6-дәріс. Кіріспе және астық дақылдарының жалпы сипаттамасы Дәрістің мақсаты: Студенттерді астық дақылдарының жалпы сипаттамасымен таныстыру.
Өсімдік шаруашылығы: пән, міндеттері
Астық дақылдарының жалпы сипаттамасы.
Астықты артығымен өндіру – ауылшаруашылығын одан әрі дамытудың маңызды мәселесі.
Қазақстанның солтүстік өңірінің астық өндірудегі рөлі.
Астық дақылдарының морфологиялық және биологиялық ерекшеліктері.
Астық дақылдарының өсу және даму кезеңдері.
kazneb 1. Агрономия негіздері : оқулық / Әрінов Қайыржан, Нағымтаев Аманжол - Астана : Фолиант, 2007 . - 276 бет– (Кәсіптік білім. - 1000 дана . – 9965-35-147-3 : http://kazneb.kz/bookView/view/?brId=1570107&lang=ru
2. Агрономия негіздері / Жанзақов, М. М., Мырзабек, К. А. - Қызылорда : Тұмар, 2007 . - 494, [1] б., сурет. . Библиогр.: б. 481-483http: //kazneb.kz/bookView/view/?brId=1108812&lang=ru
3. Жалпы агрономия : ботаника, жер құйқасын тану және жер тыйландыру негіздерімен жоғарғы дәрежелі коммунистік ауыл шаруашылық мектептері үшін оқу құралы / - Қызыл-Орда : Қазақстан баспасы, 1936 . - 600 бетhttp://kazneb.kz/bookView/view/?brId=1524810&lang=ru
4. Агрономия негіздері оқулық / Әрінов Қайыржан, Нағымтаев Аманжол - Астана : Фолиант, 2007 . - 276 бет– (Кәсіптік білім http://kazneb.kz/bookView/view/?brId=1570107&simple=true&lang=ru
Электрондық ресурстар.
Дәріс желісі:1. Қазақстанның ауылшаруашылығы өндірісі негізінен екі саланы – өсімдік шаруашылығы мен мал шаруашылығын қамтиды. Нарықтық экономика заманында елімізді азық-түлікпен қамтамасыздандыру басты мәселе болғандықтан, аталған салалар ең алдымен Қазақстан халқы үшін экологиялық таза, сапалы мол өнім өндірудің ғылымға негізделген технологиясын игеруге және сол технологияны жүзеге асыратын білімді, білікті маман дайындауды жедел қолға алуы тиіс. Адамның бірқалыпты тіршілігі үшін көптеген заттар, оның ішінде ақуыз, май, көмірсулары аса қажет. Аталған заттардың 80-90 пайызын өсімдіктер қамтамасыздандырады.
Еліміздің 2030 жылға дейінгі дамуының стратегиялық бағдарламасында Қазақстан Республикасының Президентінің «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз» атты Жолдауында елдің өнеркәсіптік (индустриялық) дамуының стратегиялық жоспарында ауылшаруашылығында еңбек өнімділігін жоғарылату, етті мал шаруашылығын дамыту және халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз етудің тиімді жобалары арқылы халықтың әл-ауқатын нығайту міндеті қойылған.
Егін шаруашылығы саласында егіс алқаптарының теңгерілген құрылымына, ауыспалы егіске көшу және дара дақыл егісін қолданбау таңдалынады. Бұл ретте, салада ауылшаруашылық дақылдарының көлемін ауқымды химияландыру және қазіргі заманға сай ылғал қорын үнемдеу технологиясын енгізу есебінен, айналымға жаңа және қазіргі қолданылмайтын суармалы жерлерді пайдалану қарастырылған.
Минералды тыңайтқыштарды, өсімдіктерді химиялық қорғау құралдарын, ауылшаруашылық өнімдерін қайта өңдеу саласын шикізатпен қамтамасыздандыру, отандық ауылшаруашылық техникасының өндірісі көлемінің қосымша ұлғайтылуы, сондай-ақ су шығындарын азайту жоспарланған. Нәтижесінде егін шаруашылығының ширақ (динамикалық) дамуы іргелес секторлар мен салалалардың дамуына күшті ынтымақтастық (синергетикалық) әсер береді.
Өсімдік шаруашылығының негізгі құралы – қолдан өсірілген дақылдар. Бұлар фотосинтез үдерісінде әртүрлі өнім-астық, тамыр-түйнек жемістерін, жеміс, түрлі мал азықтарын қалыптастырады. Өсімдіктердің осы аса маңызды іс-әрекетінсіз ғаламшардағы тіршілік иелерінің үйреншікті тіршілігін (О2 қоса) көру мүмкін емес.
Қазақстанда өсімдік шаруашылығы басымдылыққа ие және ерекшеліктері бар: маусымдылық; жер көлемінің шектеулігі; өнім мөлшері мен сапасының топырақ-климат жағдайларына тәуелділігі; танаптық жұмыстардың (топырақ өңдеу, тыңайтқыш қолдану жүйесі, тұқымды дайындау, себу (отырғызу), егістікті күтіп-баптау, егінді жинау т.б.) дер кезінде және сапалы іске асырылуы тиіс.
Жекелеген дақылдардың технологиясы тұрақты және үлгілік түрде болуы мүмкін емес. Ол жаңа сұрыптар (дақылдар) мен тәсілдердің енгізілуіне, кешенді механикаландыруды қолдануға байланысты егістік құрылымының өзгерісіне ұшырап отырады. Ғылымның, техниканың және озық тәжірибенің жетістіктеріне сай дақылдың өсіру технологиясы өзгеріп отыруы тиіс.
Өсімдік шаруашылығымен айналысу барысында адам көптеген өзгермелі жағдайларға кезігеді. Өсімдіктерді қажетті тіршілік түрткіжайттарымен қамтамасыздандыру үшін белгілі бір деңгейде оның айналасын да өзгертуге тура келеді.
Түптеп келгенде ауылшаруашылығы дақылдарының өнімділігі агротехника деңгейіне байланысты.
Қазақстан аграрлы ел болғандықтан, өсімдік шаруашылығының дамуы ауыл тұрғындарының тұрмыс жағдайының жақсаруына және қосымша жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік беріп қана қоймайды, Қазақстанның азық-түлік қауіпсіздігін қалыптастырудың негізін қалайды.
Қазақстанда өсімдік шаруашылығын қажетті деңгейде дамыту танаптық дақылдарды өсіруде озық технологияны қолданғанда және мына шараларды жүзеге асырғанда ғана мүмкін:
Ауылшаруашылығы өндірісінің материалдық-техникалық базасын жаңарту.
Танаптық дақылдардың экологиялық бейімді, төтенше (экстремалды) жағдайларда өнімді жаңа сұрыптарын өндіріске енгізу.
Бағдарламаланған өнімге тыңайтқыш енгізу.
Себуге өнімділік әлеуеті жоғары тұқымдарды қолдану.
Өсімдіктерді жан-жақты қорғау.
Дақылдарды өсіру барысында технологиялық ретті (тәртіпті) қатаң сақтау.
Соңғы жылдары Қазақстанның өсімдік шаруашылығында өнімді, өндірістік тұрақтылық пен көлемнің арту үдерісі байқалуда.
Қазақстан 2011 жылы ең мол өнім жинады – танаптық салмақта 30 млн. т. жуық, тазаланғаннан кейінгісі – 27 млн. т.
Өсімдік шаруашылығының дамуының басты міндеті – озық технология негізінде:
ауылшаруашылық дақылдарының өнімділік және сапалық көрсеткіштеріне ауа райының әсерін кеміту;
өсірілетін дақылдардың өнімділігін жоғарылату, өнімді халықтың қажеттілігін қамтамасыздандыратын деңгейге дейін жеткізу;
табиғи және экономикалық түрткіжайттардың негізінде өндірілетін өнімдердің аймақтық бағытын күшейту;
тасымалдауға аса шыдамсыз өнімдерді қала маңына шоғырландыруды жүзеге асыру.
Ауылшаруашылығы алдында тұрған аса күрделі міндеттерді шешуде өсімдік шаруашылығы ғылыми пән ретінде үлкен маңызға ие.
Өсімдік шаруашылығы – мәдени дақылдар және оларды өсіру туралы ғылым. Ал өсімдік шаруашылығын өндірістік көзқараспен қарасақ, ол ауылшаруашылық дақылдарын өсіруді техникалық жағынан жетілдіру және тиімділігін арттыру әрі олардың жоғары сапалылығы туралы ілім.
Ғылыми өсімдік шаруашылығы өсімдіктің даму ерекшеліктерін, олардың өсу ортасына қоятын талаптарын зерттейтін, қазіргі кездегі биология ғылымының қағидаттарына негізделіп құрылады.
Кез келген ғылыми пән сияқты өсімдік шаруашылығының да зерттейтін нысандары (танаптық дақылдар), міндеттері және зерттеу әдістері бар.
Өсімдік шаруашылығының міндеттері: өнімнің қалыптасу заңдылықтарын зерттеу, танаптық дақылдардың өнімдерін арттыра өндіру шарасын, қорын (резервін) анықтау, еңбек пен қаражатты азырақ шығындап, сапасы жоғары өнімді алудың теориясы мен технологиясын дайындау.
Өсімдік шаруашылығының теориялық негізі болып, өсімдіктің даму ерекшеліктерін айқындайтын және өсімдіктің қоршаған орта түрткіжайттарына қоятын талаптары туралы толығырақ мәлімет беретін биология саласындағы кез келген дақылдың өсіру технологиясы, оның морфологиялық және биологиялық ерекшеліктеріне негізделінеді, сонымен қатар өсімдік тіршілігінің ұзақтығы, өсімдіктің күннің ұзақтығына реакциясы, тозаңдану түрі, өсу-даму кезеңінің ұзақтығы, гүлдеу кезеңінің ұзақтығы және т.б. ескеріледі.