6-дәріс. Тақырыптың аталуы. Нәрестелік кезеңдегі бала психикасына даму ерекшеліктері



бет2/3
Дата06.06.2023
өлшемі19,08 Kb.
#99102
1   2   3
2.Нәрестенің зейіннің дамуы. Бала туғаннан бастап бірден зейіні реакциядан көрінеді. Ол әсіресе бірден шыққан дыбысқа, тым ашық түстен қашады. 1 айлық балада «бұл не?» рефлексі пайда болады. Егер бұндай рефлекс жануарда болса, тек биологиялық функция түрінде болады. Бұл рефлекс балаға мәнді бөлуге, оны тануға, онымен қарым-қатынаста болуға мүмкіндік береді. Қарапайым зейінге бала өзінің анализаторларын тоқтатп қабылдай алады. Нәресте 2-3 аптадан кейін орташа дыбыс пен қатты дыбысты, қозғалысты байқайды. Нәресте туғанда әрине оған айтқанды түсінеді, тыңдайды. Нәресте бір айдың аяғында жай емес заттарға көңіл аударады. Нәресте 2-3 айдан кейін анасының белгілерін байқап онымен қатынаста бола бастайды. Зейіннің дамуы затты ұғып, түсінуге мүмкіндік береді. Нәрестеге 6 ай болғанда тітіркену «бұл не?» «онымен не істеуге болады?» ауысады.Енді бала тек затты емес, оның сынын, оның әсерін реттейді және ол бір уақытта кей затқа зейінін шоғырландырады. Мысалы, шарды қорапқа салады, бір шарды екінші шарға ауыстырады. Нәрестелік зейінге дамушы ерекшеліктерін көрсетеміз.
3.Нәресте есі. Нәрестенің танымдық дамуы оның психикаснда ес-зерденің аса қарапайым тетіктерінің қалыптасуынан кейін басталады. Алғашында тану пайда болады. Ерте нәрестелік кезеңде-ақ жаңа әсерлермен бұрыңғы бейнелерді байланыстыра бастайды. Егер балаға жаңа қуыршақ берсек, ол біраз уақыт бойы оны қарайды, ол келесі күні қуыршаұт тануы мүмкін. 3-4 айында ол үлкен адамның оған көрсеткен ойыншығын таниды. 4 айлық бала өзіне тансы затты таныс емес заттан ажырата алады.
Егер ашық түсті ойыншықты екі бірдей орамалдың бірінің астына тығып қойсақ, 8 айлық балалардың кейбіреулері ғана 1 секундтан кейін оның қайда жатқанын есіне түіре алады. 1 жаста барлық балалар 1-3 секундтан кейін таба алады. Олардың көбісі 7 секундтан кейін де ойыншықтың қай орамалдың астында жасырынғандығын есіне түсіре алады. Мұндай жағдайда 8 айдан кейін зердесінде қайта жаңғырту, образды қалпына келтіру бала алдында ұқсас объекті болмаса да қалыптасады.
Нәрестелік кезеңде таныдық үрдістермен қатар эмоцилық дамуды да бақылау қажет. Бұл жол баланың жақын үлкен адамдармен қарым-қатынас жасауымен байланысты дамиды.
Алғашқы 3-4 айда балаларда әр түрлі эмоциялық жағдайлар пайда болады: таң қалу, физикалық (дене) дискомфортын сезгенде алданушылық (қимылдың көбеюі, жүрек соғысының жиілеуі, көзінің жұмылуы, жылау), қажеттілігін қанағаттандыру кезіндегі еркінсу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет