6. Ғылыми ұжымның автономиясы жəне оның тоталитаризмде құлдырауы



Pdf көрінісі
бет1/2
Дата19.12.2023
өлшемі94,11 Kb.
#141072
  1   2


115
6. Ғылыми ұжымның автономиясы жəне оның тоталитаризмде құлдырауы
(«арийлық ғылым», «кеңес халық ғылымы», лысенковщина). Ғылым
этикасының негізгі идеясы Аристотельмен жарияланған - «Платон маған дос,
бірақ ақиқат маған қымбат». ХІХ ғ. басынан ғылыми іс-əрекет кəсіби түрде
болған. М. Вебер арнайы шығарма жазды «Наука как призвание и профессия».
Ғылымның этикалық нормалары негізінде жазылмаған (тек плагиат).
Ғылым этикасының кəсіби сипаттамасы ғылыми ұжымның автономиясымен
байланысты: ол өзі оны қолдайды жəне өз нормалары мен құңдылықтарын
қолданады, ол өзі іс-əрекетінің мазмұны мен мақсатын анықтайды. Басқа
жағынан, ол тар корпоративтік этика болмағансон демократиялық мінез-
құлықтың əмбебап нормаларын іске асырады.
Қазіргі (жаңаеуропалық) ғылыми этостың қалыптасуы:
1) объективтік білім амуақтың кеңеюі жəне алуы - əмбебап мақсат;
2) протестантизмнің діни-құндылық ұстанымдардың əсері (вебер-мертон
гипотезасы);
3) жаңа заманда дəлелденіп жайылған демократиялық мінез-құлықтың
зиялы нормасы, оның ішінде - толеранттылық нормасы;
4) əлеуметтік фактор: ХVІІ ғ. ғылымға адамдар қала буржуазия жіктен
шығады; ғылымдағы карьера ұзақ жолдан тұрған соң, утилитарлық емес,
жоғары интеллектуалдық құңдылықтар үстемді болған. сонымен қатар, «өз
атын» сақтау, ғылыми шындық деген сұрақтар жалпы қоғамға жайылып өз
орынын алды. ХХ ғ. жағдай өзгерді, себебі, ғылым «бай» болды.
Кең танылған ғылым этосының «классикалық» тұжырымдамасы Роберт
Мертондікі (1910-2004 жж.). 1942 ж. өзінің шығармасында ол былай деген:
«Ғылымның моральдық нормалары методологиялық тұрғыдан рационалды,
бірақ оларды процедуралық эффективтілігінен емес, əділетті жəне игілікті
болған соң. Ол нормалар біркелкі моральды жəне техникалық ережелер. Қазіргі
ғылымның этосының компоненті: универсализм, коллективизм (коммунизм),
бейтарап, ұйымдасқан скептицизм.
Осы нормалардың мазмұны:
Универсализм
(маңызды норма) - ақиқаты, ғылыми білімнің нақтылығы
оны ашқан ғалымның тұлғасынан тыс - ұлтынан, ғылыми иерархиядағы
жағдайынан, жасынан т.б. Ақиқаттың алдында бəрі тең - академик жəне
аспирант. Бəріне ортақ дəлелдеудің əмбебап белгілері, білімді бағалау
ережелері т. б. қолданылады. Универсализм императиві ғылыми білімнің
тұлғадан тыс сипаттаудан басталады. Жаңа білімге сенімдік тұлғадан тыс
белгілермен анықталады: бақылауға жəне əуелі дəлелденген білімге сəйкес.
Универсализм барлық ғылыммен айналысу жəне əр ұлттың жəне əр əлеуметтік
топтың өкілі ғылыми карьера жасауға тең құқығы барын жариялайды. Ол
ғылымның ұлтаралық жəне демократиялық сипатын негіздейді.
Коллектившілдік
. Бұл императив бойынша ғалым жедел түрде өз
еңбегінің нəтижесін ортақ пайдалануға береді, сөйтіп, тексеріс өткен соң, еркін
басқа ғалымдарға өз жаңалығын жариялайды. Ғылыми жаңалықтар əлеуметтік
қатынастың нəтижесі болған соң бүкіл ғылыми ұжымға жəне жалпы қоғамға
қатысты. Жалпы қоғамнан жетістігі болған соң «индивидуалдық» бөлігі


116
шектеледі. Жаңалық ашушы ғалымның сол жаңалықты тек сол қолдануда
ешқандай құқығы мен артықшылығы жоқ. Ғалымның интеллектуалдық
«меншікті» қолдану қажеттілігі сол жаңалықтың авторы ретінде қадірлеу жəне
құрметтеу. Ғылыми приоритетке осы жағдаймен жоғары назар аударылады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет