6 осөж баяндама Тақырыбы: Дислалия тіл кемшілігінің теориясы Орындаған


Механикалық (органикалық) дислалия



бет6/6
Дата09.03.2022
өлшемі41,35 Kb.
#27362
1   2   3   4   5   6
Механикалық (органикалық) дислалия – сөйлеу тілінің перифериялық аппаратының (артикуляциялық мүшелерінің) анатомиялық ақаулары салдарынан дыбыс айтудың бұзылуы. Механикалық дислалияның себептері: 1) жақ-сүйек жүйесінің ақаулары, алдыңғы тістер арасындағы диастемалар; 2) күрек тістердің жоқ болуы немесе олардың ақаулары; 3) тістену ақаулары. Бұл дамуының ақаулары немесе әртүрлі жарақаттар, тіс аурулары немесе адамның жасына байланысты өзгерістерінің салдарынан жүре пайда болған ақаулары болуы мүмкін. Осы себептерден пайда болған дыбыс айтуының бұзылуы жиі кездеседі. Кейбір жағдайда қатты таңдайдың ақаулары (биік орналасуы) кездеседі. Бұндай жағдайда ызың, ысқырық, еріндік-тістік, тіс алды дыбыстарының бұзылыстары жиі кездеседі.

Бірақ, кез келген тіс ақаулары дыбыс айтуының бұзылуына әкелмейді. Кейбір кезде тістердің деформациясы кезінде дыбыс айтуы қалыпты болып қалады.

Тілдің патологиялық өзгерістерінің (өте үлкен, көлемді немесе кішкентей тіл, тіл асты желбезегінің қысқа болуы) салдарынан дыбыс айтуының бұзылуы таралуы бойынша екінші қатарда тұр. Бұндай ақаулықтарда ызың, ысқырық және вибрант дыбыстардың айтылуы бұзылады. Кейбір жағдайда сөздің жалпы анықтығы бұзылады.

Бірақ, лингвисттер (Р. О. Якобсон, М. В. Панов) және арнайы мамандардың (Г. Гутцман, Р. А. Юрова және б.) айтуы бойынша тілдің патологиялық кемістіктері айтуына барлық жағдайда әсер ете бермейді.

Тіл және тіс ақаулары бола тұра баланың дыбысты дұрыс айтуы компенсаторлы мүмкіндіктерді дәлелдейді.

Еріннің ақауларынан дыбыс айтуының бұзылуы сирек кездеседі. Өйткені туа біткен ерін жарықтары хирургиялық жолдармен ерте жаста емделеді. Сондықтан, логопед өз жұмысында жарақаттардан кейін болған деформация салдарымен кездеседі. Осындай жағдайда еріннің толық қабыстауынан еріндік дыбыстардың айтылуы бұзылады. Сонымен қатар еріндік-тістік дыбыстардың да айтылуы бұзылады.

Механикалық дислалия функционалды және фонематикалық дислалиямен қосарлануы мүмкін. Механикалық дислалияның барлық жағдайында хирург және ортодонт мамандарының кеңесі, ал кейбір жағдайда емдеуі қажет.

Функционалды дислалияның табиғи негізі болмайды. Мысалы, еліктеушілікпен дамыған дыбыстардың дұрыс айтылмауы. Себебі сөйлеу өзінің бастапқы даму кезінде еліктеу негізінде айтарлықтай дәрежеде қалыптасады, сонымен қатар оның бұзылу себебінің бірі ретінде баланы қоршаған адамдарда дыбысты айту кемшілігі бар болуы мүмкін


Пайдаланылған әдебиеттер:

1. "Логопедия" Қ.Қ.Өмірбекова,Г.С.Оразаева,Г.Н.Төлебиева,



Г.Б.Ибатова 2011

2. "Дамуында түрлі ауытқулары бар балалардың сөйлеу тілін дамуының ерекшеліктері" оқулығы, Ибатова Г.Б, Коржова Г.М 2014

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет