Энтропияның қасиеттері а) Энтропияның өсу заңы:
Қайтымды және қайтымсыз процестерді қарастырамыз. Адиабаталық қайтымды процесс кезінде энтропияның өзгерісі =0 болатындығы белгілі, яғни Q=0 болады (себебі жүйе сырттан жылу алмайды және бермейді). Бұл дегеніміз S=const. Энтропияның өзгермейтіндігін анықтайды.
Егер процесс қайтымсыз болса қалай?
Қайтымсыз процестер үшін энтропияның әрқашан өсетіндігі тәжірибеден және теориядан белгілі. Қайтымсыз процестер үшін энтропияның кемуі мүмкін емес. Мысалы, жарты стакан ыстық суды және жарты стакан салқын суды араластырайық. Қоспаның температурасы біртіндеп теңеседі, себебі бұл қайтымсыз процесс, сондықтан энтропияның өсуі де қатар жүреді. Мұндағы T1 жәнеT2 температуралар ыстық және салқын суларға сәйкес болады.
Қоспаның температурасы Т0= болады. 1 – салқындау процесі кезіндегі энтропияның өзгерісі және 2 – қыздыру процесі кезіндегі энтропияның өзгерісі.
1= (6.24)
2= (6.25)
энтропияның жалпы түрдегі өзгерісі:
=1+2=Cvln (6.26)
немесе = Cvln (6.27)
Бұл өрнектің мәнінің нольден үлкен екендігін көрсетеміз. Ол үшін бұл өрнекті (6.27) былайша түрлендірейік:
==1+>1
Мұндағы өрнектің бірден үлкен болатындықтан оның логарифмі оң таңбалы болады және одан >0
екендігі көрінеді, демек энтропия өседі. Кез келген тұйық жүйеде жүретін процестер үшін энтропия өсіп отырады, сондай-ақ энергияның сақталу қасиеті орындалады. Бұл қасиет жүйе күйінің қайсысы бастапқы немесе қайсысы соңғы екендігін және процестің жүру бағытын, сонымен қатар жүруі мүмкін немесе мүмкін емес екендігін анықтайды.
Оқшауланған жүйенің энтропиясы өседі. Ал ол ең жоғарғы мәніне жеткенде тұрақты болып қалады. Бұл тұжырым энтропияның өсу заңы немесе термодинамиканың II заңы деп аталады.