6. шығару және жұтылу спектрлерін монохроматор көмегімен зерттеу


Жұмыс тапсырмалары және эксперимент әдістемелері



Pdf көрінісі
бет3/4
Дата14.03.2023
өлшемі413,24 Kb.
#74413
1   2   3   4
Байланысты:
6-ші зертханалық жұмыс

6.4. Жұмыс тапсырмалары және эксперимент әдістемелері 
6.4.1. Қондырғымен, УМ-2 монохроматор құрылысымен және оның жұмыс істеу 
принципімен танысыңыздар. 
6.4.2. Монохроматордың дисперсиялық сипаттамасын (градуирлеу графигін) 
тұрғызыңыз. Эталондық сәуле шығарудың көзі ретінде өзіне тән спектрлік сызықтары бар 
(6.2-кeстені қараңыз) ДРШ-250 сынап лампасын алады. 
6.4.2.1. Cынап лампасын монохроматор орындығына оның сәулелер енетін 
саңылауының алдына орнатыңыз. Лампаны ток көзіне қосып конденсордың көмегімен 
лампаның жарығын монохроматор саңылауына фокустаңыз. 
6.4.2.2. Мoнохроматopдың жарық шығатын жеріне окуляры бар тубусты орнатыңыз. 
Окулярды реперлік көрсеткішке фокустаңыз. 
6.4.2.3. Сынаптың сәуле шығару спектрін фокустаңыз. 


6.4.2.4. Монохроматор барабанын айналдыра отырып, белгілі спектрлік сызықты ( λ
i
)
окулярдың реперлік көрсеткішіне дәл келтіріп, барабанның шкаласы бойынша N
i
есеп 
алыңыз. Осындай өлшеулерді сынапқа тән барлық сәуле шығару сызықтары үшін жүргізу 
керек. 
6.4.2.5. Алдыңғы өлшеулердің нәтижелерін N = f( λ ) графигі түрінде келтіріңіз. 
6.4.3. Сынап спектрлерінің ішінен жасыл спектрлік сызықты тауып алып, оның
орналасқан n
ж
жағдайын анықтаңыз. Одан соң 6.4.2.5.П тұрғызған графигіңіз бойынша 
жасыл сызықтың толқын ұзындығын λ
ж
анықтаңыз.
6.4.4. Спектрлердің көзге көріну алқабының шегін анықтаңыз. Осы мақсатпен
тұтас спектрдің оң және сол жақтағы шектеріне өлшеу жүргізіңіз (саңылаудың алдына
қыздыру лампасы қойылады). 6.4.2.5.П график бойынша сәулеленудің көріну шегінің 
толқын ұзындықтарын (λ
қ
және λ
к
) анықтаңыз.
6.4.5. Жұтылу спектрлерін сапа жағынан зерттеңіз. Ол үшін қыздыру лампасы 
беріп тұрған спектрдің жолына, яғни лампа мен прибордың аралығына жарықтың 
шыныдан жасалған жарық фильтрін немесе ерітінді құйылған кювета орналастырыңыз. 
Осыдан кейін жарықтың жұтылу алқабын анықтаңыз.
6.1-кесте
Сынап және неон спектріндегі кейбір сызықтардың толқын ұзындықтары.
Элемент 
Сызықтың орналасуы және түсі
Толқын 
ұзындығы, нм 
Неон 
Сынап 
Екі жақын орналасқан жасыл сызықтың біріншісі 
Жасыл, сол жақта ең шетте 
Жарқыраған сарының оң жағындағы бірінші ашықсары 
Сары, жарқыраған
Сары, жарқыраған сарыдан солға қарай бірінші
Қызғылт сары, жарқыраған сарыдан солға қарай екінші
Қызғылт сары, бесінші
Қызғылт сары, алтыншы
Қызғылт сары, сегізінші
Қызғылт сары, тоғызыншы
Ашық қызыл он төртінші
Қызыл, жарқыраған қызылдан солға қарай бірінші
Қызыл, төртінші
Қызыл, бесінші
Сары
Сары
Көк
Көгілдір-күлгін 
534.1 
540.1 
576.4 
585.2 
588.2 
594.5 
603.0 
607.4 
621.7 
626.6 
640.2 
659.9 
692.9 
703.2 
579.1 
576.9 
491.6 
435.8 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет