Схемадағы 1, 2, 3 детальдар монохроматордың оптикалық орындығындағы 11
рейтерлердің бағанасында орналасқан (6.2-суретті қараңыз).
6.1-суретте жарық сәулелері енетін саңылау арқылы коллиматор объективіне
түсетіндігі және параллель шоқ болып дисперсиялық призмадан өтетіндігі көрсетілген.
Монохроматордың сәулелер шығатын трубасы түсетін жарық шоғына 90°
бұрышпен
орналасады.
Призма орнатылған орындықшаны түсетін жарық шоғына қатысты әртүрлі бұрышқа
бұра отырып, шығыс (шығу) саңылауында ең аз бұрылу бұрышты призмадан өткен
әртүрлі толқын ұзыңдықтағы жарықты алады.
6.1-сурет. УМ-2 монохроматордың оптикалық схемасы
6.2-сурет. УМ-2 монохроматордың сыртқы түрі
УМ-2 монохроматордың сыртқы түрі 6.2-суретте келтірілген. Мұндағы прибордың
негізгі бөліктері: 1 - коллиматор, 2 - айналатын орындықшаға
орналастырылған призма
және 3-шығу трубасы. Коллиматордың кіре берісінде ашылу ені 0 - 4мм болатын
стандартты симметриялы саңылау болады. Саңылаудың ені бөлігінің құны 0,01 мм-ге тең
барабан 6 арқылы реттелінеді. Кіру саңылауы коллиматор объективінің фокаль
жазықтығында орналасқан. Әрбір толқын ұзындығы үшін
объективтің фокустык
арақашықтығы өзгеретін болғандықтан маховичокты 8 айналдыру арқылы объективтің
фокусталу мүмкіншілігі қарастырылған. Коллиматордың трубасында,
саңылау мен
объективтің аралығында саңылау орналасқан; оның көмегімен приборға енетін жарықтың
жолын жауып тастауға болады. Рукояткамен 7 затвордың қозғалысын басқаруға болады.
Мұндай жүйе, жоғарыда айтылғандай, толқын ұзындығы әртүрлі жарықтың өте аз бұрылу
бұрышты призманың дисперсиялайтын бөліктері арқылы өтуін қамтамасыз етеді.
Сонымен қатар коллиматорлық оптикалық ось пен көру трубасы фотокамера оптикалық
осінің аралығындағы 90°-тық бұрыштың тұрақтылығы сақталады. Призма орындықшасы
айналатын құрылыспен жабдықталған. Микрометрлік винттің 9
венчигін айналдырғанда
призмаға түсетін параллель шоқтың түсу бүрышы өзгереді; демек, сәуле шығарудың
толқын ұзындығы өзгереді. Мұны прибордан шығардағы есептейтін (реперлік)
көрсеткіштен байқауға болады. Есептеу спиральдық
канавка бойымен жылжитын, 10
индекске қарсы, барабанның шкаласы бойынша жүргізіледі.
Приборды градуирлегенде, оның жарық шығатын трубасына, фокаль жазықтығында
көрсеткіш
орналасқан
окуляры
5
бар
тығын
орнатылады.
Көрсеткіштің
жарықтандырғышы бар; оның түсін әртүрлі жарық фильтрлері болатын револьвер типті
тетікті 4 бұрумен өзгертуге болады.
Монохроматормен жұмыс кезінде жарық көзі ретінде тұтас спектр беретін 12
В, 30
Вт жинақтаушы лампа 12 қолданылады (6.3 – сурет). Қондырғыны бөліктеу үшін 13 йод
қаптамалы сынап лампа орналасқан. Бұл лампа – қуатты жарық көзі болып табылады. Бұл
лампамен жұмыс жасағанда лампадағы қысым 30
атм-ға дейін артады,
сол себепті
онымен жұмыс жасағанда барынша абай болған жөн. Ең негізгі жолақтарды беретін
жарық көзі ретінде неон лампасы 14 алынады. Ол зертханалық жұмыстың ең көп бөлігін
қамтиды. Әртүрлі түсті жарық көздерін бақылау үшін әр түсті сізгі 15 қолданылады.
6.3 – сурет. Жарық көздері және басқару пульті.
Лампалардың қалыпты жұмыс жасауын 16 басқару пульті қамтамасыз етеді. Осы
басқару пультінен лампаларға 12
В және құрал шкаласын жарықтандыру лампасына 3,5
В
кернеу беріледі.
Пульттің алдыңғы панелінде желі мен жинақтаушы лампаларды өшіріп-қосқыш, сол
сияқты сынап лампасын қосып-өшіргіш батырма бар.
Достарыңызбен бөлісу: