жүргізілетіндіктен ол статистикалық деп аталады. Статистикалық болжамды тексеру барысында екі түрлі қате кетуі мүмкін:
Нольдік болжамды тексеруге қолданылатын К кездейсоқ шама
статистикалық критерий деп аталады. Болжамды тексеру үшін критерийге кіретін шамаларды таңдама бойынша есептейміз. Ол критерийдің бақыланған мәні деп аталады. Критерийдің таңдама бойынша есептелген мәні
бақыланған мән деп аталады және К
бақ деп белгіленеді.
Белгілі бір критерий таңдалған соң оның мүмкін мәндерінің жиыны екі беттеспейтін ішкі жиынға бөлінеді: оның біреуінде критерийдің нольдік
болжам қабылданбайтын мәндері, ал екіншісінде нольдік болжам қабылданатын мәндері жатады.
Критерийдің нольдік болжамды жоққа шығаратын мәндерінің жиыны
кризистік аймақ деп аталады. Критерийдің нольдік болжамды қабылдайтын мәндерінің жиыны
болжамды қабылдау аймағы деп аталады.
Статистикалық болжамды тексерудiң негiзгi принципi: егер критерийдiң бақыланған мәнi кризистiк аймақта жатса, онда болжам қабылданбайды; егер критерийдiң бақыланған мәнi болжамды
қабылдау аймағында жатса, онда болжам қабылданады.
Кризистiк аймақты болжамды қабылдау аймағынан бөлетiн нүкте кризистiк нүкте деп аталады және к
кр деп белгiленедi. Кризистiк аймақтар бiр жақты (оң немесе сол) және екi жақты болып екiге бөлiнедi. К> к
кр (к
кр>0) теңсiздiгiмен анықталатын аймақ оңжақты деп аталады. К< к
кр (к
кр<0) теңсiздiгiмен анықталатын аймақ солжақты деп аталады. К< к
1 және К> к
2 (к
2>к
1) теңсiздiктерiмен анықталатын аймақ екi жақты деп аталады.
Кризистiк аймақты табу үшiн өте аз ықтималдықты маңыздылық деңгейiн
қолданады. Оң жақты кризистiк аймақты табу үшiн кризистiк нүктенi табу
жеткiлiктi. Кризистiк нүктенi к
кр нольдiк болжам дұрыс болғанда К критерийдiң к
кр –ден үлкен болу ықтималдығы маңыздылық деңгейiне тең болатындай
Р(К> к
кр) = етiп iздейдi. Әр критерий үшiн осы талапты қанағаттандыратын нүктелердiң кестесi бар.
Кризистiк нүкте табылған соң таңдама бойынша критерийдiң бақыланған мәнiн iздейдi. Егер К
бақ> к
кр болса, онда нольдiк
болжамды жоққа шығарады; егер К
бақ< к
кр болса, онда нольдiк болжамды терiске шығаруға негiз жоқ. Сол жақты кризистiк аймақты табу үшiн нольдiк болжам ақиқат болса, онда
Р(К< к
кр) = талабы орындалатындай кризистiк нүктенi табады. Екi жақты кризистiк аймақты