Транскрипцияның эффектілігіне ЦААТ пен ГЦ-бокс сайттары әсер етеді (жылдамдығы мен процессивтілігіне); ТАТА-бокс РНҚ – полимеразмен сәйкес келетін сайтта транскрипциялық фактор (ТФ) деген ферменттің көмегімен байланысады.
Транскрипцияның эффектілігіне ЦААТ пен ГЦ-бокс сайттары әсер етеді (жылдамдығы мен процессивтілігіне); ТАТА-бокс РНҚ – полимеразмен сәйкес келетін сайтта транскрипциялық фактор (ТФ) деген ферменттің көмегімен байланысады.
Эукариоттар генінің құрылымдық немесе ақпаратты бөлігі ақуыздың құрылымын анықтайтын фрагменттерден (экзон) және ақпарат алынбайтын фрагменттен (интрон) тұрады.
Бактериялар мен вирустар гендерінің құрамында интрондар болмайды. Митохондрияның ДНҚ-да интрондар өте сирек кездеседі.
Эукариоттарда транскрипцияның бірінші реттік өнімінде немесе гетерогенді ядролық РНҚ-ның құрамында экзон да интрон да болады.
Интрондардың саны мен ұзындығы әр генде әртүрлі болып ауытқып отырады. Төменгі сатыдағы эукариоттарда (ашытқылар) барлық гендерінің 95% тек ғана экзондардан тұрады, интрондар тіпті жоқ деп айтуға болады. Дрозофиланың 17% гендерінде интрондар жоқ, сүтқоректілердің – тек ғана 6%. Экзондардың ұзындығы кішілеу болып келеді - 100 - 600 жұп нуклеотидтерден тұрады: интрондардың ұзындығы – бірнеше ондаған жұп нуклеотидтерден, мыңдаған жұп нуклеотидтерге жетеді. Соныменен 75% ДНҚ-ның ұзындығына интрондар орналасқан. Мысалы, тауықтың альбуминді анықтайтын генінде 7000 жұп нуклеотид бар, соның 1872 ж.н. (~ 27%) экзондарға жатады. Интрондар әдетте экзондардан жұп нуклеотидтер бойынша ажыратылады, олар 5‘-ұшындағы Г мен Т және 3‘-ұшындағы А мен Г.