Бірақ, осының бәрін түсіну үшін біз тіршілікті басқа деңгейде және өте кіші масштабта қарастыруымыз қажет– ол масштаб жасуша.
Жасуша – құрылымдық көлемі бойынша ең кіші элемент, оған тіршіліктің барлық қасиеттері тән және қоршаған ортаның қолайлы жағдайларында сол қасиеттерін өзінде сақтап, бірқатар ұрпақтарына беріп отырады.
Сондықтан, жасуша тіршілікті толық сипаттайтын элемент. Ол табиғаттағы генетикалық, функционалдік, элементарлық құрылым бірлігі.
Бұл, тіршілік барысында барлық тірі ағзалардың құрылымының және дамуының негізін қалайтын жасуша екенін дәлелдейді.