6 дәріс Термодинамика негіздері



бет1/4
Дата25.10.2022
өлшемі112,01 Kb.
#45269
  1   2   3   4
Байланысты:
6 дәріс


6 дәріс
Термодинамика негіздері
Термодинамика макроскопиялық денелердің жылулық қасиеттерін зерттейді және табиғи құбылыстардың жылулық қасиеттерін олардың макроскопиялық табиғатына байланыстырылмай зерттейді. Бұл зерттеудің кинетикалық теориядан өзгешілігі осында.
Термодинамикалық жүйенің күйі қысым р, көлем V және T температуралармен сипатталады.
Кейде жүйе күйі бір ғана физикалық шама-энергиямен сипатталуы мүмкін. Сондықтан термодинамикалық энергияны, оның алмасуын және бір жүйеден екінші жүйеге берілу әдістерін зерттейтін физиканың бір бөлімі ретінде қарастыруға болады. Термодинамиканың жеке ғылым ретінде бекуі, оның бастамалар деп аталатын екі негізгі заңдары тағайындалғаннан кейін ғана іске асты. Термодинамика заңдары – тәжірибеде тағайындалған макроскопиялық шамалардың арақатынасынан басқа арақатыстарды қорыту үшін сонымен бірге молекулалар мен атомдардың табиғатын қарастырмай макроскопиялық шамалардың аралығы үшін қызмет етеді.


Термодинамиканың бірінші бастамасы
Мынадай тәжірибелік ақиқат бар: жүйеге берілген барлық жылу, оның ішкі энергиясын dU арттыруға және оның сыртқы күштерге қарсы істелген dA жұмысына кетеді.
Бұл термодинамиканың бірінші бастамасының анықтамасы болып табылады.
Термодинамиканың бірінші бастамасы, шексіз аз өзгеріс үшін математикалық түрде былай жазылады:
(6.1)
мұндағы: - жүйеге берілген жылу, U -ішкі энергияның өзгерісі, - жұмыс.
Термодинамиканың бірінші бастамасы дифференциалды түрде былай жазылады:
(6.2)
мұндағы dU - жүйенің ішкі энергиясының шексіз аз өзгерісі, -элементар жұмыс,
- шексіз аз жылу мөлшері. Мұнда dU - толық дифференциал болып табылады.


Термодинамиканың бірінші бастамасын изопроцестерге қолдану
1. Изохоралық процесс: V=const, демек dV=0 болады да, .
Олай болса, термодинамиканың бірінші бастамасының бұл процесс үшін жазылуы
(6.3)
яғни, жүйеге берілген барлық жылу түгелімен ішкі энергияның артуына кетеді.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет