6 емтихан билеті


Тіл байлығына қойылар талаптар



бет4/7
Дата21.12.2022
өлшемі41,57 Kb.
#58595
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
6 емтихан билеті

Тіл байлығына қойылар талаптар.

Адам қоғамының даму барысында пайда болып қалыптасқан өшпес дәулетінің бірі – оның тілі. Тіл – қоғамның өмір қажеттілігін өтейтін қоғам мүшелерінің өзара түсінісуінің, пікір алысуының, олардың барлық іс-әрекеттерінің құралы. Сонымен қатар, ол мәдениетке, әдебиетке, ғылымға, өнер-білімге және олардың дамуына, оқу-ағарту, тәлім-тәрбие, үгіт-насихат жұмыстарына қызмет етеді.


Ол құрал неғұрлым жақсы шыңдалған болса және тілді пайдаланушылар сол құралмен жақсы қаруланған болса, солғұрлым оның күші арта түседі. Халқымыздың саяси-әлеуметтік өмірі әр алуан, жан-жақты дамып ұлғайған кезде, қазақ әдеби тілін дамыта түсу, оның байлықтарына қанық болу керектігі күшейе түсіп отыр. Тілдің осы қасиетін жақсы түсінген А. М. Горький «Тіл туралы» деген мақаласында жұртшылықты тіл тазалығы үшін, мағына дәлдігі үшін, тіл өткірлігі үшін күреске шақырды. Онда бұл құрал неғұрлым өткір болса, ол солғұрлым нысанаға дәл тиіп, ол солғұрлым жеңімпаз құрал болатыны да айтылады [1, 170].
Осы талаптар тұрғысынан қазақ халқының жаңа өмір мүддесіне қызмет етіп отырған қазақ тілінің жеңімпаздық күшін әлі де арттыра түсу үшін оның байлығын молайту, мағына дәлдігін күшейту, мәдениетін жоғары сатыға көтеру мақсаты қойылып отыр. Сол мақсатқа лайық Қазақ ССР Ғылым академиясының Тіл білімі институтының «Тіл мәдениеті» бөлімі 1970 жылы «Тіл Мәдениеті және баспасөз» деген тақырыпта республикалық кеңес өткізді, бірнеше кітап, жинақтар шығарды, мерзімді баспасөзде тіл мәдениетіне арналған мақалалар жиі жарияланып тұратын болды. Жаңа ғылым саласына осылай бетбұрыс басталу кезінде «Правда»газеті «Сөйлеу және жазба тілдің мәдениетін көтеру совет тіл мамандарының аса маңызды міндетінің бірі» [2], — деп жазды.
Қазақ тілінің мамандары тіл мәдениетін жоғары талаптарға сай ету мақсатымен елеулі жұмыстар жүргізіп жатыр: сөздіктер, грамматикалар мен оқу құралдары және басқа кітаптар арқылы қазақ тілінің орфографиялық, орфоэпиялық, стилдік, грамматикалық, сөз қолданушылық нормаларына және басқа да мәселелеріне ерекше мән беріліп, ғылыми-зерттеу жұмыстары қолға алынды.
Халықтың, әсіресе оқушы жастардың, баспасөздің тіл мәдениетін арттыруға арналған ғылыми-зерттеу жұмыстарымен қатар соған бейімделген күнделікті практикалық жұмыстар кең өріс алуға тиіс. Тіл мәдениетін дамытуға қойылатын талаптарды жақсы білген адам соның заңдылықтарына зейін қойып үйренумен қатар, күнделікті тіл жұмсау тәжірибесінде соларға сүйену керек болады. Өйткені біздің заманымыз – прогресс заманы. Өнер-білімге қанық адамдардың екпінді еңбегі нәтижелі болу үшін тіл жұмсау дағдысы да соған сәйкес болу керек. Ол дағды әдеби тілде биік талғам нысанасымен танылады. Олар өзінен -өзі пайда бола бер- мейді, тіл жұмсаушы қауымның ұқыпты іс-әрекеті, саналы түрде әдеби тілдің байлықтарын игеруге бейімделген білімі болуға тиіс. Тіл мәдениетіне қанық болсам деген адам тек оны үйренуді, тілді білуді ғана мақсат етпей, өз өміріне өзі қожалық ететініндей, тілінің де дұрыс дамуына ықпал ете алады, оның қамқоршысы бола алады ғой. Оны да естен шығармау керек. Оны өміріміз, замана ағымы керек етеді. Өйткені жер шарын, аспан әлемін шарлап Айға, Шолпанға аттанған, табиғаттың терең сырларын ашқан заманда өз тілінің өзекті мәселелеріне тек құлшылық етіпотырмай, тіл мәдениетін саналы түрде жетілдіруге тиіс.
Тілді де «кезінде жеке адамдар түгелдей өз бақылауына алатын болады» [3,427], – деген К. Маркстің данышпандық сөзі осындайға айтылған болу керек.
Тілді өз бақылауына алатындар алдымен өзінің тіл мәдениеті жоғары болуды көздейді де, сонымен тілдің жұмсалу, даму заңдылықтарына қанық болуды тілейді. Бұл талаптар тіл білімінің теориясы мен тіл практикасын (тәжірибесін) ұштастыра білуді ке­рек етеді. Соңғының тірегі – тіл мәдениеті. Оны практикалық тұрғыдан қалай түсінуге болады?
Мәдениетті тіл деп халықтық, ұлттық дербестігін сақтаған, сөз байлығы мол, грамматикалық құрылысы, стильдік мүмкіншілігі, мағына дәлдігі, айқын ауызша әдеби тілдің жазбаша түрлерінің нормалары берік тілді айтамыз. Ондай нормалар сөз байлығы мен олардың мағыналарында грамматика мен оның құрылысында, стилистика мен стильдер тармақтарында, орфоэпия пен орфографияда және пунктуация мен әріптердің орналасу тәртібінде болады.
Осылардың бәрін және тіл байлықтарын жақсы біліп, әдеби тіл нормаларын сақтап сөйлейтін, сақтап жазатын олардан ауытқу болса, жөнімен не жөнсіз ауытқу екенін байымдай алатын кісіні ғана тіл мәдениеті жоғары адам деуге болады.
№ 8 емтихан билеті

  1. Көркем әдебиеттегі жинақтау мен даралау.

  2. Айшықтау (фигура) түрлері.



ЖИНАҚТАУ МЕН ДАРАЛАУ
«Образ- эстетикалық мәні бар, ойдан шығару арқылы әрі нақты, әрі жинақты жасалған адам өмірінің әсем суреті» Сонымен әдебиеттегі шындықты, яки адам образын жасауға қажет өмірлік материалды жинақтау тек типтендіру тәсілімен ғана жүзеге асады.Образ жинақтау және даралау арқылы жасалады.Көркем әдебиеттегі жинақтау-типке, ал даралау – мінезге әкеледі.Образ осылай туады.
Жинақтау дегеннің өзі- әдеби тип жасау әрекеті. Жинақтау үшін суреткерге, бірінші, талғампаздық керек.Әдебиеттегі адамның психологиясы мен іс-әрекетінің әр алуан бұралаң йірімдерін ғана емес, сол көркем бейнені жасауға керек өмірлік материалдың өзін жазушы сұрыптап, саралап пайдаланылады.
Сонымен әдебиеттегі шындықты, яки адам образын жасауға қажет өмірлік материалды жинақтау тек типтендіру тәсілімен ғана жүзеге асады.
Типтендіру суреткердің іс жүзінде өмір шындығын өз дүниетанымы тұрғысынан белгілі бір уақыт пен кеңістікке, әлеуметтік орта мен дәуірге сай талғап-тануы, таңдап іріктеуі мен жинақтауы,сол арқылы өзі жасап отырған көркем бейнені сомдауы,тұлғаландыруы,даралауы болып табылады. Нағыз суреткердің қолынан туған әрбір әдеби тип- әрі әбден жинақталған, сон-н өзі секілділердің бәріне ұқсайтын жалпы тұлға, әрі әбден дараланған,сонд-н ешкімге ұқсамайтын жалқы тұлға.
Типтік образ жасаудың осы шарттарының бәрі, түптеп келгенде, көркем әдебиетте ақиқат шындықтың ең негізгі заңдылықтарынын көрсету үшін керек.Мәселен, әдебиеттегі бір байдың, бір кедейдің образы бірнеше кедейдің ең елеулі ерекшеліктерінен құралады да, тип болады.
Тип шындықта жиі қайталанатындардың жиынтығы ғана емес, бүгін сирек, аз болғанмен, ертең молығатындар мен толығатындардың да бедерлі бейнелері деп білген жөн.
Шындық құбылыстарды типтендіре жинақтау арқылы суреткер болашақ образдың н/е типтің жалпы бітімін,тұлғасын қалыптастырумен қатар оның ішкі ерекшелігін ашып, мінезін даралайды.
Суреткердің өмір шындығын жинақтау әрекеті әрқашан оның адам мінезін даралау әрекетімен ұласып, ұштасып жату себебі де сондықтан деп білу керек.
Көркем әдебиетте даралау – мінезге әкеледі. Мінез- адамның ішкі болмысы, белгілі қоғамдық жағдай қалыптастырған қоғамдық құлқы, барлық психологиялық ерекшеліктерінің жиынтығы.
Әдеби типтің негізінде бүгінгі бар мен ертеңгі болатын мінездер ғана емес, ертеңі жоқ, бүгінгінің өзінде тарих сахнасынан ығысып шығып, не аласталып бара жатқан мінездер де алынуы мүмкін.Сондай-ақ адамның ішікі бітімі тек мінездеу н/е жанама мінездеу я болмаса күйініш-сүйініш суреттеу жолымен ғана жасалмайды, оның өзін сөйлету арқылы да мінез – құлқынан талай сыр түюге болады.
Мінездеу, жанама мінездеу, адамға тән күйініш,сүйініш сезімдерді суреттеу,адамның өз сөзін (монолог) н/е өзгемен сөйлесуін(диалог) келтіру- осылардың бәрі жеке-жеке тұрған,біріне-бірінің қатысы жоқ дара мақсатты нәрселер емес.Керісінше, бірін-бірі толықтырып, біріне-бірі жалғасып жатқан дүниелер.Мұндай бірліксіз бұлар адам мінезін де, тұлғасын да жасай алмаған болар еді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет