Курстың объектісі – қазіргі заманғы педагогикалық технологиялардың мазмұны бастауыш сыныптар мұғалімінің 050102 – БОПƏ мамандығы бойынша Қазақстан Республикасы мемлекеттік стандарты талаптарына сəйкес жоғары кəсіби білімнің құрамдасы ретінде.
Курстың пəні– 050102 – БОПƏ мамандығы бойынша ҚР мемлекеттік стандарты талаптарына сəйкес болашақ бастауыш сыныптар мұғалімдерінің педагогикалық технологияларды қолдана алуға қажетті білім, білік жəне дағдыларын қалыптастыру барысы. Курстың мақсаты: болашақ бастауыш сынып мұғалімдеріне қазіргі заман педагогикалық технологиялары жөнінде білім беру.
Курстың міндеттері: • «педагогикалық технология», «оқу пəндерін оқыту технологиялары» ұғымдарына берілген анықтамаларға талдаужасау; • Бастауыш мектептегі пəндерді оқыту барысында қолдануға болатын педагогикалық технологияларға сипаттама жəне талдау жасау; Жоғары кəсіптік білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сəйкес студенттердің білім, білік жəне дағдыларына қойылатын талаптар:
курстың объектісі, пəні, міндеттері мен зерттеу əдістері жайлы түсініктері болуы тиіс; – математиканы оқыту барысында қолдануға болатын қазіргі заманғы педагогикалық технологиялардың түрлерін біліп, оларға сипаттама жасап, талдай алулары тиіс; – қазіргі заманғы инновациялық технологиялар мен идеялар жөнінде өзіндік бағыт-бағдары болуы тиіс; – белгілі бір педагогикалық технологиялар бойынша педагогикалық үдерісті таңдай жəне құра алулары тиіс.
«Технология» деген термин гректің түп тамыры techne – өнер, шеберлік, кəсіп жəне logos – ғылым, білім деген сөздерінен шыққан. Екі түп тамырының бірлігін шеберлік туралы ғылым немесе білімді беретін деген сөзді құрайды. Ол өндірістік үдерістерді жүргізудің тəсілдері мен құралдары туралы білімдер жиынтығы. Қазіргі уақытта «педагогикалық технология» ұғымы əр түрлі түсіндіріледі. Жаңа педагогикалық технология деген не? Ол үшін алдымен «техника», «технология» терминдерінің мағынасын түсініп, тереңінде не жатыр, соны ақылмен аңғаруымыз қажет. Ол үшін əлемдік педагогикалық тəжірибеде «технология» ұғымының тарихына көз жүгірткеніміз жөн. «Техника» терминінің екі мағынасы бар екені айқын: - біріншісі – өндіріс құралдарының жиынтығы; - екіншісі – бір істі орындағанда қолданылатын тəсілдер жинағы.