6 дәріс Магниттік әдістермен кендердің байытымдылығын зерттеу Дәріс жоспары



бет1/4
Дата16.10.2023
өлшемі1,6 Mb.
#116065
  1   2   3   4
Байланысты:
6 лекция каз


6 дәріс
Магниттік әдістермен кендердің байытымдылығын зерттеу

Дәріс жоспары:
1 Құрғақ магниттік сепарация.
2 Сулы магниттік сепарация.
3 Полиградиенттік сепараторлардағы магниттік фильтрация.

1 Құрғақ магниттік сепарация
Құрғақ магниттік сепарация әдісімен негізінен магнетиттік және титаномагнетиттік рудалар, сонымен бірге сирек металдардың рудалары байытылады. Бұл рудалар бөліктенген немесе дәнді және ірілігі 50 мкм-ден жоғары болу керек. Дәнді құрғақ материалдардың аз мөлшерінің өлшендісін бөлу үшін комбинирленген электромагниттік Окуневтің сепараторын қолдануға болады. Ол келесі бөліктерден тұрады (1 сурет): бір чемоданда ұстауға арнаған құрал: екі катушкалы электромагнитті қоздырғыш әрқайсында 50 В, 12 А; ауыстырылатын полюстер; жүйеге кернеу 100-127, 127-220 В қосу үшін трансформатор; реостат пен амперметр.
Окунев сепараторының панелінде электромагнитті бекітетін салазкалар, ток көзіне қосатын «клеммдер», катушкаларды қосатын және ауыстыратын батырмалар. Қалған бөліктері сепаратордың ішінде болады.



1 сурет – Операциялық үстелшесі бар электромагниттік сепаратор
Электромагнит кернеуі 220 В-тен аспайтын тұрақты және тұрақсыз тоқ жүйесінен алынуы мүмкін. Стационарлық тоқ көздері болмаса батареяларды қолдануға болады, олар 12-15 құрғақ элементтерден тұрады да, радио-лампаларды 150-300 А·сағ қыздырады, әрқайсысының кернеуі 1,45 В. Бұл батареялар электромагниттің жұмысын 250-300 сағатқа ұзартады. Немесе 12 В және 80 А екі аккумуляторды қолдануға болады. Қүшті магниттелген материалдардың үлкен салмақты сынамаларымен (70 кг/с дейін) тәжірибе жүргізу үшін зерханада барабанды Механобр сепараторын қолдану керек (2 сурет).

2 сурет – Күшті магнитті кендер үшін
электромагнитті Механобр барабанды сепараторы

Әлсіз магнитті кендер үшін 1 мм саңылауда магниттік өрісінің күш әсері 74∙104 А/м бар индукциялы –роликті Механобр сепараторын (3 сурет) немесе ленталы сепараторды қолданады. (4 сурет).





3 сурет – Диаметрі 10 мм, ені 80 мм электромагнитті индукциялы – роликті сепараторы
Соңғы кезде магнитті өрістің кернеуі (16-18)∙105 А/м сепараторлар жиі қолданылады. В.Е. Скродскидің және В.В. Крутидің бірігіп жасаған зертханалық ЭРСЛ-1 сепараторы, сепарация зонасында (16-18)∙105 А/м кернеуді алуға мүмкіндік береді.



4 сурет – Ленталы электромагнитті сепаратор
ЭРСЛ-1 сепараторының құрылыс схемасы 5 суретте көрсетілген. Бұл сепаратордын электромагнитті жұйесі тиімді пішіні О-тәрізді тұйық жүйеге жатады. Ол магниттік ярма 10, магниттелетін катушкадан 11, полюсті наконечниктерден 8 және 4, индукциялық 7 роликтен тұрады. Материал 5 қоректекке түседі, одан кейін жоғарғы ролик пен жоғарғы полюсті наконечниктің жұмыс саңылауына түседі. Магниттік бөлшектер роликтердің тістеріне жақындап, күшті магниттік өрісінен алынып (щеткамен 3) және желоб 2 арқылы машинадан шығарылады.

5 сурет – ЭРСЛ-1 сепаратор құрылысынын принципиалды схемасы


Трапецияның жоғары негізіндегі ролик тістерінің пішінімен полюсті наконечниктердің ролик осіне 30º ауытқу арқылы өрістің градиенті жоғарлайды. Магнитті емес ұсақ бөлшектерді магнитті фракциясына өтіп кетпеуін бөлгіш 9 қадағалайды.


Жоғары валкада бөлген кезде магнитті емес бөлшектер ортадан тартқыш күштер арқылы А зонада үзіледі да желобтың жүйелері арқылы төменгі роликке түседі де екінші магниттік фракция және магнитті емес өнім бөлінеді. Сепараторда герметизацияға керек әдістер пайдаланып шаңды соратын қондырғыны 6 қолданады. Номинальды түзетілген 25 А тоқ және номинальды түзетілген тоқ кернеуі 120 В бар ВС-3Б-3 түзеткіш арқылы сепараторға тұрақты тоқ беріледі.
Магнитті анализаторды қолдану, магнитті сепарация тәсілімен материалдың байытымдылығын зерттеуге мүмкіндік береді. Осы мақсатқа 138º СЭ, АЭС-1 анализаторлары қолданылады.
Қышқылданған темір рудаларды байытуға (гематитті) магниттік күйдіруді қолданады, ол гематитті магнетитке айналдырады. Күйдіруді 700ºС температурада табиғи газ тогында, келесі процесс негізінде көмірқышқыл тоғында суытып жүргізеді.
Кеннің өлшендісін электр пештің құбырының ортаңғы бөлігіне тиеледі және табиғи газ тогында 600ºС –қа дейін қыздырады. Қалыпқа келтіретін күйдірудің ұзақтығы 1 сағаттай болады. Содан кейін табиғи газ тогы тоқтатылады, пеш сөндіріледі және көмірқышқылмен үріледі. Өлшенді көмірқышқыл атмосферасында бөлме температурасына дейін пеште суытылады.
Өлшендіні ұстатады да, күйдірілген руданың байытылуын бағалау үшін магнитті анализатордан өткізеді.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет