Артикуляторлы–фонетикалық дислалия - мектеп жасына дейінгі балалардағы артикуляциялық позицияларды дұрыс игермеген кезде пайда болады. Сонымен бірге сәбилер айтылған дыбыстарды бұрмалай бастайды.Дыбыстарды тастап кетуі мүмкін.
Дислалияда тек ғана дауыссыз дыбыстардың айтылуы бұзылады.
Дыбыстардың бұзылуының 4 түрі кездеседі:
1.дыбысты мүлдем айтпауы;
2.дыбысты алмастырып айтуы;
3.дыбысты бұзып айтуы;
4.дыбысты шатастырып айтуы.
Дыбысты мүлдем айтпауы және дыбысты бұзып айтуы – бұзылыстың антропофониялық түрі, ал дыбысты бұзып айтуы мен шатастырып айтуы бұзылыстың фонологиялық түрі деп ажыратылады.
Дыбыстардың бұзылыстарын атау үшін халықаралық терминдер қолданады. Олар грек алфавитінің әріптерінен құралған.
Олар: 1.сигматизм – ызың, ысқырық дыбыстарының айтылуының бұзылуы (с-с′, з-з′, ц, ш, ч, щ,ж) – 22 %
2. ротоцизм бала қатты және жұмсақ «р» дыбысын дұрыс айтпайды(р-р′); – 26 %
3. ламбдацизм қатты және жұмсақ «л» дыбысының айтылуындағы мәселелер; (л-л′) – 10 %
4. Каппацизм қатты және жұмсақ «к» -мен проблемалар; (к-к′,г-г′,х-х′) – 1 %
5. йотоцизм «у» дыбысының дұрыс айтылмауы; – 1,5 %
6. ұяң дауыссыз дыбыстарының ауытқушылығы (ұяң дауыссыздар өздерінің қатаң дауыссыз сыңарларымен орын алмастырады б-п, д-т, в-ф, з-с, ж-ш, г-ғ, к-қ) Мұндай ауытқушылықтар құлағы нашар еститін, керең балаларда жиі кездеседі.
7.жіңішке дауыссыз дыбыстардың ауытқушылықтары. Сөйлеу тіліндегі жіңішке дауыссыздардың өздерінің қатаң дауыссыз сыңарларымен орын алмастыру ауытқушылықтары: д′-д, п′-п, к′-к, р′-р.
Дыбыс айтудың пайыздық көрсеткіштері ресейлік автор М. А. Александровскаяның деректері бойынша берілген, ал Л. Г. Парамонованың (1990) зерттеулері бойынша бұл көрсеткіштер әлде қайда жоғары: ротацизм 71,6%; ламбдацизм -54 %; ысқырық дыбыстардың айтылуының бұзылуы - 42 %; ызың дыбыстардың айтылуының бұзылуы -45,4%. Қазақ тілді қалыпты дамыған мектеп жасына дейінгі (5-6жас) балалардың дыбыс айтуын тексеру нәтижесінде келесі көрсеткіштерді атауға болады: ызың дыбыстардың айтылуының бұзылуы – 47,9% (5 жас), 45% (6жас); ысқырық дыбыстардың айтылуының бұзылуы - 38% (5 жас), 33,3% (6жас); Р дыбысының айтылуының бұзылуы – 30,5% (5 жас), 29,9 % (6жас) (Тулебиева Г.Н., 2010). Осы деректерден мектеп жасына дейінгі балалардың арасында дыбыстардың айтылуының бұзылуы әр түрлі жиілікте көрінетініні байқалады. Қорытынды: Сонымен, дыбыс айтудың бұзылуы сөйлеу тілінің бұзылуының ерекше түрі. Бұл бұзылыс функционалды және органикалық болады. К. П. Беккер және М. Совак дыбыстық, буындық және сөздік дислалияны ажыратады. Бірақ, Л. С. Волкова дислалияны түрлері бойынша емес, денгей бойынша бөлген жөн деп санайды. Өйткені, ауытқудың әр түрінде дағдылардың қалыптасуының денгейі жайында айтылады. Жоғарыда аталған дислалияның әр түрінде дағдыларының қалыптасуының әр түрлі денгейі байқалуы мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: |