Кеден төлемдерін салу және кеден төлемдерін қайтару тәртібі туралы Нұсқаулықты бекіту туралы
Күшін жойған Мемлекеттік кіріс министрлігі Кеден комитеті Төрағасының 2001 жылғы 9 ақпандағы N 45 бұйрығы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2001 жылғы 5 наурызда тіркелді. Тіркеу N 1416. Күші жойылды - ҚР Кедендік бақылау агенттігі төрағасының 2003 жылғы 11 маусымдағы N 288 бұйрығымен.
Мәтін
Ресми жарияланым
Ақпарат
Өзгерістер тарихы
Сілтемелер
Көшіру
Басқа
"Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы" Қазақстан Республикасының Заңын орындау мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1.Ұсынылып отырған кеден төлемдерін салу және кеден төлемдерін қайтару тәртібі туралы Нұсқаулық бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетіндегі Кеден комитетінің 1995 жылы 11 қыркүйекте шығарған N 106-Б "Кеден төлемдерін өндіріп алу туралы" Нұсқаулықты қолданысқа енгізу туралы" бұйрығы күшін жойды деп танылсын.
3. Құқықтық қамтамасыз ету басқармасы (Г. Мұхамедиева) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
4. Баспасөз қызметі (Г. Исахан) осы бұйрықтың бұқаралық ақпаратта жариялануын қамтамасыз етсін.
5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігінің Кеден комитеті Төрағасының орынбасары Д. Құнанбаевқа жүктелсін.
6. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде тіркелген күннен бастап күшіне енеді.
Төраға Келісілген
Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік кіріс министрлігі
2001 ж. "09" ақпан
Келісілген
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
2001 ж. "08" ақпан
Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік кіріс министрлігі
Кеден комитетінің
2001 жылғы 9 ақпандағы
N 45 бұйрығымен бекітілген
Кеден төлемдерін салу және кеден төлемдерін