6 Этнос және ұлт әлеуметтануы Мақсаты


Қоғамдағы ұлттық және этникалық қатынастар



бет2/3
Дата04.11.2022
өлшемі25,55 Kb.
#47456
1   2   3
Қоғамдағы ұлттық және этникалық қатынастар. Республикамызда әрбір адамзаттың қай ұлтқа, қай партияға және қай дінге жататынын өзі ұйғаруға және оны көрсетуге немесе көрсетпеуіне болады. Әркімнің ана тілі мен өзінің төл мәдениетін пайдалануға, қарым – қатынас тілін, тәрбиені, оқуды және шығармашылықты еркін таңдап алуға құқығы бар.
Қазақстанда қазір 130–ға жуық ұлттар мен ұлыстардың, этникалық топтардың өкілдері өмір сүріп жатыр.
Ұлт мәселесі және оның құрылымыБіздің көп ұлтты республикамыздың саяси өмірінде ұлтаралық қатынастың алатын орны зор. Қоғамда таптар, әлеуметтік топтармен қатар этникалық құрылымдар: ру, тайпа, халық, ұлт деген ұғымдар бар. Осы күнгі дүниеде 2 мыңнан астам ұлттар мен ұлыстар бар. Ұлтаралық қатынас күрделі әлеуметтік - саяси проблема. Осы тұрғыдан келгенде, ұлтаралық қатынаста саясат шешуші, негізгі, басты орын алады. Саясат тұрғыдан қарағанда ол проблемалар: ұлтаралық қатынас, ұлттық және интернационалдық мүдделердің арақатынасы, ұлттық мәдениет және ұлттық тілдердің ерікті түрде жүргізілуі және дамуы, басшылыққа ұлттық кадрлардың қатысуы. Осы саяси мәселелерді шешу үшін ұлттың тарихи дәстүрін, әлеуметтік көңіл күйін тағы көптеген факторлармен санасу керек. Ұлт мәселесі барлық уақытта нақтылы - тарихи мазмұнда болады.
Ұлт мәселесін шешудің принциптеріҰлт мәселесін шешудегі кейбір саяси принциптер. Ең алдымен ұлттардың өзін - өзі билеу құқығы. Ол мәселе қазіргі уақытта нақтылы, ашық, тікелей қойылуының нәтижесінде республикалар өздерінің егемендігін, тәуелсіздігін жариялады, соның нәтижесінде ТМД пайда болды.
Ендігі принцип тіліне, дініне, нәсіліне, ұлтына қарамай ұлттардың толық тең құқықтығын қамтамасыз ету. Ол мемлекеттік дәрежеде халықтың қолдауымен шешілуге тиісті. Содан кейінгі принцип интернационализм.
Үлкен орын алатын мәселе халықтардың ұлттық мемлекеттік құрылымы. Ұлт саясатындағы маңызды мәселе ұлтаралық дау, жанжалдарды шешуде алдын ала зерттеу, оны шешудің тиімді жолдары мен әдістерін іздестіріп табу, дұрыс жүргізу. Ұлтшылдықтың барлық көрінісіне қарсы аяусыз күрес жүргізу. Қазіргі кезеңде біздің елімізде ұлт мәселесі ең күрделі мәселе болып отыр.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет