Құрылыс материалдары туралы жалпы мəлiметтер Құрылыста пайдаланылатын таужыныстарының барлық түрлерi құрылыстық таужыныстары деп аталады. Құрылыстық таужыныстарынан дайындалған өнiмдерге ұсақталған тас, қиыршық тас, құм, сазды топырақ, қабырғалық жəне қаптайтын тастар жатады. Құрылыстық таужыныстары мен жартасты минерал шикiзаттарды өндірудің өзіндік ерекшеліктерілері мен айырмашылықтары болады. Құрылыстық таужыныстарын өндiрудiң ерекшелiгi олардың бөлiктiгiн, беріктігін, сəндiлiгiн жəне т.с.с. табиғи қасиеттерiн сақтаудың қажеттiлiгiнен туады. Құрылыстық таужыныстары негiзiнен кенсіз арнайы карьерлерден өндіреді. Бірақ табиғи ресурстарды кешендi пайдалану үшін көмiр жəне кен карьерлерiндегi аршыма таужыныстарын құрылыс материалдары ретiнде өндіру мүмкіндігін де кеңінен пайдаланудың тиiмдi екендiгi айқын. Құрылыстық кірпіштерді шығару мақсатында əртүрлі жеңiл балқитын сазды балшық пен сазды топырақ өндіріледі. Республикамызда кірпіштік шикiзаттарды өндiретiн iрi карьерлердiң қатарына Ащыбұлақ, Боралдай, Шымкент, Михайлов, Көкшетау жəне Петропавл карьерлерi жатады. Құрылыста қолданылатын құмдар Семей, Илек, Сазды, Ақмола, Белая горка, Тасөткел, Новострой, Арыс, Жақсымай жəне т.б. карьерлерден өндіріледі. Қазақстанда құрылыстық тастардың жеткілікті мөлшерде барланған қорлары бар. Олардың қатарына Қайтал, Мұғалжар, Шетпе, Шалқия, Васильков, Шiдертi карьерлерiн жатқызуға болады. Құрылыста қаптама ретінде қолданылатын тастарды өндіретін Қордай, Майкөл жəне Қайрақты – гранит, Екпендi жəне Қаратау – мрамор, Сарыбұлақ туф, Кентау – доломит, Ақбастау-Қызылсай, Тесiктал – мрамор карьерлерi бар. Цемент жəне əк өндiруге қажеттi карбонаттық шикiзат – əктас Суықбұлақ, Астахов, Сазтөбе, Қазықұрт, Белая горка карьерлерiнде өндіріледі. Цемент-гипс өндiрiсiне қажеттi гипстiк тас өндіретін кəсіпорындар Ақтөбе, Жамбыл, Қарағанды, Атырау, Оңтұстiк Қазақстан облыстарында орналасқан. Көптеген карьерлердiң өндiрiстiк қуаты жергiлiктi құрылыстың қажетiн қамтамасыз етуiмен анықталады. Осыған орай құрылыстық таужыныстарын өндiретiн карьерлердiң өндiрiстiк қуаты өндiрiлетiн өнiмнiң түрі мен қолдану мақсатына жəне оларды өндіретін құрал жабдықтардың техникалық деңгейiне байланысты болады. Құрылыстық таужыныстарын өндіретін карьерлерде аршу коэффициентi көп төмен (0,3). Құрылыстық таужыныстарын өндiруге жұмсалатын қаражат басқа шикізаттарды өндіретін карьерлермен салыстырғанда аз. Ал тұтынушы үшін оның бағасы əжептəуір жоғары болады. Құрылыстық таужыныстарынан алынатын көлемі бойынша негiзгi өнiмдердің түріне 616 ұсақталған қиыршық тас жатады. Ұсақталған қиыршық тасты өндiру технологиясы сiлемнен таужыныстарын бұзып алу жəне оларды өлшемдері бойынша қажеттi деңгейге дейiн ұсақтау болып табылады. Ұсақталған тас бетон жасау үшін толтырғыш ретiнде қолданылады. Ұсақталған тастар 5-10, 10-20, 20-40 жəне 40-70 мм-лік фракцияларға бөлiнедi. Олардың құрамындағы шаң жəне сазды балшық бөлiктерiнiң көлемі 2-3%-тен аспауға тиісті. Берiктiгi бойынша ұсақталған қиыршықтастар жетi маркаға бөлiнедi: 1200, 1000, 800, 600, 400, 300, 200 (ұсақталған тастың берiктiгiнiң сандық мөлшерлерi цилиндрде қысқанда ұсақталуыбойынша анықталады). Мысалы, 1200 маркалыұсақталған қиыршық таста орнықсыз жəне желге мүжілген түйірлердің мөлшері массасы бойынша 5%-тен ал маркалары 1000, 800, 600, 400 ұсақталған тастарда – 10%-тен артық болмауға тиісті. Аязға шыдамдығы бойынша ұсақталған қиыршық тас тоңазу мен ерудiң 15, 25, 50, 100, 150, 200 жəне 300 рет төтеп беретіндігі бойынша бөлінеді (МРЗ-15, МРЗ-25 жəне т.с.с.). Ұсақталған қиыршық тастың маркасы олардың тоңазуға жəне еруге қаншалықты рет шыдайтынын көрсетедi. Құрылыстық таужыныстары карьерлерiнiң өндiрiс технологиясының құрамына мынадай процестер кіреді: тау-кен жыныстарын қазуға дайындау, қазу-тиеу жұмыстары, таужыныстары қоспасын тасымалдау, пайдалы қазындыны өңдеу жəне аршыма таужыныстарын үйінділеу. Кенсіз пайдалы қазынды болып табылатын тасты таужыныстарының 40%-ынан астамының бекемдігі орташа немесе берік болады.
Өнеркəсіпте, тұрғын үй жəне т.б. құрылыстарда пайдаланылатын табиғи құрылыс тастарының физикалық-техникалық қасиеттерi жоғары, төзiмдi жəне бедері сəндi болуға тиісті. Атқаратын қызметiне қарай олар қабырғалық жəне қаптайтын қаптама болып бөлiнедi. Қабырғалық тастарға қабырғаны жəне құрылыстың басқа бөлiктерiн тұрғызуға қолданылатын қабырғалық тастар жəне сiлемнен өндiрiлетiн қабырғалық блоктар, келешекте қаптайтын тастарға кесiлетiн жəне басқа да архитектуралық-құрылыстық заттар жатады.
Бекiтiлген стандартқа сəйкес қабырғалық тастардың мынадай маркалары өндiрiледi: 4, 7, 10, 15, 25, 35, 50, 75, 100, 125, 150, 200, 300 жəне 400 (тастың маркасы үлгiнi қысқандағы берiктiк шегiне сəйкес болады).
Даналап сатылатын тастың физикалық қасиеттерiнің ішінде беріктiгiнiң маңызы жоғары. Тастың жоғары беріктiгiнің арқасында оның ауа райы құбылыстарына төзiмдiлiгi жəне пайдалану мерзімі артады. Алайда олардың қаттылығы өңдеудi қиындатады жəне өнім шығаруға көп шығын жұмсалады.
Тастың технологиялық қасиеттерi, олардың бөлiктігімен, яғни тастың жарықшақталмаған бөлiктерiнiң мөлшерiмен анықталады. Жарықшақтардың орналасуы жəне олардың жиiлiгi негізінен монолиттік (біртұтастық) мөлшерiн анықтайды. Құрылыстық тастың желге мүжiлуге қарсы төзiмдiлiгi оның мəңгілігін сипаттайды. Мəңгiлiктіқ көрсеткіш бойынша табиғи тастар төрт топқа бөлiнедi. Бiрiншi топқа кварцит, гранит жатады, олардың бұзылу белгілері 500 жылдан соң, ал толық бұзылуы 1500 жылдан кейiн болады, екiншi топқа – лабрадориттер, үшіншi топқа – мрамор, төртiншi топқа – дөрекi қуысты əктас жəне гипстiк тас, олардың толық бұзылуы 50 жылдан кейiн байқалады.
Гранит блоктарын өндiру жұмыстарының құрамына мына операциялар енедi:
сiлемнен монолиттердi айырып алу, монолиттердi блоктарға бөлу, блоктарды алғашқы өңдеуге тасымалдау, блоктарды шала пісіру, блоктарды көлiк құралдарына тиеу. Монолиттердi сiлемнен айырып алу үшін жарылыс əдiсiн кенінен қолданады. Ол үшін табиғи жарықшақты ұлғайту жəне жасанды сынық жасау үшін бризанттылығы төмен жарылғыш заттар пайдаланылады. Жарылыс əдiсiмен өндiру кезiнде зарядтардың қажетті мөлшерін қатаң шектеу керек, ал қалған блоктарды жарылғыш заттардың ұсақтау əсерiнен қорғау үшін бос теспелер қатарын бұрғылау арқылы қол жеткізуге болады, себебі олар жарықшақтардың сілемде таралуын шектейдi.
Даналап сатылатын тас өндіретін карьерлер үшін негiзгi жарылғыш зат ретінде
түтiндi оқ-дəрi тектес жарылғыш заттарды пайдаланады.
Монолиттi блоктарға бөліп-жару операциясы алдын ала бұрғыланған теспелердi оқтап-аттыру арқылы немесе гидросыналармен бөлу арқылы жүргізіледі. Блоктарды өңдеу орнына қуатты тракторлармен болат арқандардың көмегiмен тартып апарады. Мраморлық блоктарды өндiру негiзiнен тас кесетiн машиналарды, болат арқанды араларды жəне олардың құрама əдiстері арқылы жүргізiледi. Мраморлық блоктарды аралап кесу жоғарыдан төмен қарай горизонтальды қабаттармен (кемерлермен) жүргізiледi.
Кемердің биiктiгi жəне тiлменің енi тас кесетiн машиналардың параметрлерiмен
шектеледі. Тау-кен жұмыстарын қарқындату жəне блоктарды өндiру көлемiн көбейту үшін бiркемерде тас кесетiн екi қосарланған машинаны орнатады: бiрiншiсi – көлденең арамен кесу үшін; екiншiсi – төменгi горизонтальдыжəне вертикальдыбойлыарамен кесу үшін. Көлiк кемерiнiң жұмыс алаңының енiнің ең аз мəні 15 м болады, онда таскесетiн машиналар, тиеу жəне көлiк құралдары орналасады, ал аралық горизонттардың енi 5-6 м. Болат арқанды араларды сiлемде қатты тау жыныстарының кiрiстiрмелерi болмаған кезде жəне жарықшақталмаған тау жыныстарын тілу үшін қолданады. Кесу ұзындығы 1500 м, екi немесе үш желiден тұратын, тарқатылмайтын болат арқанмен жүргізiледi
(10.4-сурет), оның астына түрпiлi пульпа үздiксiз берiледi. Болат арқанның жылжып жүруi жетектi станцияның шкивi арқылы қамтамасыз етіледі. Аралап көлденең кесу жартастың бөлуіну белгiсi бойынша өндiру жұмыстар жүйелерi екi топқа бөлiнедi.
Блокты – көлденең қамту ұзындығы машинаның конструкциясымен шектеледi,
ал бағаналы-көлденең қамту ұзындығы қатпардың төбесiмен жылжитын машинаның өлшемдерімен шектелмейдi, оның мəні тек қана карьер алаңының немесе учаскенiң енiне байланысты болады. Таскесетін машиналардың техникалық мүмкіндігі бойынша өндiру жұмысы жүйелерi аласа кемерлi (кемер биiктiгi 0,41 м 10.5 а, ə-сурет) жəне биiк кемерлi (кемер биiктiгi 3 м-ге дейiн 10.5 б, в, г, д, е, ж-сурет) болады. Тасты сiлемнен кесу операциялары үш жүйе бойынша жүргізiледi: көлденең, горизонтальды жəне вертикальды (желкелiк) жазықтықтарда аралап кесу. Көптеген машиналар екiншi жəне үшіншi операцияларды машинаның кемер бойымен жылжыған кезiнде бiр мезгiлде орындайды. Тасты кесу технологиясы негiздi үш операциядан тұрады (10.6-сурет).
I операция. Горизонталь түзу сызықтыкемер АВұзындығыL шетжақтарыфлангалық ор жолдармен жалғанған (А – кiретiн, В – шығатын), олар тас кесетiн машиналарды жаңа операцияларға көшіру үшін қызмет етедi. Машинаның кескiш органдары жұмыс шебiне көлденең аb, bc жəне т.с.с. блоктарды кеседi, олардың енi тастың бiр өлшемiне X тең болады. Көлденең қамту ұзындығы m тастың бiр көлденең бағыттағы у өлшемi еселi болуы қажет.
Машинаның жылжу бағыты мен тас кесетiн органының қозғалыс бағытының өзара перпендикуляр болуына байланысты осы операциялар қатар жүргізілген уақыттан басқа кезде олар бір-бірінен дербес болады.
II операция. Машинаның кескiш органдарымен кемердiң барлық ұзындығы бойынша горизонталь аралап кесудi жүргізедi. Операция үздiксiз.
III операция. Машинаның вертикаль кескiш органы блоктарды сiлемнен айырып алады (желкелiк аралап кесу).
Тас кесетiн кейбiр машиналар II жəне III операцияларды бiр мезгiлде орындайды.
Блоктарды тиеу жүк көтергiштiгi 3-16 т жебелi автомобиль крандарымен, сондай-ақ мұнаралы жəне кабельдi крандармен жүргізiледi (10.7-сурет).
Бiр өлшемді бекемдігі аз жəне орташа даналап сатылатын тастарды аласа кемерлi машиналардың артынан жинау үшін тас жинап-сорттайтын машина (10.8-сурет) құрастырылған. Жинаумашинасы 1 СМ-89А типті тас кесетін машинамен 2 бiрге жылжиды. Ол жылжығанда кесiлген тас сына 3 бойымен, бөлетiн қалқа 4 жəне шынжырлы конвейер 5 арқылы таспалы көлденең конвейерге 6 берiледi. Кесілген материалдар əрі қарай жылжығанда шынжырлы конвейерде 7 iрi кесектер мен ұсақталған тастар сортталады да, тұтастастар тез жылжитын шынжырмен 8 алынады да, 900 -қа бұрылып рельстің сыртына шығарылады, содан соң олар қолмен пакеттерге жиналып тасымалдануға даярланады. Даналап сатылатын тастың бетiн өңдеу технологиясы өндiру кезiнде алынған тастың сапасына байланысты болады. Көптеген карьерлерде тас өңдеу мекемесі осы карьердің құрамына кiредi, ал кейбiр жағдайларда арнайы тас өңдейтiн мекемелер жеке құрылады.
Өңдеу нəтижесiнде табиғи тасқа қажеттi пiшiн, өлшемжəне сыртқысəндiлiк берiледi.