6 емтихан билеті



бет3/7
Дата21.12.2022
өлшемі41,57 Kb.
#58595
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
6 емтихан билеті

Повесть деген не? Әдебиет зерттеушілері бұл сөзді алдымен термин ретінде анықтамақ болып оның тамырын тереңге әкетеді.
Орта көлемді эпостың повестен басқа тағы бір түрі – поэма (грекше роіеmа – туынды) – өлеңді повесть, өмірде болған, не болуға тиіс күрделі құбылыстар мен келелі оқиғаларды, алуан-алуан адам тағдыры мен заман шындығын көлемді, желілі, эпикалық не лирикалық сипаттағы өлеңмен суреттеу. Поэмалар түрлі-түрлі: сюжетті поэмалар да, сюжетсіз поэмалар да болады. Поэмаларда жасалатын адам образдары да әр алуан: эпикалық образ да, лирикалық образ да, романтикалық образ да, реалистік образ да болады.
Проза – қазақ, әдебиетінде кешеңдеу туған, бірақ орасан шапшаң дамыған сала. Абай Құнанбаевтың ғақлиясы мен Ыбырай Алтынсариннің әңгімелері, Міржақып Дулатовтың «Бақытсыз Жамалы», Спандияр Көбеевтің «Қалың малы», Сұлтанмахмұт Торайғыровтың «Қамар сұлуы» жаңа туған жас жанрдың алғашқы тәжірибелері ғана болса, тарихи жағынан қысқа мерзім ішінде Бейімбет Майлиннің, Мұхтар Әуезовтің, Сәбит Мұқановтың, Ғабит Мүсіреповтің, Ғабиден Мұстафиннің, Әбдіжәміл Нұрпейісовтің күрделі де кесек шығармалары арқылы көп ұлтты үлкен кеңес әдебиетінің ең алдыңғы қатарына бір-ақ ырғып шықты. Бұл – қазіргі қазақ прозасын, оның ішінде роман жанрын сөз ете қалғанда атап айтар айрықша сипат.
№ 7 емтихан билеті

  1. Тақырып және идея.

  2. Тіл байлығына қойылар талаптар.

ТАҚЫРЫП ЖӘНЕ ИДЕЯ
Тақырып. Мейлі шағын, мейлі көлемді, ұзақ шығарма болсын, жазушы-ақындар өмір туралы, адам және олардың араларындағы қарымқатынастар туралы жұртшылыққа өздерінің ой-пікірлерін, көзқарастарын ұсынады.
Шығарманы жазбас бұрын қандай мәселені оқушының алдына тартпақшы, сол туралы аз ба, көп пе ойлайды. Сан алуан пікірлердің ішінен біреуін негізгі ойының қазығы етеді. Сол шығарманың тақырыбы саналады.
М.О.Әуезовтің атақты «Абай» романы төрт томдық, көлемді еңбек. Әйтсе де сол романның негізгі тақырыбы не деген сұраққа: «XIX ғасырдың екінші жартысындағы қазақтың әлеуметтік құрылысында ғасырлар бойы үстемдік алып келген рушыл-феодалдық таптың өкілдері мен жаңа заманның жаршысы, прогресшілдік бағытты қолдаушы демократтық топтардың күресі» дер едік. Әрине, әңгіме негізгі тақырып туралы. Мұндай желісі ұзаққа тартылған үлкен шығармаларда, қосымша тақырыптар да аз болмайды. Сүйіспеншілік, феодалдардың өзара тартысы, барымта-сырымта тәрізді тұрмыс-салт мәселесі, т.б. бар.
А.С.Серафимовичтің «Темір тасқынының» тақырыбы – 20-жылдың бас кезінде Кубаньда болған азамат соғысы. А.А.Фадеевтің «Тасталқан» атты романының тақырыбы – азамат соғысы кезінде Қиыр Шығыстағы айнала қоршаған интервенттердің қамауын бұзып шығу үшін күрескен қызыл партизан отрядының ерліктері деуге болар еді.
Шығарманың тақырыбын шығарманың идеясынан бөліп қарауға болмайды. Жазушының шығарманы не турада жазуын тақырыбы десек, шығармадағы суреттелген өмір құбылыстарына оның өз көзқарасы, қалай бағалаушылығы шығарманың идеясы болмақ.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет