Пәннің атауы: Тіршілік қауіпсіздігі
6 дәрістің тақырыбы: Төтенше жағдайлар кезінде халықты қорғаудың негізгі әдістері мен қағидалары Павлодар, 2023 г. Алигожина Диана Амангельдыевна Ст.преподаватель
Сабақтың жоспары
Халықты қорғаудың негізгі принциптері мен жолдары
Халықты орналастыру және эвакуациялау
Халықты қорғаныс құрылыстарына паналату
Жеке қорғаныс құралдары (газқағарлар, респираторлар, арнайы киімдер)
Халықты қорғаудың негізгі принциптері мен жолдары
Бейбіт өмірде және соғыс жағдайында болатын төтенше жағдайлар кезінде елді мекендерде, яғни қалаларда, ірі өндірістерде, кәсіпорындарда халықты қорғап, аман сақтап қалу, немесе адам шығынын барынша азайту төтенше жағдай комиссияларының, басқармаларының және азаматтық қорғаныс жүйелерінің негізгі міндеті.
Ол үшін бейбіт өмір кезінде қала халықтары, ірі өндіріс, кәсіпорын жұмысшылары арасында жүйелі жоспарланған арнайы шаралар жүргізілуі тиіс.
ТЖ жағдайында қорғаудың негізгі іс-шаралары: 1 ТОП – АЛДЫН АЛУ ІС-ШАРАЛАРЫ: - ТЖ алдын алу бойынша
- Халықты ТЖ-дан қорғауды жоспарлау
- Қорғау, алдын алу және залалсыздандыру құралдарының қорларын құру
- Халықты ТЖ-дан қорғау шараларына оқыту (даярлау)
-ТЖ салдарын жою үшін күштер мен құралдарды дайындау
2 ТОП - ҚОРҒАУ ІС-ШАРАЛАРЫ: - Жағдайды анықтау және бағалау
- ТЖ туындауы туралы халықты хабардар ету
- Жеке қорғану құралдарын пайдалану
- Медициналық-профилактикалық және емдеу-эвакуациялық іс-шаралар
- Халықтың радиациялық және химиялық қорғау режимдерін айқындау және сақтау
- ТЖ аймағында қоғамдық тәртіпті сақтауды ұйымдастыру
3 ТОП – АВАРИЯЛЫҚ-ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУ ЖҰМЫСТАРЫ (ІС-ШАРАЛАР): - Қирау және қауіптілігі жоғары ошақтарды оқшаулау
- Коммуналдық және өндірістік коммуникациялар мен желілеріндегі авариялар мен зақымдануларды жою
- Халықтың тіршілігін қамтамасыз ету үшін барынша қажетті жағдайлар жасау, аумақты санитариялық тазарту және залалсыздандыру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру