6 сабақ:Қазақстандағы отаршылдық дәуірінің басталуы.Қазақстанда Ресейдің әкімшілік-саяси жүйесінің енгізілуі(xyiii ғасырдың бірінші ширегі-xx ғасырдың басы). Тақырып: 1916 ж көтірілістің басталу себептері,сипаты



Дата03.12.2023
өлшемі14,27 Kb.
#133682
түріСабақ
Байланысты:
6 семинар Қазақстан тарихы


6 сабақ:Қазақстандағы отаршылдық дәуірінің басталуы.Қазақстанда Ресейдің әкімшілік-саяси жүйесінің енгізілуі(XYIII ғасырдың бірінші ширегі-XX ғасырдың басы).
Тақырып:1916 ж көтірілістің басталу себептері,сипаты.


20 ғасырдың басында патшалық Ресейдің Орта Азияның шығыс аудандарымен Қазақстанды отарлау күшті қарқынмен жүргізілді.1907-1912 жылдары империяның Еуропалық бөліктерінен бұл жаққа 2 миллион 400 мың адам келіп қоныстанды.Әсіресе осы кезде Қазақстанды отарлау кең ауқымда жүргізілді.Қазақтардың жерлерінде патша өкіметі шаруаларды қоныстандыру үшін жер қорын жасап,1917 жылға дейін олардың 45 десятина жерлерін тартып алды.Сөйтіп жергілікті халықтар таулар мен шөл далаларға көшуге мәжбүр болды.Ол жақта олардың ішетін суы және мал жаятын жері жеткіліксіз болды.1914 жылы патшалық Ресей дүниежүзілік соғысқа қосылды.Бұл бірінші дүниежүзілік соғыс барлық халыққа әсіресе Қазақстанғада ауыр тиді.Соғыс қажетіне Қазақстаннан көп көмек болды.Көп жылқы,ауыл шаруашылық өнімдері жіберген болатын.Жергілікті халықтан алынатын салықта 3-4 есе көбейді және шаруалардың ірі қара малы мен мал азығын соғысқа алуда күшейді.Соғыс жылдарында да патша өкіметі қазақтардан жерді тартып алуды жалғастырды.Мысалы Бір ғана Жетісу бойынша 1914 жылы 2 миллион 703 мыңнан десятина жер тартып алынды.Көтерілістің басталу себептерінің бірі 2 ші Николай патшаның 1916 жылғы 25 маусымында шыққан жарлығы халық шыдамын тауысып,олардың орта ғасырлық қанауға қарсы көтерілуіне себеп болды.Жарлық бойынша майданға тыл жұмыстарына 400 мың адам жіберілу туралы еді. Ер азаматтар жасы 19 бен 43 жас аралығын қамтыды.Осы кезде қазақтардың туу туралы куәлігі жоғын пайдаланып оларды майданға жұмысқа алынатын қара тізімге қосты, ал феодалдар балаларының жасын өз беттерінше үлкейтін немесе кішірейтіп көрсетіп оларды барынша жібермеуге тырысты.Мысалы 60 жастағы кедей шалдарын 30 жаста қылып,25-30 жастағы бай балаларын 50-60 жастағы болып жазылды.1916 жылғы оқиғаның барысы көп жағдайда ұлттық зиялы қауым өкілдерінің көзқарасына байланысты болды.Қазақ қоғамында сауатты адамның орны ерекше болды.Қазақ газетіне бірінші болып Ахмет Байтұрсынов өз мақаласында жарлықтың мазмұны мен түпкі мақсатын түсіндіріп берді.Жарлық шыққан соң осы мәселе бойынша бүкіл қазақтық кеңес өткізілуін қолға алды.Зиялы қауым әрқашанда қарулы көтеріліске қарсы болды,күшпен шешуді тиімсіз жол деп есептеген болатын.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет