын іздестіру арқылы шығармашылық тəжірибені меңгертуге болады. Соның нəтижесінде білім, білік жəне дүниеге деген көзқарас, қатынас қалыптасады. Осы жағдайда бастауыш сыныпта тəрбиелеу мен оқыту баланың жеке дара ерекшеліктерін дамытады. Ғалымдардың пікірінше, бастауыш мектептің алдындағы шешімін күтіп тұрған басты мəселелер: оқушыларды дамыта оқыту, яғни оқушыны оқу əрекетіне қалыптастыру, олардың оқуға ынтасын ояту, қызығушылығын арттыру. В. В. Давыдов дамыта оқыту қағидасын бүтін жүйе ретінде қарастыруды ұсынады. Оқу қызметі оқу мақсаттары мен міндеттерінен, оқыту əдістерінен тұрады. Оқу əрекетіне оқу операциялары (ұғымдарды түсіндіру) оқуды игеру, бақылау, оқылатын материалдарды меңгеру дəрежесі, ал қабылдау əрекетіне дағдылар мен біліктер жатады. Оқыту технологиясын жетілдірудің психологиялық-педагогикалық бағыттарының негізгі ойтұжырымдары төмендегіше сипатталады: - есте сақтауға негізделген оқып-білім алудан, бұрынғы меңгергендерді пайдалана отырып, ақыл-ойды дамытатын оқуға көшу; - білімнің статистикалық үлгісінен ақыл-ой əрекетінің динамикасының құрылым жүйесіне көшу; - оқушыға орташа деңгейде білім беретін бағдарламадан жекелеп саралап оқыту бағдарламасына өту. Қазіргі кездегі Республика оқу орындары, педагогикалық ұжымдарыұсынылып отырған көпнұсқалыққа байланыстыөздерінің қалауына сəйкес кез келген үлгі бойынша қызмет етуіне мүмкіндік алды. Бұл бағытта білім берудің əр түрлі нұсқадағы мазмұны, құрылымы, ғылымға жəне тəжірибеге негізделген жаңа идеялар, қазіргі заманғы педагогикалық технологиялар бар. Сондықтан əртүрлі оқыту технологияларын оқу мазмұны мен оқушылардың жас жəне психологиялық ерекшеліктеріне орай таңдап, тəжірибеде сынап қараудыңмаңызызор. Қазіргі білімберу саласындағыоқытудың озық технологияларын меңгермейінше сауатты жан-жақты маман болу мүмкін емес. Қазіргі заманғы педагогикалық технологияны меңгеру мұғалімнің интеллектуалдық, кəсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық жəне басқа да көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі əсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу-тəрбие үдерісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет