6 дәріс Магниттік әдістермен кендердің байытымдылығын зерттеу Дәріс жоспары



бет2/4
Дата16.10.2023
өлшемі1,6 Mb.
#116065
1   2   3   4
2 Сулы магнитті сепарация
Сулы магнитті сепарация ірілігі 6 мм күшті және әлсізмагнитті рудаларды байытуға, сонымен қоса магнетитті және ферросилициялы ауыр суспензияларды регенерациялауға қолданылады. Жұқа өнімдердің құрамында магнитті минералдардың (кенде немесе байытатын өнімде) бар екенін тексеру үшін сулы сараптамаға түтікті магнитті анализатор қолданылады ( 6 сурет).
Бұл прибордың жұмсақ домалақ темірден жасалған магниттік скоба 5 станинаға (1) орнатылған. Скобаның катушкасы (4) тоқ түзеткіштен тұрақты 110 В тоқтан қоректенеді. Тоқты реостат арқылы түзейді. Скобаның магнитті полюстерінің арасына шыны түтік (2) орналастырады, ол сырғытпа (салазки) (3) горизонтқа 45º қондырылған.
Шаналар арнайы электродвигательден айналып келетін (кері қарай) қозғалысқа түседі. Сараптама үшін 0,5 мм-ге дейін ұнтақталған материал өлшендісін (1-5 гр.) алады және кішкене фарфор ыдыста сулайды. Шыны түтікті суға толтырады, электромагнитті қосып, тоқты амперметр арқылы реттейді және өлшендіні түтікке салады. Магнитті бөліктер құлағанда магнитті өріс әсерінен түтікшенің қабырғаларында полюс аралық кеңістікте аялдайды, ал магнитті емес бөліктер төмен түседі.
Барлық өлшенді тиелген кезде түтікшенің үстінен шайылатын ағын су құяды және сол уақытта шыны түтіктегі судың деңгейі тұрақты болатындай етіп астынан төмен түсетін түтікшені ашады. Түтікті айналиалы қозғалысқа келтіретін электроқозғалтқышты қосады.



6 сурет – Түтікті магнитті анализатор


Түтіктің тербелетін қозғалысында магнитті емес бөліктерден магнитті бөліктер шайылады. Шайылып болған соң түтіктің екі жағын жауып, тоқты өшіріп магнитті шлихты фарфор ыдысқа (6) жібереді, оны судан құрғатады да өлшейді. Магнитті бөліктің массасына қарай оның бастапқы үлгідегі пайыздық құрамын анықтайды.
Шыны түтікті (бюретканы) тігінен және қозғалмайтын штативке орнатады (7 сурет).



7 сурет – Сулы сепарацияға арналған электромагнитті скоба.


1 – қысқыш немесе кран; 2 – шыны түтік; 3 – катушка; 4 – жұмсақ жұмыр темірден жасалған скоба; 5 – резеңкелі қондырма; 6 – қысқыш.
Түтікте тербелу қозғалысы болмағандықтан магнитті емес қосылып кеткен бөлшектер болуы мүмкін, оны бөлу үшін, магнитті материалды магнитті фракцияға айналдыруды қайта өткізу керек. Әр түрлі магнитті өткізгіштігімен бір уақытта 1 емес, 2 магнитті минералдың (мысалы, магнетит пен ильменит) құрамын анықтауға болатын магнитті түтікті анализаторлар бар.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет