6-нұсқа Қазақстан тарихы қазақстандағы археологиялық қазба жұмыстары бастау алды



Дата21.09.2023
өлшемі21,24 Kb.
#109602
Байланысты:
6-нуска


6-нұсқа ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ
1.Қазақстандағы археологиялық қазба жұмыстары бастау алды:
А) В.В.Радловтың Алтайдағы мұздықтарға айналған қорғандарға қазба жұмыстарын жүргізумен
В) В.В.Бартольдтің Шу, Талас және Іле алқаптарындағы ескерткіштерді зерттеумен
С) К.Ақышев жетекшілігімен Іле археологиялық экспедициясы өз жұмысын бастаумен
D) Н.Н.Пантусовтың Жетісудағы үш қорғанға қазба жұмысын жүргізумен
Е) М.Қадырбаевтың ортағасырлық қалаларға қазба жұмыстарын жүргізумен
2. Кейбір ғалымдар оларды қыпшақтарға туыстас түркі тілдес халық деп есептейді:
А) оғыздарды
В) түргештерді
С) қимақтарды
D) қарлұқтарды
Е) ұйғырларды
3. «Сібір қырғыздары туралы жарғыны» енгізуге қарсы Орта жүз қазақтарының көтерілісін басқарды:
А) Кенесары хан
В) Жоламан батыр
С) Ғұбайдулла сұлтан
D) Арынғазы хан
Е) Саржан сұлтан
4. 1905 жылы Успен кенішінде өткен ереуілге басшылық еткен ұйым:
А) «Азат қырғыздар»
В) «Большевиктер одағы»
С) «Капиталға қарсы орыс-қырғыз одағы»
D) «Қызыл коммуналар»
Е) «Жас жұмысшылар одағы»
5. 1883 жылдан шыға бастаған бірінші түркітілдес газет атауы:
А) «Терджиман»
В) «Дала уәлаяты»
С) «Туркестанские ведомости»
D) «Туркестан уәлаяты»
Е) «Улфат»
6. Ташкент үшін Қазақ хандығы мен Бұқара әмірлігі арасында тартыс басталды:
А) ХІV ғасырда
В) ХVІІ ғасырда
С) ХV ғасырда
D) ХVІ ғасырда
Е) ХІІІ ғасырда
7. 1991 жылы желтоқсанда Алматы кездесуінде қолжеткізілген маңызды мәселелердің бірі:
A) Қарабах мәселесі
B) Әлемдік лаңкестікпен күрес
C) Ядролық қаруға байланысты
D) Мемлекеттік шекараны межелеу және анықтау
E) Өзара кеден одағын құру
8.Моңғол империясының ұлыстары тәуелсіздіктерін жариялады:
А) Алтын Ордадағы аласапыран кезінде
В) Қарақорым құрылтайында
С) Құбылай ханның астананы Қарақорымнан Ханбалыққа көшіргеннен кейін
D) Шағатай ұлысы ыдырағанда
Е) Талас құрылтайында
9. Өз тарихи отанында тұрып жатқан, алайда ол аумақ түрлі себептермен өзге ел құрамына еніп, сонда қалып қойған этникалық топ:
А) диаспора –
В) репатриант-
С) иммиграция-
D) ирредента
Е) депортация-
10. Қазақстан экономикасының маңызды объектілерін іске қосылу ретімен орналастырыңыз::
1) Теміртау металлургия комбинаты
2) Өскемен қорғасын-мырыш зауыты
3) Өзен мұнай кен орны
4) Түркістан -Сібір теміржолы
А) 4,2,1,3
B) 2,3,1,4
C) 1,4,3,2
D) 1,2,3,4
E) 3,4,2,1
Түркістан-Сібір темір жол магистралы салына бастаған жыл:
Пайдалануға берілді:
Өскемен қорғасын-мырыш комбичаты алғашқы өнімін берді:
Теміртаудың металлургия комбинаты жұмысшыларының бас көтерулері болып
өтті:
Жаңа өзен кен орны өзінің алғашқы мұнайын берді:
11. «...Қалмақтар Жайық өзеніне таяп қалғанда Орынбор губернаторы Неплюев Нұралы
ханға, қалмақтар сендерді, қазақтарды шатқалы келе жатыр деп хабар берді. Сондықтан да
ол үкіметтің атынан қалмақтарға қарсы соққы беруді ұсынды»
А) Қалмақтардың Қытай шебіне көшіп кету әрекеті
B) 1643 жылы Батыр қонтайшының қазақ жеріне басып кіруі
C) 1726 жылғы қазақтар мен қалмақтар арасындағы шайқас
D) 1723 жылғы Ақтабан шұбырынды шайқасы
E) Бұланты шайқасы қарсаңындағы оқиға
12. Тәуке хан билігінің соңына қарай Қазақ және Жоңғар хандықтарының арасындағы шекара болып белгіленген өзен:
А) Іле
В) Сырдария
С) Шу
D) Талас
Е) Балқаш
13. КСРО-да одақтас республикалардың құқықтарын кеңейту мәселелері қарастырылған жылдар:
А) 1940 жылдардың екінші жартысы
В) 1950 жылдардың ортасы
С) 1930 жылдардың соңы
D) 1930 жылдардың ортасы
Е) 1940 жылдардың басы
14. 1924 жылы республика мәдени өміріндегі жаңалық:
А) Алматыда алғашқы жоғарғы оқу орны ашылды
В) Ә.Қашаубаев Парижде өткен Дүниежүзілік көрмеде ән шырқады
С) «Сауатсыздық жойылсын» қоғамының қазақстандық бөлімшесі ашылды
D) Қазақтың алғашқы кәсіби театры ашылды
Е) Қазақ жазуын араб әрпінен латын әрпіне көшіру қаулысы шықты
15. 1996 жылдың 9 желтоқсанында еліміздің ең жоғарғы наградасы «Халық Қаһарманы» атағы берілді:
А) Қ.Қайсеновке
В) Р.Қошқарбаевқа
С) Қ.Рысқұлбековке
D) Х.Доспановаға
Е) Б.Момышұлына
Нұсқау: Контексті мұқият оқып, берілген тапсырмаларға дұрыс жауап беріңіз.
ХХ ҒАСЫРДЫҢ БАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ӨЛКЕСІНІҢ ЭКОНОМИКАСЫНЫҢ ДАМУЫ
ХХ ғасырда Қазақстан Ресей империясының құрамдас бөлігіне айналды. Өлке экономикасы жалпыресейлік шаруашылық жүйесіне тартылып, түбегейлі өзгерістерге ұшырады. Қазақстанның пайдалы қазбаларының бай кен орындарына отаршыл патшалық билік ие болды. Қазақстан аумағынан табиғи байлықтарды көптеп тасып әкету үшін барлық жағдай жасалды. ХІХ ғасырдың соңында-ақ орыс кәсіпкерлері Қазақстан жеріндегі тау-кен орындарын арзан бағамен сатып ала бастады. Бірақ, орыс кәсіпкерлерінің таукен ісін игеру тәжірибесі де, техникалық құралдары және өндірілген өнімді әлемдік нарыққа шығару мүмкіндіктері жеткіліксіз еді. Осыған орай, ХХ ғасырдың бас кезінде патша өкіметі шетелдік капиталды тарта бастады, шахталар мен кен орындарының басым бөлігі шетел кәсіпкерлерінің қолына өтті. ...Жезқазған мыс кеніштерін, Байқоңыр әк карьерлері мен темір кен орындарын «Атбасар мыс кен орындары» акционерлік қоғамы иеленді. 1904 жылы Риддер мен Зырян металл кен орындарын австриялықтар сатып алды. Мұнай өндіру шетелдік кәсіпкерлердің, ең алдымен ағылшындардың қолына өтті. 1911 жылы Доссор кәсіпшілігінде мұнай өндіру басталды. Шикізаттық ресурстарымыз сыртқа есепсіз тасылып, жергілікті халыққа ешқандай табыс әкелмеді. ...Бүкіл Ресей империясындағы жалғыз сантонин зауытының өнімі Англия, Америка, Германия, Үндістан, Жапония елдеріне шығарылды. Қабылдинов З.Е. т.б., Қазақстан тарихы. 11 сынып. 1 бөлім. – Алматы: Атамұра, 2020. – 60-62 бб
16. Мәнмәтінді пайдалана отырып, ХХ ғасырдың басындағы қазақ өлкесіндегі дамыған өндіріс саласын анықтаңыз
A) машина жасау
B) ауыр өнеркәсіп
C) тау-кен өнідірісі
D) жеңіл өнеркәсіп
E) ағаш өндірісі
17. Мәнмәтінді негізге алып Қазақстандағы химия өнеркәсібінің алғашқы кәсіпорнын анықтаңыз
A) Ембі мұнай базасы
B) Шымкент сантонин зауыты
C) Риддер қорғасын зауыты
D) Қарсақбай мыс кен орны
E) Ащысай полиметалл комбинаты
18. Мәнмәтін бойынша шетелдік кәсіпкерлердің қолына өткен шикізаттық ресурсты анықтаңыз
A) мұнай
B) фосфор
C) қорғасын
D) уран
E) хром
19. Мәнмәтін бойынша қазақ жеріндегі шахталар мен кен орындарының шетелдік кәсіпкерлердің қолына өту себебін анықтаңыз
A) Қазақстандағы акционерлік компаниялардың табыс көзін ұлғайтуды көздеуі
B) Жергілікті өнеркәсіп өнімдерін әлемдік нарыққа шығару мүмкіндігі болуы
C) Шетелдіктердің өлкедегі өнеркәсіп пен сауданың дамуына жағдай жасауы
D) Орыс кәсіпкерлерінің тау-кен ісін игеруде тәжірибесі мен техникалық құралардың жеткіліксіздігі
E) Өлке экономикасының жоғары дамуына патша өкіметінің мүдделі болуы
20. ХХ ғасырдың басында Ресей құрамында болған қазақ өлкесінің шаруашылық жүйесіндегі өзгерісті анықтаңыз
A) Өлкеде шағын кәсіпорындардың үлес салмағы артты
B) Қазақстан аграрлы индустриялы елге айналды
C) Қазақстан жоғары дамыған өнеркәсіптік базаға айналды
D) Қаржы-банк жүйесі қалыптасып, сауда дамыды
E) Өлке экономикасы шикізаттық бағытта дамыды

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет