6 бжб пәні: қазақ тілі «Биотехнология және гендік инженерия келешегі. Синтаксис» бөлімі бойынша жиынтық бағалау



бет1/2
Дата01.03.2023
өлшемі23,48 Kb.
#70891
түріСабақ
  1   2
Байланысты:
6 бжб п ні аза тілі «Биотехнология ж не гендік инженерия келе


6 БЖБ Пәні: қазақ тілі

«Биотехнология және гендік инженерия келешегі. Синтаксис» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Оқу мақсаты:


9.2.4.1 әртүрлі стильдегі мәтіндердің тақырыбын, қызметін, құрылымын, тілдік ерекшелігін салыстыра талдау;
9.3.1.1 жинақталған материалдар негізінде көзделген мақсатқа сәйкес ауызша және жазбаша мәтіндер үшін күрделі жоспар құру;
9.4.4.3 сабақтас құрмалас сөйлемдердің мағыналық түрлерін ажырата білу, түрлендіріп қолдану.

Бағалау критерийі Білім алушы:

  • Мәтіндердің тақырыбын, қызметін, құрылымын, тілдік ерекшеліктерін салыстыра талдайды;

  • Мәтінге күрделі жоспар құрады;

  • Сабақтас құрмалас сөйлемдірдің мағыналық түрін ажыратады, түрлендіріп қолданады.

Ойлау дағдыларының деңгейі Қолдану, жинақтау
Жоғары деңгей дағдылары
Орындау уақыты 20 минут
1-тапсырма Мәтіндерді оқып, тақырыбын, қызметін, құрылымын, тілдік ерекшелігін салыстыра талдаңдар.

А мәтіні
Қытай ғалымдары адам мүшелерін өсіріп шығарудың жаңа технологиясын сынақтан өткізіп, есту мүшелері кем балаларға көмектесті.
Пациенттер – микротия ауруымен туған бес бала: олардың құлақ қалқаны дұрыс дамымаған немесе құлақ мүлдем жоқ. Әдетте мұндай жағдай құлақта жиі кездеседі. Ғалымдар пациенттердің сау құлағының пішінін негізге ала отырып, 3D принтерлі төсемеде басып шығарып, оған пациенттің жасушаларын сеуіп тастаған. Жасушалар үш ай ішінде өсіп шыққан соң, құлақ қалқанын балаларға отырғызады.
Операциядан кейін екі жыл өткенде бес пациенттің төртеуінің отырғызылған құлақтарында шеміршек пайда бола бастады, ал үшеуінің құлақ қалқаны сау пішінге айналды, екі баланың құлағы біршама қисық болып қалады, бірақ мүшені қабылдамау бірде-бір балада байқалмады.
Адам мүшелерін өсіріп шығарудың бұл тәсілі айтарлықтай қымбат болғанымен, ғалымдар одан әрі дамытуды және оны қолданудың жаңа амал-тәсілдерін іздестіруді жоспарлап отыр.
Ә мәтіні
Әдетте денесі қатты күйген адамның терісін қалпына келтіру ұзақ уақытқа созылады. Оның үстіне жарақатты таңатын медициналық жабдықтарды жиі ауыстыру керек. Жасанды тері арқылы осы қиындықтардан құтылуға болады. Ғалымдар ең әуелі жануарларға тәжірибе жүргізген. Жасанды тері жасау бойынша жүргізілген медициналық зерттеу жұмыстары оң нәтиже көрсетті. Алғашқы тәжірибені сәтті өткізген орталық мамандары енді клиникалық сынаққа дайындалып жатыр. Бұл жолы сынақ адамның өзіне жүргізілуі мүмкін. Ол үшін ерікті донордан немесе науқастың өзінен тері жасушалары алынады, сосын оны арнайы зертханада қажетінше үлкейтіп, күйік шалған немесе басқа жарақаттың үстіне жабыстырады. Бұл әуелі зақымданған терінің жылдам қалпына келуіне көмектеседі. Астыңғы жараның беті қатқаннан кейін он шақты күннің ішінде жасанды тері өздігінен түсіп қалады.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет